Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 10.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/2075 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-25-00-2к/2075 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші Г.Бастаубаев,

судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

талап қоюшы А.Қарсақбаева, жауапкер А.Рашбек, жауапкердің өкілі Г.Абдукаликованың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Айдана Мұратқызы Қарсақбаеваның жауапкер Ақбота Нұрболқызы Рашбекке қарыз ақшаны өндіру және жауапкер Ақбота Нұрболқызы Рашбектің талап қоюшы Айдана Мұратқызы Қарсақбаевадан қарыз ақшаны өндіру туралы талап қоюларымен қабылданған Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 сәуірдегі қаулысына талап қоюшы А.Қарсақбаеваның кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

А.Қарсақбаева сотқа жоғарыда көрсетілген талап қоюымен жүгініп, жауапкер А.Рашбек қарыз шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағанымен негіздеген.

Өз кезегінде жауапкер А.Рашбек талап қоюшы А.Қарсақбаевадан қарызға алған ақшасын өндіру туралы қарсы талап қоюымен жүгінген.

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық сотының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен А.Қарсақбаеваның талап қою қанағаттандырылып, оның пайдасына А.Рашбектен қарызы 9 900 000 теңге және мемлекет пайдасына төлеген 99 000 теңге мемлекеттік баж өндірілген.

Жауапкер А.Рашбектің қарсы талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен сот шешімі өзгертіліп, жауапкер А.Рашбектен талап қоюшы А.Қарсақбаеваның пайдасына өндірілген 9 900 000 тенге 385 000 теңгеге дейін, өндірілген 99 000 теңге мемлекеттік баж 3 850 теңгеге дейін төмендетілген.

Талап қоюшы А.Қарсақбаева кассациялық шағымында, апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсетіп, алқа қаулысын өзгертіп, сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.

Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс

құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі – АК) 151-бабы 1-бөлігіне сай мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық).

АК-нің 272-бабына сәйкес, мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiс.

Талап қоюшы А.Қарсақбаева талап қоюында 2024 жылғы мамырдың 1- 23 аралығында жауапкер А.Рашбекке барлығы 11 000 000 теңге бергенін көрсетіп, талабының негізі ретінде соңғының «WhatsApp» қосымшасы арқылы талап қоюшыға жолдаған қолхатын ұсынған.

Қолхатта жауапкер А.Рашбек талап қоюшы А.Қарсақбаевадан 11 000 000 теңге алғанын мойындап, оны қайтаратынын көрсеткен.

Жауапкер А.Рашбек қолхатты өзі жазғанын, алайда қарызын 2024 жылғы 1-23 мамыр аралығында талап қоюшы А.Қарсақбаеваның «Kaspi Gold» мобильдік қосымшасындағы есепшотына аударғанын, ал талап қоюшы А.Қарсақбаева көрсетілген мән-жайларды жоққа шығармай, қарызға алған 11 000 000 теңгенің 1 100 000 теңгесін жауапкер өзіне «Kaspi Gold» мобильдік қосымшасы арқылы аударылғанын, 2024 жылғы 1-24 мамыр аралығында аударылған қалған ақшалар өзіне басқа қарыздары үшін төленгенін көрсеткен.

Талап қоюшы А.Қарсақбаева сотқа берген талап қоюында жауапкер А.Рашбектен 9 900 000 теңге қарызды өндіруді сұрап, оны 2024 жылғы 23 мамырдағы қолхаттағы 11 000 000 теңге қарызды қайтару туралы міндеттемесін тиісті түрде орындамағанымен негіздеген. Жауапкер А.Рашбек қарсы талап қоюында, «Kaspi Gold» мобильдік қосымшасының үзіндісіне сай, 2023 жылғы маусымы мен 2024 жылғы мамыры аралығында жалпы сомасы 71 128 110 теңге бергенін, сол қаражаттың 64 978 000 теңгесін қайтарып, қалған 6 150 110 теңгесін қайтармай жүргенімен негіздеген.

Бірінші сатыдағы сот жауапкер 11 000 000 теңге алғанын қарызды қайтаратыны туралы қолхатты 2024 жылғы 23 мамырында жазып, талап қоюшыға «WhatsApp» қосымшасы арқылы жолдағанын, осыдан кейін «Kaspi

Gold» мобильдік қосымшасы арқылы жауапкерден талап қоюшының есеп шотына 2024 жылғы 24 мамырда 1 100 000 теңге аударылғанын ескеріп, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 9 900 000 теңге өндіру туралы, ал жауапкердің қарсы талап қоюы, жауапкер мен талап қоюшының арасында басқа міндеттеме бар екенін дәлелдей алмағандықтан қанағаттандырусыз қалдырылған.

Апелляциялық сатыдағы сот келесі мән-жайларды анықтаған.

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1-24 мамыр аралығында жауапкер А.Рашбектің атынан талап қоюшы А.Қарсақбаеваның есеп шотына барлығы 10 615 000 теңге ақша аударылған.

Талап қоюдың мазмұны мен тараптардың уәждеріне қарағанда, талап қоюшы 2024 жылғы 1-24 мамыры аралығында жауапкерге қолма қол және «Kaspi Gold» мобильдік қосымшасы арқылы 11 000 000 теңге қарызға берген.

Осы қарызды қолхатқа сәйкес қарызы үшін алдым деп талап қоюшы мойындаған 1 100 000 теңгесі жауапкер мен талап қоюшының «Kaspi Gold» мобильдік қосымшасындағы есепшотына 2024 жылғы 24 мамырда аударылған. Сондай-ақ, талаптарының негізі ретінде талап қоюшының сотқа ұсынған қарыз ақша туралы қолхатта оның қай уақытта жазылғаны, 11 000 000 тенгенің қашан, қалай берілгені көрсетілмеген.

Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сот жауапкер А.Рашбек талап қоюшының алдындағы 11 000 000 теңге қарызын «Kaspi Gold» мобильдік қосымшасы арқылы қайтарғаны туралы тұжырымға келген.

Талап қоюшы А.Қарсақбаеваның 2024 жылғы 1-24 мамыры аралығында аударылған 1 100 000 теңгеден басқа қалған ақшалар оның басқа қарыздары үшін төленгені туралы уәждерін олардың араларында басқа қарыз шартынан туындайтын азаматтық құқықтар мен мiндеттердің пайда болғанын бекітетін дәлелдер сотқа ұсынылмағандықтан негізсіз деп саналған.

Демек, апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшы А.Қарсақбаеваның 2024 жылғы 1-24 мамыры аралығында жауапкер А.Рашбекке берілген 11 000 000 теңге қарызының 10 615 000 теңгесі қайтарылған деген негізді тұжырым жасаған.

Бірінші сатыдағы сот бұл мән-жайларға назар аудармай, жауапкерден 9 900 000 теңге қарызы өндірілуге жататындығы туралы қате тұжырым жасаған. Осыған орай, апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімін өзгертіп, жауапкерден талап қоюшының пайдасына өндірілген 9 900 000 теңге қарызы 385 000 (11 000 000 - 10 615 000) теңгеге дейін дұрыс төмендеткен.

Жауапкер А.Рашбектің қарсы талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешіммен апелляциялық сатыдағы сот келіскен. Тараптар сот актілерінің бұл бөлігіне кассациялық шағым бермеген.

Апелляциялық сатыдағы сотпен талап қоюшы мәлімдеген талаптары

шегінде іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Апелляциялық сатыдағы соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді.

Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.

Кассациялық шағымның уəждері сот алқасының қаулысын күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасының қаулысы күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 11 сәуірдегі қаулысы күшінде, талап қоюшы А.Қарсақбаеваның кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.