Қ А У Л Ы
2025 жылғы 17 желтоқсан №6003-25-00-2к/3781 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты төрағалық етуші судья Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
аудармашы А[...], талап қоюшы Е[...], оның өкілі М[...], жауапкердің өкілі Д[...], үшінші тұлғаның өкілі З[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Е[...] жауапкер С[...] заем шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 28 наурыздағы шешіміне және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,
Е[...] жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 28 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, тараптар арасында 2023 жылғы 4 мамырда жасалған заем шартының бірінші тармағы жарамсыз деп танылған.
Талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында, жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мән-жайларға дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, сот актілерін өзгертіп, талап қоюды толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі –АК) 159бабының 9-тармағына сәйкес алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған мәмiленi, сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзi үшiн мүлде тиiмсiз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған
мәмiленi (кiрiптарлық мәмiле) сот жәбiрленушiнiң талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкiн.
АК-нің 724-бабы 1-тармағында заемшы заем берушiден өзiнiң заем нысанасын (ақшаны немесе заттарды) iс жүзiнде алмағандығын немесе шартта көрсетiлгеннен аз мөлшерде немесе аз санда алынғанын дәлелдей отырып, заем шартын даулауға құқылы екені көзделген.
2023 жылғы 4 мамырда нотариус Т[...] куәландырылған заем шартында жауапкер Е[...] талап қоюшы С[...] 6 150 000 теңгені 2023 жылғы 3 тамызға дейінгі мерзімге қарызға алғаны көрсетілген.
Заңды күшіне енген 2024 жылғы 2 шілдедегі Атырау қаласының №2 сотының үкімімен Е[...] некелері бұзылған жұбайы М[...] Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты (өзінше билік ету) жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған бір жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған.
Аталған сот үкімімен М[...] А[...] Е[...] пайдаланып, оның атынан алған қарыз ақшаны С[...] қайтармағанына байланысты өзінің болжамды құқығын өз бетінше А[...] күш қолданып жүзеге асырғаны анықталған.
Қылмыстық іс бойынша куә ретінде жауап берген С[...] өзінен қарызға ақшаны А[...] сұрағанын, алайда нотариус кеңсесінде қарыз шартын жасарда оның атында шектеулер бары анықталғандықтан, оның қасына ертіп келген Е[...] атына қарыз шартын жасағандарын, өзінің 3 000 000 теңгені Е[...] бергенін, шарт бойынша 3 000 000 теңгені үш айдан соң 6 000 000 теңге қылып қайтаруы тиіс екенін айтып көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы сотта үшінші тұлға А[...] С[...] қарызға алған 3 000 000 теңгенің 1 000 000 теңгесін Е[...] алып қалып, қалған 2 000 000 теңгені өзіне (А[...]) бергенін көрсеткен.
Бірінші сатыдағы сот тараптар заем шартына қолдарын қойғанын, заңды күшіне енген сот үкімімен анықталған мән-жайларды, жауапкер С[...] мен үшінші тұлға А[...] көрсетулерін негізге алып, даулы заем шарты бойынша Е[...] С[...] іс жүзінде 3 000 000 теңге алғанын анықтап, талап қоюшының даулы заем шартының 6 000 000 теңге заем сомасы көрсетілген бірінші тармағын жарамсыз деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырған.
Тараптар сот актілерінің бұл бөлігіне кассациялық шағым бермеген.
Сонымен бірге бірінші сатыдағы сот шарттың қалған бөліктерін жарамсыз деп тануға тиісті дәлелдемелер сотқа ұсынылмағандықтан қанағаттандырусыз қалдырған.
Апеллляциялық сатыдағы сот шешіммен келісіп, талап қоюшының жауапкерден 3 000 000 теңге ақшаны алған соң, оны өзіне жұмсағанының немесе А[...] бергенінің жауапкер үшін құқықтық маңызы жоқ екенін,
себебі Е[...] шартқа қол қоюымен қарызды қайтару туралы міндеттеме алғанын көрсеткен.
Жергілікті соттармен іс үшін маңызы бар мəн-жайлар ауқымы жанжақты, толық анықтаған, процестік және материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылған. Соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес келеді. Кассациялық шағымдағы уəждер жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен соттар материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Атырау облысы Атырау қалалық сотының 2025 жылғы 28 наурыздағы шешімі және Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 14 тамыздағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Бастаубаев А.Даненова А.Токсанбаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.