ВС РК - Постановление от 22.07.2024 по делу 6001-24-00-3Г/3580 (Гражданское)

6001-24-00-3Г/3580

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 22 шілде Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,

талап қоюшы «Атырау облысы Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Басқарма, Тапсырыс беруші) жауапкер «ОС[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі-Серіктестік, Өнім беруші):

-мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешіміне, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 қаңтардағы қаулысына Серіктестіктің өкілі - Ю[...] келтірген өтінішхатын істі сұраты арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Басқарма жоғарыда көрсеткен талап қоюмен Серіктестікке сотқа жүгінген. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған. Серiктестiк мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушы деп танылған.Сот шығыстары өндірілген.

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Серіктестіктің өкілі - Ю[...] өтінішхатта істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актілерінің күшін жойып, істі аппеляциялық сатыдығы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Алайда іс бойынша жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Іс материалдарына қарағанда Басқарма мен Серіктестіктің арасында мемлекеттік сатып алу туралы 2021 жылғы 26 наурыздағы №40 шарт жасалған (бұдан әрі - Шарт).

Шарт бойынша Серіктестік Басқармаға «Атырау облысы, [...] орындық мектеп құрылысын құрылыс-монтаждау

жұмыстарын бастау» туралы хабарлама алған күннен бастап 13 ай ішінде орындауға міндеттенген.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарлама 2022 жылғы 25 ақпанда алынған. Шарт бойынша міндеттемені орындау мерзімі 2023 жылғы 25 наурызға дейін белгіленген.

2022 жылғы 21 желтоқсанда тараптар арасында №5 қосымша шарт жасақталып, міндеттемені орындау мерзімі 2023 жылғы 25 тамызға дейін ұзартылған.

Талап қоюшы С[...] бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағанын көрсетіп, жауапкерді мемлекеттік сатып алудын жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандыруын Серіктестік Шарттың талаптарына сәйкес міндеттерін тиісінше және мерзімінде орындамағанымен тұжырымдаған.

Алайда соттардың мұндай тұжырымдарымен келісуге болдаймы.

«Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 5 тармағымен түсіндірілгендей - АПК-нің 224-бабына сәйкес сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

Шешiм iс жүргiзу құқығының нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе ұқсас қатынасты реттейтiн заңның қажеттi негiздерiн қолданғанда не азаматтық заңнаманың жалпы бастауларынан және мәнiнен, адалдық, парасаттылық пен әдiлдiк (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң (бұдан әрі – АК) 5-бабы және АПК-нің 6-бабы) талаптарынан туындағанда, заңды болып табылады.

Iс үшiн маңызы бар фактiлер, заң талаптарына сай сот отырысында өндiрiлген осы фактiге қатысты жол берiлген және шынайы дұрыс дәлелдермен құпталса немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мән-жайларға сәйкес келсе немесе iс бойынша жинақталған дәлелдемелер дауды шешу үшiн жеткiлiктi болса, ондай шешiм негiздi болып саналады.

АПК-нің 412-бабына сәйкес апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты бойынша апелляциялық сатыдағы сот істе бар және осы Кодекстің 413-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес ұсынылған материалдар бойынша істің нақты мән-жайларының анықталуының, материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын, сондай-ақ істі қарау мен шешу кезінде азаматтық процестік заң нормаларының сақталуын тексереді.

АПК-нің 413-бабының 1,2-бөліктерінде көрсетілгендей сот істi апелляциялық тәртiппен қарау кезiнде бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң заңдылығы мен негiздiлiгiн толық көлемде тексередi. Апелляциялық сатыдағы сот істе бар, сондай-ақ, осы Кодекстің 404бабының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған дәлелдемелерге мәлімделген талап қою шегінде баға береді.

Аталған азаматтық процестік нормалары жергілікті соттармен

сақталмаған. Соттардың талап қоюдың негізділігі туралы тұжырымдары материалдық және процестік құқығының нормаларын дұрыс қолданбауымен негізделген және іс бойынша анықталған мән жайларға сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 12-бабы 4-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімі өздерімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісті түрде орындамаған өнім берушілердің тізбесін білдіреді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы, тапсырыс беруші не уәкілетті орган әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы өздеріне мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, мұндай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге міндетті.

«Соттардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысының 3 тармағымен түсіндірілгендей әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары және (немесе) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін құжаттар бойынша анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған органдар, тапсырыс беруші Заңның 12-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда, әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен Заңда белгіленген мерзімдерде сотқа жүгінуге міндетті. Бұл мерзімдер түпкілікті болып табылады, осы мерзімдердің өтуі әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Іс материалдарындағы талап қоюшы жауапкерге жолдаған 2023 жылғы 15 тамыздағы шығыс №06-01-09-08-7/736 хатымен Серіктестікті Шарт бойынша өз міндеттерелерін тиесілі орындамауын, өндіріс жұмыс кестесінен қалғанын корсетіп, қолданыстағы заңнамаларға және шарттық міндеттемелерге сәйкес мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінетіндігін хабарлаған.

Осыған байланысты Тапсырыс беруші Өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы 2023 жылғы 14 қыркүйекке дейін сотқа тиісті талап қоюмен жүгінуге міндетті болған.

Алайда Басқарма заңнамасын бұзу фактісі туралы мәлім болған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін - 2023 жылғы 20 қыркүйекте аталған талаппен сотқа жүгінген.

Осылайша Басқарма заңмен белгіленген түпкілікті мерзімді өткiзiп алып, Өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабымен сотқа жүгінген. Яғни келтірген мән-жай Мекеменің талап қоюын қанағаттандыруссыз қалдыруға құқықтық негіз болып табылады.

Сонымен қатар, арызданушы өтінішхатта жергілікті соттардың тұжырымдарымен келіспей, талап қоюшы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуы толық көлемде дәлелденгенін атап өткен. Алайда, жауапкердің бұл дәлелдері аталған істі қарау кезінде ескерілмеген, сонымен қатар жауапкердің іс бойынша өз қарсылықтарының негіздемесі ретінде сілтемесі бірінші даулы сот актілерінде көрсетілмеген деп көрсеткен.

Арызданушының пікірінше тараптар арасында құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құнының қымбаттауы мәселесі бойынша келіссөздер жүргізілген, талапкер тарапынан жауапкердің өтініштері қаралғаны және Атырау облысының және жалпы Республиканың құрылыс нарығында құрылыс материалдарының айтарлықтай қымбаттауына байланысты жауапкердің талаптарын қанағаттандыру мәнжайлары көрсетілгені анық белгіленген. Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талапкердің жауапкерді шартта көзделген жұмыстарды орындау мерзімінің бұзылуына байланысты өз міндеттемелерін орындамағанын ескере мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талабын шеше отырып, Шарт бойынша нақты жұмыстардың мерзімінде орындалуының мән-жайларын тиісті түрде назарға алмаған және зерделемеген.

Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа

уәждері сот отырысында тексерілуге жатады.

АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы шешімін, Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 қаңтардағы қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.

Судья Ғ.Ж.Мырзаке

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.