Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 11.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/1219(3) (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 11 маусым №6003-26-00-2к/1219(3) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында

төрағалық етуші судья Г.Б.Бастаубаев, судьялар Н.А.Жумагулова, Н.О.Косанов,

талап қоюшылар өкілі Б[...], мүдделі тұлғалар және жауапкер өкілі Б[...], үшінші тұлға өкілі Б[...], аудармашы Т[...] бейнабаланыс арқылы қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшылар А[...] және Т[...] (бұдан әрі - талап қоюшылар) жауапкер «Мир Алишер Навой атындағы» өндірістік кооперативіне (бұдан әрі - К[...]) 2025 жылғы 30 маусымдағы жалпы жиналыс хаттамалық шешімін жарамсыз деп тану туралы электрондық азаматтық істі мүдделі тұлғалардың Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қаулысына берген кассациялық шағымымен қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Талап қоюшылар сотқа аталған талап қоюмен жүгініп, оны жиналыс заңсыз өткізілгенімен негіздеген.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 17 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.

Апелляциялық сот алқасының қаулысымен аталған сот шешімінің күші жойылып, талап қоюшылардың талап қоюын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылған, К[...] 2025 жылғы 30 маусымдағы жалпы жиналысының хаттамалық шешімі (бұдан әрі - даулы хаттама) жарамсыз деп танылған және К[...] талап қоюшылардың пайдасына 1 966 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Мүдделі тұлғалар Ш[...], Х[...], Т[...], А[...], А[...] кассациялық шағымда өздері К[...] мүшелері екендерін, сот отырыстарына шақырылмағандарын және іске қатысуға тартылмағандарын, соның салдарынан К[...] мүшелері ретінде құқықтарының бұзылғандарын көрсетіп, апелляциялық сот алқасының қаулысының күшін жоюды, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Кассациялық сот істегі дәлелдемелерді зерттеп, іске қатысушылардың жауаптарын тыңдап, кассациялық шағым уәждерін зерделеп, төмендегі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 449-бабының 1-бөлігінде істi кассациялық тәртiппен қарау кезiнде сот iстегі материалдар бойынша кассациялық шағымның, наразылықтың дәлелдерi шегiнде соттар шығарған сот актiлерiнiң заңдылығын тексеретіні бекітілген.

Осыған орай, кассациялық сот сот актісінің заңдылығын тек ғана мүдделі тұлғалардың шағымы шеңберінде тексерді.

АПК-тің 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатығады сотпен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

Апелляциялық сатығады сот іс үшін маңызы бар мән-жайлар шеңберін нақты және дұрыс айқындаған, осы дау бойынша қолдануға жататын материалдық және процестік құқық нормаларын ескере отырып, тараптардың уәждері мен қарсылықтарын тексеруге заңмен көзделген барлық шараларды жасаған.

Анықталғаны, К[...] 1994 жылғы 24 шілдеде Түркістан облысы, [...] мемлекеттік тіркеуден өткен.

2000 жылғы 23 сәуірде К[...] қайта тіркеуден өтіп, төрағасы ретінде Ю[...], мүшелер саны 620 болған.

К[...] жалпы жиналысының 2010 жылғы 17 ақпандағы хаттамасына сәйкес К[...] 1103 мүшесі шығарылып, 118 мүше кіргізіліп, жаңа тізімі бекітілген.

К[...] кезектен тыс жалпы жиналысының 2024 жылғы 4 сәуірдегі хаттамалық шешіміне сәйкес К[...] 621 мүшесіне түгендеу жүргізіліп, 345 мүшелердің пай үлестерін алғандары анықталып, 276 мүшенің тізімі К[...] төрағасы Ю[...] бекітілген.

Даулы хаттамаға сәйкес К[...] 6 мүшесі шығарылған, 6 мүше кіргізіліп, осы тізімге Ш[...] енгізіліп тізімі бекітілген, төрағасы болып Ш[...] сайланған.

Бірінші сатыдағы сот шешімімен талап қоюшылар К[...] мүшелері емес, сол себепті даулы хаттаманы даулауға құқықтары жоқ деген негізбен талапты қанағаттандырудан бас тартылған.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру жөніндегі тұжырымын талап қоюшылар К[...] мүшелері болып табылады, Ш[...] К[...] төрағасы ретінде заңсыз тағайындалған, 2025 жылғы 30 маусымдағы жалпы жиналыс «Өндірістік кооператив туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) талаптары бұзыла отырып өткізілген деп негіздеген.

Кассациялық сот мүдделі тұлғалардың кассациялық шағымдағы уәждерін негізсіз деп санайды.

Заңның 1-бабының 3-тармағында өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылатыны бекітілген.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 33-бабының 1-тармағына сай меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлға болып табылатын К[...] іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, тиісінше К[...] өзінің мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін сотта қорғаған және дауға қатысты заңдармен көзделген барлық шараларды жасауға мүмкіншілігі болған.

Бұл жағдайда кассациялық шағым берген мүдделі тұлғалардың іске қатысуға тартылмауы өздігінен сот актісінің күшін жоюға негіз бола алмайды.

Сонымен қатар, кассациялық шағымда көрсетілгендей талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қолдану кассациялық соттың құзыретіне кірмейді. Кассациялық шағымда басқа уәждер келтірілмеуіне байланысты апелляциялық сатыдағы сот қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы қаулысы күшінде, мүдделі тұлғалар Ш[...], Х[...], Т[...], А[...], А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Г.Бастаубаев

Судьялар Н.Жумагулова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.