ҰЙҒАРЫМ
2025 жылғы 31 желтоқсан №6003-25-00-2к/4520 Астана қаласы
Азаматттық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы «Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкерлер Болат Сапарович Менлибековке, Турганкул Ибрагимоваға, Молдир Сапарқызы Сапароваға қарыз соманы өндіру туралы азаматтық істі қарап,
АНЫҚТАДЫ:
«Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі-серіктестік) жоғарыда аталған талап қоюымен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына ортақтасқан түрде 24 513 796 теңге қарыз сомасы мен үлестік тәртіпте өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 2 451 380 теңге, мемлекеттік баж 735 414 теңге, нотариалдық қызметке жұмсалған шығын 56 620 теңге өндірілген.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы қаулысымен шешім өзгертіліп, жауапкерлер Б.Менлибековтен, Т.Ибрагимовадан, М.Сапаровадан талап қоюшы серіктестіктің пайдасына ортақтасқан түрде өндірілген 24 513 796 теңге қарыз сомасы 21 213 796 теңгеге дейін, мемлекеттік баж 735 414 теңгеден 212 138 теңгеге дейін төмендетілген.
Шешімнің жауапкерлерден талап қоюшының пайдасына өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша 2 451 380 теңге өндірілген бөлігінің күші жойылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Азаматттық істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысымен Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылған.
Қаулының жауапкерлер Болат Сапарович Менлибековтен, Турганкул Ибрагимовадан, Молдир Сапарқызы Сапаровадан талап қоюшы «Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына өндірілген мемлекеттік баж 735 414 теңгеден 212 138 теңгеге дейін төмендетілсін деген бөлігінің күші жойылған.
Жауапкерлер Болат Сапарович Менлибеков, Турганкул Ибрагимова және Молдир Сапарқызы Сапарованың әрқасысынан үлестік тәртіпте 245 138 теңге өндірілген.
Талап қоюшының кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылған. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 235-бабы 2-бөлігіне сәйкес сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады.
АПК-нің 452-бабы 2-бөлігіне сәйкес Кассациялық сатыдағы сот осы Кодекстiң 235-бабында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады.
Азаматттық істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысының қарар бөлігінің үшінші азат жолында жауапкерлер Болат Сапарович Менлибеков, Турганкул Ибрагимова және Молдир Сапарқызы Сапарованың әрқасысынан үлестік тәртіпте 245 138 теңге өндірілсін деп көрсетілген.
Қаулының бұл бөлігінде талап қоюшы «Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына өндірілсін деген сөйлем жазылмай қалған.
Жоғарыда көрсетілген процестік нормаларына сәйкес Азаматттық істер жөніндегі кассациялық сотының қаулысының қарар бөлігінің үшінші азат жолы «Жауапкерлер Болат Сапарович Менлибеков, Турганкул Ибрагимова және Молдир Сапарқызы Сапарованың әрқасысынан үлестік тәртіпте» деген сөйлемнен кейін «талап қоюшы «Микро-Займ» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына» деген сөйлеммен толықтырылуға жатады.
АПК-нің 452-бабы 2-бөлігін басшылыққа алып, сот
ҰЙҒАРДЫ:
Азаматттық істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы қаулысының үшінші азат жолы «Жауапкерлер Болат Сапарович Менлибеков, Турганкул Ибрагимова және Молдир Сапарқызы Сапарованың әрқасысынан үлестік тәртіпте» деген сөйлемнен кейін «талап қоюшы «МикроЗайм» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына» деген сөйлеммен толықтырылсын.
Г.Бастаубаев А.Даненова
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.