ВС РК - Постановление от 15.03.2021 по делу 6001-21-00-3Г/838 (Гражданское)

6001-21-00-3г/838

2021 жылғы 15 наурыз

Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Е.Ж.Исмаилов талап қоюшы И[...] жауапкерлер – «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ге, Ө[...] материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] өтінішхатын істі алдырту арқылы алдын ала қарауда,

а н ы қ т а ғ а н ы :

И[...] «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ден ( бұдан әрі – 2029 әскери бөлімі ), Ө[...] 1 025 800 теңге материалдық залал және моральдық зиянның өтемі үшін 5 000 000 теңге өндіру туралы талабымен сотқа жүгінген.

Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырудан бас тартылған.

Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген, шешімнің материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы бөлігінің күші жойылып, талапты ішінара қанағаттандыру туралы шешім қабылданған.

2029 әскери бөлімі және Ө[...] И[...] пайдасына ортақ түрде моральдық зиянның өтемі үшін 3 000 000 теңге өндірілген. Бірінші сатыдағы сот шешімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.

Өтінішхат беруші іс бойынша әскери соттармен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын көрсетіп, іс бойынша қабылданған сот актілерінің күшін жойып, талапты толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Арыз берушінің өтінішхатта келтірген уәждерін, келіп түскен азаматтық іс бойынша қабылданған сот актілерін заң талаптарына және қолданыстағы сот практикасына сәйкестігін қосымша тексеру мақсатында судья өтінішті алдын ала қарау нәтижесі бойынша шешім қабылдауды кейінге қалдыру қажет деп есептейді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 268, 443-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы

И[...] «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 2029 әскери бөлімі» РММ-ге, Ө[...] материалдық залал және моральдық зиянның өтемін өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық ісі бойынша қабылданған Ақтөбе гарнизонының әскери сотының 2020 жылғы 27 ақпандағы шешімін, Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 28 шілдедегі қаулысын кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы И[...] келтірген өтінішхатының алдын ала қаралуы кейінге қалдырылсын.

Судья

Е.Исмаилов

Көшірмесі дұрыс.Судья

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.