Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 27.01.2026 по делу 6003-25-00-2к/1058 (Гражданское)

№6003-25-00-2к/1058

№6003-25-00-2к/1058 (2)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 27 қаңтар

Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында:

төрағалық етуші судья Ж.К.Рустембеков, судьялар Л.С.Алпысова, А.О.Тогумбетова, талап коюшы өкілі Б.С.Айткасимовтың,

жауапкер «SUNRISE CY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі-ЖШС) өкілі Н.Т.Мусакуловтың,

жауапкер «KKS Construction group» ЖШС-нің директоры К.С.Алжановтың, жауапкер «Асад-ЛТД» ЖШС-нің директоры Ә.Б.Ақжоловтың,

жауапкер «Құрылыс Сервис-2014» ЖШС-нің өкілі Н.Н.Боранбаевтің,

үшінші тұлға «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің өкілі Ұ.Қабылбайдың

үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың қатысуларымен, бейнеконференциялық байланыс арқылы,

талап қоюшы «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) жауапкерлер «SUNRISE CY» ЖШС-не, «KKS Construction group» ЖШС-не, «Асад-ЛТД» ЖШС-не, «Құрылыс Сервис-2014» ЖШС-не, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамына «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекен-жайда орналасқан «Студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақханасын» 2024 жылғы 27 тамыздағы объектіні пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тану туралы талап қоюы жөніндегі электрондық форматтағы азаматтық істі талап қоюшының және үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымдары бойынша қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Басқарма жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, өз талаптарын объектіні қабылдау мен пайдалануға берудің заңдарда белгіленген тәртібі бұзылғанымен негіздеген.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 4 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

Жауапкер «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекен-жайда орналасқан «Студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақхана» (бұдан әрі - жатақхана) 2024 жылғы 27 тамыздағы объектіні пайдалануға қабылдау актісі жарамсыз деп танылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, Басқарманың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім шығарылған.

Басқарма мен үшінші тұлға Г.А.Нуридинова кассациялық шағымдарында бірінші сатыдағы сот 2024 жылғы 27 тамыздағы жатақхананы пайдалануға қабылдау актісі негізді жарамсыз деп танығанын, алайда, апелляциялық сот жатақхана ғимаратының құрылыс-монтаждау жұмыстары толық аяқталмағанына, объектіні қабылдау мен пайдалануға беру кезінде заңдарда белгіленген тәртібі бұзылғанына дұрыс баға бермегенін, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағандығын көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұрайды.

Іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері мен қарсылықтарын тыңдап, іс құжаттарын және кассациялық шағымдардың уәждерін зерделеп кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 1-бабының 44-1) тармақшасына сәйкес, объектіні пайдалануға қабылдау актісі - объект құрылысының бекітілген жобаға және мемлекеттік нормативтерге сәйкес аяқталғанын және объектінің пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат болып табылады.

Заңның 17-бабының бірінші тармағының 10) тармақшасында көрсетілгендей, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулерді) бұзуға жол берген оның субъектілерін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады: құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау мен пайдалануға берудің, сондай-ақ пайдалану процесінде оларды күтіп-ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібін бұзу.

Заңның 73-бабының 1,4-тармақтарына сәйкес, салынған объектілерді қабылдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және осы Заңмен реттеледі. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітуге жатады. Қабылдау актісін бекітуді тапсырыс беруші жүргізеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн оның бекітілген күні және объектінің пайдалануға берілген күні деп есептеледі.

Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандыру туралы тұжырымын жатақхананың сыртында тек бір жағында қосымша өрт сөндіру саты тораптарының бар екенімен, жатақхана құрылыс жобасы үшін әзірленген 2024 жылғы 2 тамыздағы №KZ78VUA01194297 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 2023 жылғы 27 маусымдағы №KZ74VUA00924418 эскиздік жобаның «Шымкент

қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрығымен жойылғанымен және де жатақхананың қасында тұрған үйлердің арасындағы қашықтық сәулет және құрылыс нормаларына сәйкес емес екенімен негіздеген.

Алайда, апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың бұл тұжырымдарымен келіспеген.

Азаматтық істің құжаттарына қарағанда, Басқарма тарапынан үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың арызы негізінде жатақханаға қатысты жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында, меншік иесі «SUNRISE CY» ЖШС-не тиеселі жатақхана орналасқан жерінің кадастрлық №22-328-015-207 нысаналы мақсаты бизнес, сауда орталықтары және құрылыстармен ғимараттар құрылысын салу үшін берілгені және 2024 жылғы 27 тамызда осы объектінің пайдалануға қабылдау актісі рәсімделгені анықталған.

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекен-жайда ғимарат А-блогының өлшемі остері бойынша 17,70 х 48,80 метр қабырғасы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, шатыры профнастил (метал) жабындысымен жабылған 3 қабатты және Б-блогының өлшемі остері бойынша 15,0 х 52,20 метр қабырғасы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған, шатыры профнастил (метал) жабындысымен жабылған, 6 қабатты жертөлесімен нысан орналасқан.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 318-бабымен жатақхананың меншік иесі «SUNRISE CY» ЖШС-і, бас мердігер - «KKS Construction group» ЖШС, авторлық қадағалаушы - «Асад-ЛТД» ЖШС, техникалық қадағалаушы - «Құрылыс Сервис-2014» ЖШС объектіні қабылдау мен пайдалануға берудің заңдарда белгіленген тәртібін бұзғандары, яғни толық аяқталмаған нысанды пайдалануға қабылдағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» басшысының 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрығымен «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі жатақхана құрылыс жобасы үшін әзірленген 2024 жылғы 2 тамыздағы №KZ78VUA01194297 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 2023 жылғы 27 маусымдағы №KZ74VUA00924418 эскиздік жобаның күші жойылған.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің іс - әрекеттері заңсыз деп танылып, 2024 жылғы 23 қазандағы №186 «SANRISE CY» ЖШС-нің Шымкент қаласы, Байтурсынов көшесі, №12/2 мекенжайға «Студенттер, магистранттар және докторанттарға арналған жатақхана» құрылысына әзірленген 2023 жылғы 2 тамыздағы сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен 2023 жылғы 27 маусымдағы эскиздік жобаның күшін жою туралы бұйрықтың күші жойылған.

Аталған сот шешімі Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 наурыздағы қаулысымен және Қазақстан Республикасының әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы қаулысымен күшінде қалдырылған.

Апелляциялық соттың 2025 жылғы 9 маусымдағы ұйғарымымен, осы азаматтық іс бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің» Шымкент қалалық бөлімшесінің маман-жерге орналастырушысы тартылған.

Апелляциялық соттың тапсыруымен жасалынған далалық зерттеу актісіне сәйкес, кадастрлық №22-328-015-207 Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі Шымкент қалалық біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры дерекқор қорында жер кадастрлық ісіндегі мәліметтерге сәйкес өз орнында орналасқан.

«SUNRISE CY» ЖШС-не жеке меншік құқығын беретін актілерінде, яғни кадастрлық №22-3258-015-207 жер телімі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі болып табылады.

Даулы жер учаскелерінің Шымкент қалалық біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры дерекқор қорындағы координаталары бойынша SOUTН геоқұрылғысының көмегімен шекараларын анықтау барысында жер учаскесінде орналасқан құрылыс нысандары мен қоршау құрылыстары басқа жер учаскелерімен беттесуі немесе бір-бірінің жер учаскесіне кіріп кетуі немесе еніп орналасу жағдайлары орын алмаған.

Жер учаскелеріне бастапқыда жасақталған жер кадастрлық ісіндегі мәліметтері орналасқан орындары, жергілікті атқарушы мекемелердің келісімімен бекітілген сызбалары, абрисі, схемалық сұлбалары мен жұмыс сызбасы бойынша, яғни техникалық бөліктерде өзгеріс енгізілмеген басқа жерге негізсіз жерге орналастыру жұмыстары жүргізілмеген.

Апелляциялық сот азаматтық істі қарау барысында жер учаскесіне көршілес орналасқан көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы шекарасына жерге орналастыру жүргізіліп кондоминиум түріндегі мемлекеттік актісі алынбағандықтан Шымкент қалалық біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры дерекқор қорында көрсетілмегендіктен кадастрлық №22-3258-015-207 жер телімі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ахмет Байтұрсынов көшесі, №12/2 мекенжайымен орналасқан жер учаскесіндегі құрылыс нысаны мен көп пәтерлі жалпыға ортақ тұрғын үй құрылысы арақашықтығын анықтау мүмкін болмағанын назарға алған.

Жоғарыда көрсетілгендей Басқармамен жүргізілген тексеру нәтижесінде жатақхананың сыртында тек бір жағында қосымша өрт сөндіру саты тораптарының бар екені анықталған. Осы кемшілік үшін жауапкерлер әкімшілік жауапкершілікке

тартылған. Дегенмен, апелляциялық сот бұл орын алған кемшіліктердің жауапкер «SUNRISE CY» ЖШС-мен жойылғанын анықтаған. Апелляциялық сотта бұл мән-жайлар жатақхананы орнында қараптексерумен расталған.

Қазіргі кезде эскиздік жобаға және объектіні пайдалануға қабылдау актісіне сәйкес, ғимараттың екі жағында қосымша өрт сөндіру саты тораптары бар және олар қолдануға жарамды екені анықталған.

Мұндай жағдайда апелляциялық сот жауапкер «SUNRISE CY» ЖШС-гі Басқармамен анықталған кемшілікті жойып, жатақхана ғимаратын заң нормаларымен белгіленген, яғни сәулет, құрылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарына келтірген деген дұрыс тұжырымға келген.

Сондай-ақ, бірінші сатыдағы соттың шешімінде негіздеме ретінде көрсетілген «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» басшысының 2024 жылғы 23 қазандағы №186 бұйрығының күші Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен жойылған, яғни «SUNRISE CY» ЖШС-не тиесілі жатақхана құрылыс жобасы үшін әзірленген 2024 жылғы 2 тамыздағы №KZ78VUA01194297 сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен келісілген 2023 жылғы 27 маусымдағы №KZ74VUA00924418 эскиздік жоба күшінде және бұл құжаттардың жатақхана ғимаратына заңды берілгені жоғарыда аталған сот актілерімен толық дәлелін тапқан.

Апелляциялық сот үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың жатақхана құрылысының көлемдік жоспарлау, жобалау нормативтеріне және ҚНжЕ нормативтеріне жауап бермейтіні, ғимарат өрт қауіпсіздік нормаларына сай тұрғызылмағаны, ғимарат адам өмірі мен денсаулықтарына нұқсан келтіретіні, қауіп-қатері бар екені туралы уәждерін тиісті дәлелдемелер ұсынбауына байланысты орынды назарға алмаған.

Істің мұндай тұрғысында апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың талап қоюды қаңағаттандыру туралы шешімінің күшін жойып, жатақхана ғимаратын пайдалануға қабылдау актісін жарамсыз деп тануға негіздер жоқ деген дұрыс тұжырымға келген.

Талап қоюшы мен үшінші тұлғаның кассациялық шағымдарында келтірген уәждері дәйексіз, олар апелляциялық соттың қарау нысаны болған және дауланған сот актісінде оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымдарда жаңа фактілер мен негіздемелер келтірілмеген. Істі қарау барысында апелляциялық сот тарапынан материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол берілмеген.

Талап қоюшы мен үшінші тұлғаның іс бойынша анықталған мән-жайлармен келіспеуі дауланып отырған сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз бола алмайды.

Сондықтан кассациялық сот дауланып отырған сот актісі күшінде қалдырылуға жатады деген қорытындыға келді. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 16 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің және үшінші тұлға Г.А.Нуридинованың кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші, судья: Ж.Рустембеков

Судьялар: Л.Алпысова

А.Тогумбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.