ВС РК - Постановление от 17.10.2024 по делу 6001-24-00-3Г/4487(2) (Гражданское)

№ 6001-24-00-3г/4487(2)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 17-қазан Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы М.Т. Балкен талап қоюшы «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Мемлекеттік кірістер басқармасы) жауапкерлер «AA BUILDING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - ЖШС), «SERHAT YAPI» ЖШС, дара кәсіпкерлер «Мергалимов» Есен Жанабаевич Мергалиевпен, «Samal» Айгуль Жарденовна Абдыкаримова және Адильбек Калдыбаевич Омаров арасындағы мәмілелерді келісім шартты жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған электрондық форматтағы азаматтық ісі бойынша қабылданған Астана қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2024 жылғы 30-қаңтардағы қаулысын қайта қарау туралы Мемлекеттік кірістер басқармасының өтінішхатын электрондық істі сұрау арқылы алдын ала қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Мемлекеттік кірістер басқармасы сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгініп, онда салықтық міндеттемелерді азайту және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жауапкерлердің арасында формальды түрде жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды сұраған.

Астана қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2024 жылғы 30-қаңтардағы қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 20-қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.

Өтінішхат иесі жергілікті соттардың қабылдаған сот актілерімен келіспейтіндігін, соттың тұжырымы істің мән-жайына сәйкес келмейтінін көрсетіп, сот актілерін өзгертуді сұраған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (әрі қарай - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады. Жергілікті соттармен жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтарға жол берілгені туралы өтінішхат иесінің уәждері кассациялық сатының сот отырысында зерттеліп қаралуға негіз бар.

Өтінішхат материалынан көрінгендей, департаментпен жауапкерлердің арасында өздерінің жалғандығына байланысты тәуекелдері бар өзара есеп айырысулар белгіленген.

Салық органы электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйелері (бұдан әрі - ЭШФ) бойынша салық төлеушілердің қызметін талдау

барысында тәукелдерді басқару жүйесін және басқа да ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, жауапкерлердің арасында жалған құжат айналымын жасағаны туралы қорытындыға келген.

Осылайша, мемлекеттік кірістер басқармасы жауапкерлер арасындағы өзара есеп айырысулар мен мәмілелер жарамсыз деген уәждермен, міндеттемелерді орындау үшін еңбек және материалдық ресурстардың жетіспеушілігін ескере отырып, жасалған мәмілелерді жүзеге асыру мүмкін еместігін көрсеткен.

Жергілікті соттар талап қоюшының уәждерімен келіспеген. Азаматтық істі қарау барысында іс материалына тіркелген құжаттарды зерделей отырып, «АА BUILDING GROUP» ЖШС-нің жеткізушілерден тауарларды, техника қызметтерін, құрылыс жұмыстарын және компьютерлік қызметтерді сатып алғанынмен негіздеген. Өтінішхат иесі соттың мұндай тұжырымдарымен келесі негіздермен келіспей, олардың істі бір жақты қарағанын уәждеген.

Арызданушы кассациялық өтінішхатта, даулы мәмілелердің негізгі мақсаттары салықтарды төлемеу немесе толық төлемеу болып табылатынын көрсетумен, декларация бойынша ұсынылған қызметкерлердің саны біреу, ал қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмайтынын көрсеткен. Бұл жағдайда, еңбек ресурстары мен жеткізушілердің жұмысшылары міндеттемелерді орындауға жеткіліксіз деп есептейді.

2023 жылдың 11-тамызында «АА BUILDING GROUP» ЖШС-нің басшысынан өтініш түскенін, онда 2021 жылдан 2022 жылы желтоқсанына дейін тергеумен анықталмаған тұлғалар «АА BUILDING GROUP» ЖШСнің құжаттары мен мөрін ұрлап кеткенімен байланысты қылмыстық істің қозғалғалып, құжаттардың бір бөлігінің қажеттілігі бойынша қайтарылғанын көрсеткен.

Сонымен қатар өтініш, тәуелсіз аудиторлармен банктің үзінді көшірмесін зерделеу кезінде «АА BUILDING GROUP» ЖШС-нің есебінен жұмыстарды немесе қызметтерді нақты орындамаған компанияның шотына аударымдар жасалғанын анықтағанын көрсеткен.

Жеткізуші «SERHAT YAPI» ЖШС-нің кез келген құрылыс материалдарын өндіруші немесе жеткізуші емес екенін көрсеткен, өзі сатып алатын және өткізетін тауарлардың (арматура, бетон және басқалар) сипаттамалары туралы ақпараттың сәйкессіздігі бар. Өтінішхатта жұмыс пен қызмет көрсету үшін жұмысшылар санының жеткіліксіздігі туралы ақпарат көрсетілген. Бұл мән-жайлар жергілікті соттармен ескерілмеген деген уәждерді көрсеткен.

Жоғарыда аталған мән-жайлар сот отырысы барысында зерттеліп, толығымен дәлелденгенімен, бірақ оған дұрыс баға берілмегенін өтінішхатта келтірілген. Іс материалдарын алдын ала зерделеу, арызданушының өтінішхатында келтірген уәждері және жоғарыда көрсетілген түйіндер дау айтылған сот актісін қайта қарау үшін кассациялық сатының сот мәжілісінде қарауға жататын негіздер бар екенін көрсетеді.

АПК-нің 444-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, судья,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қалалық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасының 2024 жылғы 30-қаңтардағы қаулысын қайта қарау туралы «Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Байқоңыр ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өтінішхаты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының сот отырысында қарау үшін берілсін.

Қаулының көшірмесі іске қатысушы тараптарға жолдансын.

Судья М.Т.Балкен Көшірмесі дұрыс Судья М.Т.Балкен

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.