ВС РК - Постановление от 25.06.2024 по делу 6001-24-00-6кп/34 (Об административном правонарушении)

6кп-34-24

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 25 маусым Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі - сот алқасы) құрамында: төрағалық етуші - судья Б.Б.Шермұхаметов, судьялар Н.Қ.Құрманғалиев, Н.Ө.Жолдасбеков, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі

Т[...],

өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға И[...] (I[...]) қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып, ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен М[...] И[...] (I[...] O’g’li) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 21 ақпандағы қаулысымен И[...] (I[...]) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 7 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 1 (бір) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы ӘҚБтК-тің 851-бабы бойынша берілген ұсынуын кері қайтарып алды.

Осыған орай көрсетілген әкімшілік істі әрі қарай кассациялық тәртіпте қараудың негіздері жоқ.

Жоғарыдағылардың негізінде және ӘҚБтК-нің 851-бабын басшылыққа алып, сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған М[...] И[...] (I[...] O’g’li) қатысты Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 21 ақпандағы қаулыны кассациялық тәртіпте қайта қарау үшін келтірілген ұсынуы кері қайтарылып алуына байланысты қараусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар:

Б. Шермұхаметов Н. Құрманғалиев Н. Жолдасбеков

Көшірмесі дұрыс. Судья:

Б. Шермұхаметов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.