ВС РК - Постановление от 28.07.2021 по делу 6001-21-00-6КА/452 (Об административном правонарушении)

6кп-48/21

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 28 шілде Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья А.Д. Рахметулин, судьялар Г.Ж.Әлмағамбетова, А.М.Нурбеков, прокурор Т[...],

«Алматы облысы полиция департаментінің Қарасай ауданының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілі Н[...],

әкімшілік жауапқа тартылған тұлға У[...], оның қорғаушысы А[...] қатысуларымен,

кассациялық тәртіппен ашық сот отырысында бейнеконференц байланыс арқылы Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 24 ақпандағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуымен келіп түскен, У[...] (U[...]) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4,5-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен У[...] (U[...]) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 517бабының 4 және 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуында сот қабылдаған қаулысы соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатындығы туралы көрсетілген.

Алқа, әкімшілік жауапқа тартылған тұлғаның,қорғаушысының, прокурордың ұсынуды қолдаған, уәкілетті органның өкілінің ұсынуға қарсы болған пікірлерін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп, ұсынудың уәждерін талқылап, сот қаулысы өзгертуге жатады деп есептейді.

Іс материалдарына сәйкес Өзбекстан Республикасының азаматы У[...] 2019 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасына келіп, тіркеу мерзімі өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарған және еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырған. Осы факт бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 4 және 5- бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған. Бірінші сатыдағы сот У[...] кінәсі сот мәжілісінде мойындалған және зерттелген істегі дәлелдемелерімен толық дәлелденген деген тұжырымға келіп, оған әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі жаза тағайындаған. Бірақ сот У[...] жаза тағайындағанда заң талаптарын дұрыс сақтамаған.

Себебі, ӘҚБтК-нің 55-бабының 2 және 3-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мәнжайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуы тиiс. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

Іс материалдары бойынша У[...] бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкінетіндігін көрсеткен. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Бірақ сот осы мән-жайларға қажетті көңіл бөлмей, ӘҚБтК-нің 56-бабы бойынша жеңілдететін мән-жайлар ретінде танымаған, жаза тағайындаған кезде осыны ескермеген.

Және қаулыда Қазақстанда жақын туыстары, Қазақстанмен байланыстыратын ештеңе жоқ екенің негізсіз көрсеткен.

У[...] Қазақстан Республикасының азаматы Б[...] Қазақстан Республикасында бірге тұрады, осы жөнінде ол өз түсініктемесінде де көрсеткен.Медициналық анықтамаға сәйкес олар баланың туылуын күтуде. Кассациялық алқасының отырысында У[...] кішкентайлы болғаның мәлімдеді. Көрсетілген жайттарды растайтын көршілердің оң пікірлері мен мінездемелері тіркелген.

Істі қарау кезінде сот бұл мән-жайларды ескермеген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 1-тармағына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Іс бойынша сот қаулысы некені, отбасы мен баланы қорғау қағидаттарына сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, ана болу Халықаралық еңбек ұйымының ананы қорғау туралы № 103 Конвенциясының қорғауында болып табылады. Кассациялық алқа отырысында У[...] Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетінін мәлімдеді. ӘҚБтК-нің 822-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы заңды және негізді болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысы туралы» № 5 нормативтік қаулысының 19-тармағында соттар ӘҚБтК- ның Ерекше бөлігі баптарының санкцияларында жазаның баламалы түрлері болған кезде әкімшілік жазаны дараландыру қағидатын қатаң сақтау қажеттігі, әкімшілік жаза шараларын айқындау кезінде сот қаулының сипаттау-дәлелдеу бөлігінде таңдап алынған әкімшілік жазалау шарасының себептерін келтіруге міндетті екендігі көзделген.

Қаулыда құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, сондай-ақ кінәлінің жеке басын куәландыратын нақты қандай мән-жайлар жазалау шарасын таңдау кезінде ескерілгені көрсетілуге тиіс.

Істі сот қараған кезде заңның жоғарыда аталған ережелерін тиісті дәрежеде сақтамаған.

ӘҚБтК-нің 517-бабының 4 және 5-бөліктерінде санкциясымен аталған құқық бұзушылыққа қарсы 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, не Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберуге әкімшілік жаза қолдану көзделген.

У[...] көрсетілген жазалардың ішінде әкімшілік жолмен шығарып жіберу жөнінде сот қатаң жаза тағайындаған.

Сондықтан, алқа У[...] тағайындалған жазаны өзгертіп, жаза ретінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша әкімшілік айыппұлдың мөлшерінің отыз пайызынан асырмай қысқартуға болады.

Мұндай жағдайда, бірінші сатыдағы соттың қабылданған қаулысы ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінде көзделген негіздер бойынша өзгертуге жатады, себебі соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзады.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабының 4) тармақшасын, 851-бабының 5-бөлігін 3) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы,

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 4,5-бөлігі бойынша У[...] (U[...]) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 24 ақпандағы қаулысың өзгертіп, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасының орнына ӘҚБтК-нің 517бабының 4-бөлігі бойынша айыппұл 51 047 (елу бір мың қырық жеті) теңге, ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігі бойынша айыппұл 51 047 (елу бір мың қырық жеті) теңге салынсын.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші

А. Рахметулин

К.Әлмағамбетова

Судьялар

А.Нурбеков

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.