Қ А У Л Ы
2026 жылғы 3 маусым №6003-26-00-2к/1253 (2) Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші судья А.Даненова, судьялар М.Ибрагимова, А.Токсанбаев,
прокурор А.Камашев , талап қоюшы Б.Әбішев, талап қоюшы өкілі Л.Бисенова, жауапкердің өкілі А.Арыстангалиеваның қатысуларымен,
ашық сот отырысында Берқайыр Темірбекұлы Әбішевтің «Ғылыми және сарапшылық зерттеу лабораториясы» мекемесіне және «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне зерттеу қорытындысын заңсыз деп тану, қорытынды негізінде қабылданған хаттаманың күшін жою, «Құрылыс сараптамасы және жылжымайтын мүлік құнын анықтау» дара кәсіпкері берген бағалау құнын заңды деп тану және материалдық зиян сомасын өтеуді міндеттеу жөніндегі талап қоюымен қабылданған Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 29 қаңтардағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Б.Әбішев жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген.
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының 2025 жылғы 29 қазандағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 29 қаңтардағы қаулысымен шешім өзгертілген.
Шешімнің Б.Әбішевтің «Ғылыми және сарапшылық зерттеу лабораториясы» мекемесінің 2024 жылғы 11 маусымдағы зерттеу қорытындысын заңсыз деп тану, қорытынды негізінде қабылданған Жылыой ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның №39 хаттамасын күшін жою, «Құрылыс сараптамасы және жылжымайтын мүлік құнын анықтау» дара кәсіпкерге келтірген материалдық зиянды бағалау қорытындысын заңды деп тану жөніндегі талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы бөлігінің күші жойылып, азаматтық істің осы бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы касациялық шағымында соттармен материалдық және процестік құқық нормалары дұрыс қолданбағанын көрсетіп, қаулының күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын тексеріп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сотпен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеген.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18бабының 1-тармағының 5) және 8)-тармақшаларына сәйкес жеке тұлғалардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтетуге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтету туралы сотқа қуыным беруге құқығы бар.
Б.Әбішев Жылыой ауданы Құлсары қаласы, Күржіманұлы Қашаған көшесі, №287А үйдің меншік иесі.
Жылыой ауданында орын алған су тасқынына байланысты Жылыой ауданы әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі №8 шешімімен аудан аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.
2024 жылғы 15 сәуірде Жылыой ауданы әкімінің №100 қаулысымен табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) бағалау және өтеу бойынша аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылған.
Тасқын судан зардап шеккен үйлердің материалдық шығынын бағалау және өтеу үшін құжаттар 2024 жылғы 10 мамырға дейін қабылданған.
Жоғарыда аталған талап қоюшының үйі су тасқынынан аман қалған. Алайда, біраз уақыт өткеннен кейін үйінің ішінен су шығып, едендер көтеріліп, жарыла бастаған.
«Ғылыми арнайы және сарапшылық зерттеу лабораториясы» мекемесінің қорытындысында талап қоюшының үйінің (объект) жағдайының ҚР ҚН 5.0307-2013 талаптарына сәйкес келмейтіні және адамдардың тұруына қауіп төндіретіндігі, ҚР СП 1.04-101-2012 «Ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін тексеру және бағалау» сәйкес V санаты бағаланатыны, объектіні кәдеге жарату үшін іс-шаралар кешенін жүргізу бойынша жұмыс жоспарын әзірлеу ұсынылатыны көрсетілген.
Осы мекеме 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №134 хатымен техникалық қорытындының тұжырымы бойынша объектінің көтергіш конструкцияларының жұмысқа жарамды күйде екенін, конструктивтік элементтерін су басуының анық іздері анықталмағанын, су апаты салдарынан зардап шекпегенін хабарлаған.
Комиссияның 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №39 хаттамалық шешімімен талап қоюшының аталған үйіне қатысты мүліктік зиянды өтеуден су апатынан зардап шекпеген деген негізбен бас тартылған.
Талап қоюшымен сотқа ұсынылған «ZIGMUND» ЖШС-нің қорытындысымен талап қоюшының аталған үйі апатты деп танылған.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды толығымен қанағаттандырусыз қалдырған.
Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің талап қоюшының жауапкерден 38 800 000 теңге мүліктік зиянын өндіруді міндеттеу туралы талап қоюын қанағантандырусыз қалдыру туралы бөлігімен келіскен.
Себебі, «Ғылыми арнайы және сарапшылық зерттеу лабораториясы» мекемесінің қорытындысы мен хабарламасынан, фотосуреттерден аталған үйдің айналасын су баспағаны, үйдің су тасқынынан зардап шекпегені анықталған. Ал талап қоюшымен дәлелдеме ретінде ұсынылған «ZIGMUND» ЖШС-нің және «Құрылыс сараптамасы және жылжымайтын мүлік құнын анықтау» дара кәсіпкерінің бағалау қорытындысы су тасқынынан соң бір жылдан кейін жасалған. Талап қоюшының үйі төтеше жағдаймен зардап шекпегені Комиссияның 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №39 хаттамалық шешімімен бекітілген.
Ал, «Ғылыми және сарапшылық зерттеу лабораториясы» мекемесінің 2024 жылғы 11 маусымдағы зерттеу қорытындысын заңсыз деп тану, қорытынды негізінде қабылданған Жылыой ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) бағалау және өтеу жөніндегі комиссияның №39 хаттамасын күшін жою, «Құрылыс сараптамасы және жылжымайтын мүлік құнын анықтау» дара кәсіпкерге келтірген материалдық зиянды бағалау қорытындысын заңды деп тану жөніндегі талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту туралы бөлігінің төмендегі негіздерге байланысты дұрыс күші жойылып, азаматтық істің осы бөлігі бойынша іс жүргізу тоқтатылған.
АПК-нің 277-бабы 1)-тармағына сәйкес сот, егер іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, iс бойынша іс жүргізуді тоқтатады.
Зерттеу қорытындысын және зиянды бағалау қорытындысын заңды деп тану туралы бөліктері бойынша аталған құжаттардың дербес талап қоюдың мәні бола алмайды, өздігінен қандай да бір құқықтар мен міндеттерді тудырмайды. Аталған құжаттар мүліктік зиянды өндіру туралы азаматтық іс бойынша дәлелдеме ретінде бағалануға жатады.
Комиссияның хаттамасының күшін жою туралы бөлігі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 102-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жарияқұқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.
Осыған байланысты апелляциялық сатыдағы сотпен талап қоюдың аталған бөліктері бойынша сот шешімінің күші жойылып, іс жүргізу тоқтатылуға, шешімнің мүліктік зиянды өтетуді міндеттеу туралы талап қоюдың бөлігін қанағаттандырудан бас тарту туралы бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Сотпен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жан-жақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді.
Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер материалдық құқық нормалары мен іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді қайта бағалауға байланысты келтірілгендіктен, сот оларды негізсіз деп санайды.
Шағымның уəждері сот актілерін күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды. Сондықтан, сот актісі күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1)-тармағын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 29 қаңтардағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Талап қоюшы Берқайыр Темірбекұлы Әбішевтен Астана қаласы Сарыарқа аудандық кірістер басқармасына 177 549 (бір жүз жетпіс жеті мың бес жүз қырық тоғыз) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.
Төрағалық етуші судья А.Даненова
М.Ибрагимова
Судьялар
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.