Қ А У Л Ы
2025 жылғы 8 қазан №6003-25-00-2к/738 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.А. Бакытжанова, Ч.И. Майшыбаев, талап қоюшылардың өкілі О[...], жауапкерлердің өкілі Б[...],
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшылар Е[...] және Е[...] жауапкерлер Е[...], Х[...] қойған мұраны қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 11 сәуірдегі шешіміне және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 маусымдағы қаулысына талап қоюшылардың өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының 2025 жылғы 11 сәуірдегі шешімі және Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 17 маусымдағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшылардың өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
А.Бакытжанова
Ч.Майшыбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.