Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление (резолютивная часть) от 28.10.2025 по делу 6003-25-00-2к/1639 (Гражданское)

6003-25-00-2к/1639

2025 жылғы 28 қазан Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Л.Б.Мамырбаева, судьялар В.Е.Тохтарбаева, А.К.Тлеубаева, прокурор Н.Молдахановтың, талап қоюшының өкілдері Э.Егембердиевтің, Ж.Досайұлының,

жауапкер Меркі ауданы әкімінің өкілі А.Амированың, жауапкер «Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілі М.Топалованың қатысуларымен,

талап қоюшы талап қоюшы «Дархан-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкерлер «Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне, Меркі ауданы әкіміне иелену мерзіміне байланысты меншік құқығын тану туралы электронды азаматтық істі талап қоюшының Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі шешіміне, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 9 сәуірдегі шешімі, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші: Л.Б.Мамырбаева

Судьялар:

В.Е.Тохтарбаева

А.К.Тлеубаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.