Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 09.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/620 (Гражданское)

6003-26-00-2к/620

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 9 маусым Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші судья Ж.К. Рустембеков, Л.С. Алпысова, В.Е. Тохтарбаева,

прокурор К[...], талап қоюшы өкілі Т[...], жауапкер өкілі П[...], аудармашы А[...] бейнебайланыс арқылы қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Астана қаласының әкімдігінің жауапкер П[...] ақшалай өтемақы төлеумен, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы азаматтық істі талап қоюшының Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, онда жауапкердің меншігіндегі жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін ақшалай өтемақы төлей отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығаруды сұраған. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылған.

П[...] мәжбүрлі түрде кадастрлық номері 21320-104-625, жалпы ауданы 0,0644 га, Астана қаласы «Нұра» ауданы, «Дружба-2» б/с, № 77 мекенжайында орналасқан жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісімен бірге орналасқан жер учаскесі алынған. Астана әкімдігінің өкілі болып табылатын «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесінен П[...] пайдасына алынған жер учаскесінің өтеуі ретінде 14 959 653 теңге өндірілген.

П[...] ақшалай өтеу төленген соң Астана қаласы Астана қаласы «Нұра» ауданы, «Дружба-2» б/с, № 77 мекенжайында орналасқан жер учаскесі жылжымайтын мүліктен мәжбүрлеп шығарылған. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын, сарапшының қорытындысымен келіспейтінін

көрсетіп, апелляциялық соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертіп, төленетін өтемақыны 10 750 679 мөлшерінде айқындауды сұраған.

Кассациялық сот тараптарды, сот актілерін күшінде қалдыруды сұраған прокурордың қорытындысын тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.

Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсан №510-3918 қаулысына сәйкес Астана қаласы, «Нұра» ауданы, А[...] [...] тас жолы қиылысы мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 2,4068 га, жер учаскелері «Әкімшілік ғимараты» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген қоса беріліп отырған схемаға сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылданған.

2025 жылғы 6 наурызда жауапкерге жер учаскесін сатып алу туралы жазбаша хабарланды және оған жер учаскесі үшін 10 750 679 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы ұсынылды, жауапкер бұл өтемақымен келіспеген.

Сот ұйғарымы негізінде жүргізілген 2025 жылғы 28 сәуір № С-50-25 жасалған Астана сараптамалық бағалау орталығын ЖШС сарапшысы қорытындысына сәйкес, жауапкердің меншік құқығындағы тиесілі үймен және жер учаскесінің нарықтық бағасы 14 959 653 теңге құрайды.

Сот алынатын жылжымайтын мүліктің бағасын айқындау кезінде осы сот сарапшысының қорытындысын назарға алған.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» заңының (бұдан әрі -Заң) 1-бабының 25) тармақшасының талаптарына сәйкес мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару - жер учаскесін мемлекеттік мүлік құрамына алып қоюға байланысты жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қою, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда және құны тең бағамен өтелген жағдайда мемлекет мұқтажы үшін жүргізілетін реквизициялау, мемлекет меншігіне алу болып табылады.

Заңның 67-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің, сондай-ақ жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің құны жер учаскесіне құқықтардың туындау негіздеріне қарамастан, олардың нарықтық құны мөлшерінде айқындалады.

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің

нарықтық құнын бағалаушы Заңның 208-бабы 1-тармағының ережелерін ескере отырып, бағалау жүргізу күніне айқындайды.

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі» туралы Заңның 14бабына сәйкес, бағалаушының дереккөзiн көрсете отырып, бағалау стандарттарына және (немесе) халықаралық бағалау стандарттарына сәйкес бағалау әдiстерi мен бағалау амалдарын өзі дербес қолдануға құқығы бар.

Бірінші сатыдағы сот шешім қабылдаған кезде сот сарапшысының қорытындысын назарға алған. Өйткені, қорытынды иеліктен шығарылатын жер учаскесінің шынайы нарықтық құнын айқындайтын анық дәлелдеме деп танылған. Бұл сараптама заңдылық пен әділдік өлшемдеріне сәйкес келеді. Сарапшымен сараптама салыстырмалы тәсілімен жүргізіліп, зерттеу кезінде аналогтар пайдаланылған. Соттар бұл әдіс Объектінің нарықтық құнын анықтау кезінде ең сенімді әдіс болып табылатынын назарға алған. Аталған қорытынды ғылыми негізделген, бағалау тәртібі, стандарты мен әдістемесін көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, Астана қаласындағы нарықта қалыптасқан жылжымайтын мүлік объектілерінің нақты құнын талдау және зерделеу негізінде құрастырылған.

Сарапшының бағалау тәсілдері мен әдістері сот құрылыс-тауартану сараптамасын жүргізу кезінде жылжымайтын мүліктің құнын айқындау әдістемесінің талаптарына сәйкес келеді, оны теріске шығаратын дәлелдемелер ұсынылмаған.

Апелляциялық сот алқасы соттың бұл тұжырымымен келіскен.

Істің мұндай тұрғысында, соттардың мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алынатын жер учаскесі үшін өтемақы мөлшерін кадастрлық нөмірі [...] құның 14 959 653 теңге деп анықтауы заңды.

Кассациялық шағымдағы уәждер апелляциялық сатыдағы сотта келтірген уәждерге ұқсас және оларға тиісті құқықтық баға берілген.

Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жан-жақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.

Сондықтан дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 19 мамырдағы шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 7 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков Судьялар Л.С. Алпысова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.