Қорғаушымен қамтамасыз ету туралы №6кг/12-25 ҚАУЛЫ
2025 жылғы 20 маусым Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Ғ.Исамберлиева, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының кассациялық наразылығымен келіп түскен Кенжебай Тулкибаевич Тулкибаевқа қатысты әкімшілік іс материалдарымен танысып,
АНЫҚТАДЫ:
Атырау облысы Мақат аудандық сотының 2025 жылғы 13 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабының 3-бөлігімен К.Т.Тулкибаевты әкімшілік жауаптылыққа тарту мерзімнің өтуіне байланысты іс бойынша іс жүргізуі тоқтатылған.
Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 18 ақпандағы қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.
Аталған әкімшілік іс Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында 2025 жылғы 23 маусымда сағат 15:00-ге қаралуға тағайындалған.
Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының кассациялық наразылығында К.Т.Тулкибаевтың жағдайын нашарлату жөнінде мәселе қойылғандықтан, ӘҚБтК-нің 748-749 және 750-баптарына сай, оның мүддесін қорғау үшін кассациялық сатыдағы сот отырысына қорғаушының қатысуы міндетті. К.Т.Тулкибаевтың мүддесін қорғау үшін кассациялық сатыдағы сот отырысына қорғаушы тағайындауды Астана қаласы Есіл аудандық адвокаттар алқасына жүктеу қажет.
ӘҚБтК-нің 748-749 және 750-баптарына басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында Кенжебай Тулкибаевич Тулкибаевтың мүддесін қорғау Астана қаласы Есіл аудандық адвокаттар алқасына жүктелсін.
Судья Г.Исамберлиева Көшірмесі дұрыс: Судья Г.Исамберлиева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.