Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 10.11.2025 по делу 6003-00-25-2к/4476 (Гражданское)

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2025 жылғы 10 қараша №6003-00-25-2к/4476 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының төрағасы А.С.Смайлов талап қоюшы «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Акылбек» шаруа қожалығы Нарметов Маматжанға, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар «Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» мемлекеттік мекемесіне, Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына субсидия қаржысын өндіру туралы азаматтық істі бойынша судья А.Б.Тоқсанбаевтың істі қараудан өздігінен бастарту туралы арызын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының 2025 жылғы 8 мамырдағы қаулысымен келіспей жауапкердің өкілі Н.Касымбеков кассациялық шағым келтірген.

Аталған шағым «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы кассациялық соттың судьясы А.Б.Тоқсанбаевтың іс жүргізуіне бөлінген.

Кассациялық соттың судьясы А.Б.Тоқсанбаевтан осы азаматтық іс апелляциялық тәртіппен қаралғанда алқа құрамында болғандығын, сондықтан істі қарауға қатыса алмайтынын көрсетіп істі қараудан өздігінен бастарту туралы арыз келтірді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 37-бабы 2-бөлігіне сәйкес апелляциялық сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан судья осы істі кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатыса алмайды.

Іс құжаттарына сай судья А.Б.Тоқсанбаев Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 15 ақпанындағы осы іс бойынша сот отырысына қатысқан.

Мұндай жағдайда көрсетілген процестік құқық нормаларына сәйкес судья осы азаматтық іске кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатыса алмайды. Сондықтан судьяның бас тартуы қанағаттандыруға жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 41-бабы 2- бөлігіне сәйкес, судья

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І:

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы А.Б.Тоқсанбаевтың талап қоюшы «Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Акылбек» шаруа қожалығы Нарметов Маматжанға, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар «Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит

департаменті» мемлекеттік мекемесіне, Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына субсидия қаржысын өндіру туралы азаматтық іс бойынша істі қараудан өздігінен бас тартуы арызы қанағаттандырылсын, іс «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қайта бөлуге берілсін.

Төраға А.С.Смайлов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.