6кп-4-21
Қ А У Л Ы
2021 жылғы 11 ақпан Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья А.Д. Рахметулин,
судьялар М.Т. Балкен, Ж.Б. Ермағамбетова,
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент бөлімінің прокуроры Т[...],
аудармашы Д[...],
әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға А[...] және оның қорғаушы адвокаты Г.С. Ережепованың қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында кассациялық тәртіппен аудио-бейне жазба құралдарын қолданып, ашық сот отырысында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2020 жылғы 17 наурыздағы қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен
С[...] А[...] (ALI SYED SHAKEEL AHMED MUHAMMAD) қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 517-бабының 5- бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2020 жылғы 17 наурыздағы қаулысымен А[...] ӘҚБтК-нің 517бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тәртіппен іс бойынша шығарылған сот актісін қайта қарауды көрсетілген.
Алқа, ұсынуды қолдау жөніндегі прокурордың, А[...] және Г.С. Ережепованың пікірлерін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп, ұсынудың уәждерін талқылап, сот қаулысы өзгертуге жатады деп есептейді. ӘҚБтК-нің 840-бабының 4-тармағы бойынша тағайындалған әкімшілік жаза жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатына, жеке басына сәйкес келмеген жағдайда сот қаулысын өзгертуге негіз болады.
2020 жылғы 16 наурыздағы № 1633020 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес П[...] Республикасының азаматы А[...] «ПКК[...]» ЖШС-де еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырған. Осы факті бойынша оған қатысты ӘҚБтК-нің 517бабының 5-бөлігімен әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалған.
Бірінші сатыдағы сот А[...] кінәсі сот мәжілісінде мойындалған және зерттелген, істегі дәлелдемелерімен толық дәлелденген деген тұжырымға келіп, әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сот әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде жаза тағайындаған. Бірақ, істі қарау кезінде бірінші сатыдағы сот істің мән-жайларына және заң талаптарына тиісті дәрежеде көңіл бөлмегені көрінеді.
ӘҚБтК-нің 55-бабы 2 және 3-бөліктеріне сәйкес әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуы тиiс. Жеке тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, оның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.
«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша соттың қаулысы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 5 нормативтік қаулысының 19-тармағына сай, әкімшілік жазалау шарасын анықтау барысында сот қаулының сипаттау-уәждеу бөлігінде таңдап алынған әкімшілік жазалау шарасының уәждерін келтіруге міндетті. Жеке тұлғаға әкімшілік жаза қолдану барысында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, сонымен қатар оның құқық бұзушылық жасалғанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі. Соттардың назары қаулыны қабылдау барысында ӘҚБтК-нің Ерекше бөлігі баптарының санкцияларында жазаның баламалы түрлері болған кезде әкімшілік жазаны дараландыру қағидатын қатаң сақтау қажеттігіне аударылды.
Қаулыда жаза шарасын таңдау барысында құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ кінәлінің жеке басын куәландыратын қандай нақты мән-жайлардың ескерілгенін көрсету қажет. Қаулыда әкімшілік жазаның «кінәлінің жеке басын ескере отырып» қолданылды дегенге сілтеме жасау жеткіліксіз болып табылады» деп көрсетілген.
ӘҚБтК-нің 40-бабында белгіленген әкімшілік жаза шарасын тағайындау мен таңдау кезінде негізгі шаралар болған кезде соттар, бірінші кезекте, жазаның ауырлық дәрежесі бойынша неғұрлым жеңiлiрек, содан кейін неғұрлым қатаңырақ жазаны қолдануды талқылауы керек.
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48бабында бұрын Қазақстан Республикасынан шығарып жіберілген көшіп келушілерге соттың шығарып жіберу туралы шешімі орындалған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.
Неке қию туралы куәліктің іске тіркелген көшірмесіне сәйкес 2004 жылғы 3 қыркүйекте А[...] мен Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын Н[...] арасында неке тіркелген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабының 1- тармағында неке мен отбасы мемлекеттің қорғауында болады деп көзделген.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасында Қазақстан Республикасының азаматтығына Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылдануы мүмкін деп белгіленген.
ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігінің санкциясымен әкімшілік жазаның баламалы түрлері әкімшілік айыппұл не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу көзделген.
Аталған жазалар болған кезде соттың шығарып жіберу түрінде ең қатаң жаза тағайындауы Қазақстан Республикасы Конституциясының 27бабының және «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының ережелерін тікелей бұзады. Сот тарапынан бұл заңды өрескел бұзу болып табылады.
Істе барлық қажетті дәлелдемелердің болуын ескере отырып, алқа бірінші сатыдағы сот тағайындаған жазаны әкімшілік айыппұлға әкімшілік жолмен шығарып жіберу түрінде ауыстыру қажеттігі туралы қорытындыға келеді. ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігінің санкциясымен 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.
Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 840-бабы 4) тармақшасын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша С[...] А[...] (ALI SYED SHAKEEL AHMED MUHAMMAD) қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2020 жылғы 17 наурыздағы қаулысы өзгертілсін.
С[...] А[...] (ALI SYED SHAKEEL AHMED MUHAMMAD) тағайындалған Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы әкімшілік жазаның орынына 66 275 (алпыс алты мың екіжүз жетпіс бес) теңге айыппұл салынсын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші А. Рахметулин Судьялар Ж. Ермағамбетова
М. Балкен
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.