Қ А У Л Ы
2025 жылғы 15 қазан №6003-25-00-2К/1666 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші А.Тоқсанбаев,
судьялар А.Даненова, М.Ибрагимова,
аудармашы С.Кенесовтің, талап қоюшы С.Жексембековтің, талап қоюшының өкілі Р.Керейбаеваның, жауапкер М.Апсяламованың өкілі Д.Мунның, Сарқан аудандық әкімдігінің өкілі А.Жәнібектің, «Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілі Ш.Баймырзаевтың, Сарқан аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің өкілі А.Тлеужановтың қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Сембек Жексембековтің жауапкерлер «Апсяламова М.И.» шаруа қожалығының басшысы Меруерт Иембергеновна Апсяламоваға, Сарқан аудандық әкімдігіне, «Сарқан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облысы бойынша филиалының Сарқан аудандық тіркеу және жер кадастры бөліміне шаруа қожалығы мүшелерінің жер телімін «Апсяламова М.И.» шаруа қожалығының атына тіркеуді міндеттеу, жер үлесін қайтару, жоғалтқан пайдасын өндіру туралы талап қоюымен қабылданған
Жетісу облысы Саркан аудандық сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы шешіміне және Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
С.Жексембеков жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Сарқан аудандық сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында, жергілікті соттармен материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын, соттардың тұжырымдары істің мән-жайларына сәйкес келмейтінін көрсете келе, сот актілерінің күшін жойып, талапты қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Кассациялық сот шағым уәждерін зерделеп, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, келесі негіздерге байланысты бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері өзгеріссіз қалдырылуға жатады деген тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда соттар іс бойынша елеулі заң бұзушылықтарға жол бермеген.
9 наурыздағы «Калденов С» ШҚ-ның жерінен шаруа қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін тұрақты пайдалануға беру туралы №3-83 шешімімен Ерингазы Апсалямовқа Бақалы ауылдық округінен жалпы көлемі 315 га, оның ішінде 40 га суармалы егістік, 110 га суарылмайтын егістік, 18 га шабындық, 147 га жайылым жер берілген.
Е.Апсалямов 2012 жылғы 30 қазанда қайтыс болған.
2013 жылғы 15 тамызда №3540 заң бойынша мұраға құқық туралы куәлігіне сәйкес, мұраны жауапкер М.Апсяламова қабылдаған.
Мұраға құқық туралы 2013 жылғы 15 тамыздағы куәліктің, «Апсалямов» ШҚ-ның мүшелерінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі жалпы жиналысының хаттамасы негізінде Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы Бақалы ауылдық округіндегі «Апсалямов» ШҚ-ның жерін М.Апсяламоваға шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша 31 жылға жалға беру туралы №204 қаулысымен жалпы ауданы 335,9 га, оның ішінде 48,6 га суармалы егістік, 18,0 га шабындық, 269,3 га жайылым жер уақытша 31 жылға берілген, осы қаулыда 16 үлескердің, оның ішінде талап қоюшыныңда жер үлесі көрсетілген.
Жер телімдеріне кадастрлық №№ 03-263-007-435, 03-263-007-103 мемлекеттік актілер берілген.
2016 жылғы 14 маусымда М.Апсяламова Сарқан ауданы әкіміне 18,0 га шабындық, 269,3 га жайылым жерді коммуналдық меншігіне қабылдауды сұраған.
Сарқан аудандық сотының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі шешімімен кадастрлық нөмірі 03-263-007-103 ауданы 287,3 га жер учаскесі, оның ішінде 18,0 га шабындық, 269,3 га жайылым коммуналдық меншікке түскен.
Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 тамыздағы қаулысымен Сарқан аудандық сотының 2020 жылғы 22 қыркүйектегі шешімінің күші жойылып, Сарқан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №204 қаулысымен берілген жалпы ауданы 335,9 га, оның ішінде 48,6 га суармалы егістік 18,0 га шабындық, 269,3 га жайылым жер М.Апсяламованың ШҚ-на қайтарылған.
Талап қоюшы С.Жексембеков сотқа берген талап қоюында жауапкер М.Апсяламованың жалпы ауданы 287,3 га жер учаскесін, оның ішінде 18,0 га шабындық, 269,3 га жайылым жерді «Апсяламова М.И.» шаруа қожалығының атына тіркеуге, шаруа қожалығынан өзіне 7,2 га суармалы егістік жер үлесін алып беруді және жерді 2021-2023 жылдар аралығында пайдаланғаны үшін 13 028 470 теңге материалдық шығынды өндіруді сұраған.
Жергілікті соттармен талап қоюшы С.Жексенбековтің шаруа қожалығы мүшелерінің жер телімін «Апсяламова М.И.» шаруа қожалығының атына тіркеуді міндеттеу туралы талап қоюы дұрыс қанағаттандырусыз қалдырылған, себебі Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 24 тамыздағы қаулысымен жер телімдеріне қатысты құқықтар «Апсяламова М.И.» шаруа қожалығына қайтарылған.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі N 310 Заңың 44бабының 1, 4-тармақтарына сәйкес сәйкес сот актiсiмен белгiленген жылжымайтын мүлiкке құқық (құқық ауыртпалығы) осы бапта белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, жалпы негiздерде тiркелуге жатады. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен сот актісінің күші жойылған кезде құқықтық кадастрдағы тіркеу туралы жазбаның уәкілетті орган белгілеген ережелер бойынша күші жойылуға тиіс. Көрсетілген жағдайларда жылжымайтын мүлікке құқық (құқық ауыртпалығы) туындады деп есептелмейді.
Осы құқық нормаға сәйкес аталған алқа қаулысы тіркеу органына тіркелгеннен бастап шаруа қожалығына тиесілі жер теліміне қатысты құқықтар қалпына келтірілген болып саналады.
Сондықтан бұл мәселе сот актісін орындауға жолдау арқылы жүзеге асырылады.
Талап қоюшының шаруа қожалығынан 7,2 га суармалы-егістік жер үлесін алып беру туралы талабының бас тартуын жергілікті соттар 2011 жылғы 20 шілдеге дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 170-бабының 4-тармағына сілтеме жасап, талап қоюшы С.Жексембеков өз жер үлесін пайдалану құқығын заңдастыру үшін 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін ешқандай құқықтық құжаттар алмай, жер учаскесіне қатысты құқықтарынан айырылғанымен, сондай-ақ, 2021-2023 жылдар аралығында жоғалтқан пайданы өндіру туралы талабының дәлелсіздігі жер телімі көрсетілген жылдары коммуналдық меншікте болғандығымен негізделген.
Сот жергілікті соттардың талап қоюшыға пайдалану үшін берілген жер теліміне қатысты құқықтары тоқтатылғаны туралы түйінін негізсіз деп санайды.
Себебі, талап қоюшы шарттық үлесті пайдалану құқығымен берілген жер телімімен жоғарыда аталған шаруа қожалығына кірген.
2011 жылғы 20 шілдеге дейін қолданыста болған Жер кодексінің 170бабының 9-тармағына сәйкес, азаматтар мен заңды тұлғаларға осы Кодекс қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бұрын қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берiлген жер учаскелерiне құқықты белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгiленген жер учаскелерiне құқықтардың өзгеруi ескерiле отырып, заңдық күшiн сақтайды.
Мұндай құжаттарды жер учаскелерiне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарға осы Кодекске сәйкес ауыстыру құқық иелерiнiң қалауы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жер учаскесі қазіргі уақытқа дейін аудандық атқарушы органның шешiмiмен сатылмаған, шартты жер үлес есебiне ауданның арнайы жер қорына енгiзiлмеген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың жер заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысының 12-тармағына сай Жер кодексінің 53-бабына сәйкес жер учаскесі екі немесе бірнеше тұлғаның ортақ меншігінде немесе ортақ жер пайдалануында болуы мүмкін. Өз кезегінде жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану әрбір меншік иесінің және жер пайдаланушының үлестері анықталып, үлестік меншік немесе үлестік жер пайдалану нысанында немесе үлестері анықталмай, ортақ бірлескен меншікте, бірлескен жер пайдалануда болады.
Осы ережені ескере отырып, соттар жер учаскесін бөлу немесе пайдалану тәртібін айқындау туралы талап қоюларды қараған кезде Жер кодексінің 54-60-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескеруі қажет.
Соттар шаруа қожалығының мүшесі оның құрамынан шыққанда жер телімін бөліп шығаруға байланысты талап қоюларды қараған кезде шаруа қожалығына берілген жер учаскесі, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында не ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында болатындығын назарға алуы керек. Осыған байланысты соттар Жер кодексінің 54-59-баптарының талаптарына сәйкес жер теліміне меншік немесе жер пайдалану нысанын, шаруа қожалығы мүшелері арасындағы шарт талаптарын және жер учаскесін бөліп шығару туралы мәселені шешу үшін өзге де мән-жайларды анықтау керек.
Соттар шаруа қожалығының мүшесі оның құрамынан шыққан кезде жер телімін бөліп шығаруға байланысты талап қоюларды қараған кезде шаруа қожалығына берілген жер телімі, егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік жер пайдалану құқығында не ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында болатынын назарға алуы керек.
Жер кодексінің 57-бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес, ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар ортақ жер телімін бөлудiң әдiсi мен талаптары жөнiнде келiсiмге келе алмаған жағдайда, әрбiр қатысушы ортақ жер телімінен өзiнiң жер үлесiн нақтылы (белгiлi бiр жерде) бөлiп шығаруды талап етуге құқылы, бұған осы Кодекстiң 62-бабының 2- тармағында көзделген жағдайлар және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайлар қосылмайды.
Егер жер үлесiн нақтылы бөлiп шығаруға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жол берiлмесе немесе жер теліміне және онымен тығыз байланысты нәрсенiң бәрiне өлшеусiз залал келтiрмей жасауы мүмкiн болмаса, бөлiнiп шығатын меншiк иесiнiң (жер пайдаланушының) ортақ үлестiк меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) басқа қатысушыларына өзiнiң жер
үлесiнiң құнын төлетуге, не оны осы Кодекстiң 55-бабының 2-тармағында белгiленген ережелерге сәйкес басқa тұлғаға сатуға құқығы бар, бұған жер үлесi кондоминиум объектiсiнiң құрамында болатын жағдай қосылмайды.
Сарқан ауданы әкімінің 1998 жылғы 9 наурыздағы «Калденов С» ШҚның жерінен шаруа қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін тұрақты пайдалануға беру туралы №3-83 шешімімен бірге берілген аудан әкімдігі мен жер бөлімінің мөрі басылып лауазымды тұлғалардың қолдары қойылған тізімінде «Апсалямов Ерғазы» шаруа қожалығының үлестік пайдаланушылары ретінде Еркенғазы Апсалямовтан басқа 16 тұлғаның, соның ішінде С.Жексембековтің 7,20 га суармалы егістік, 3,15 га шабындық, 26,70 га жайылым жері бар екені көрсетілген.
Талап қоюшы Жер кодексінің 57-бабына сәйкес, шаруа қожалығының ортақ жер телімін бөлудiң әдiсi мен талаптары жөнiнде басқа пайдаланушылармен келiсiмге келе алмағаны туралы дәлелдемені сотқа ұсынбаған.
Жер кодексінің 101-бабының 4, 5-тармақтарына сәйкес үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар болып табылатын және шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелерi осы Кодекстiң 54-бабына сәйкес үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жалпы жиналысы бекiткен үлестiк меншiктегi (үлестiк жердi пайдаланудағы) жер учаскесiн пайдалану тәртiбiне сәйкес берiледi. Yлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушыларды жер учаскелерiн пайдалану тәртiбiн бекiту жөнiндегi алдағы жиналыс туралы хабардар ету ол өткiзiлетiн күнге дейін кемiнде бiр ай қалғанда қолхат алу арқылы жазбаша нысанда жүргiзiледi. Тиiсiнше хабардар етілген жағдайда жиналыс үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң кемiнде елу пайызы қатысқан кезде заңды деп есептеледi. Шешiм жиналысқа қатысып отырған үлестiк меншiкке (үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Қатысып отырған үлестiк меншiкке (үлестiк жep пайдалануға) қатысушылардың немесе олардың өкiлдерiнiң барлығы хаттамаға қол қояды.
Осы баптың 3-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырған жағдайда қатысушылардың (мүшелердің) жалпы жиналысының үлесті немесе пайды нақтылы бөлiп шығаруға (бөлiсуге) тиісті хаттамасы, бөлінетін жер учаскесінің орналасқан жері туралы келісілген материал, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы қоса берілген азаматтың өтініші оған жер учаскесіне құқықты ресімдеу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
Талап қоюшының шаруа қожалығындағы үлесі бойынша, Жер кодексінің 54 және 57-бабына сәйкес басқа үлестік пайдаланушылармен жер учаскесін бөлудің әдісі мен талаптары жөнінде келісімге келу шараларын көруі тиіс және
шаруа қожалығынан шығу, үлесті немесе пайды нақтылы бөлiп шығару (бөлiсу) шаруа қожалығының жалпы жиналысында қаралуға жатады.
Осы тұрғыда жергілікті соттармен талап қоюшының жауапкерден жер үлесін қайтару туралы талап қоюы дұрыс қанағатандандырусыз қалдырылған.
Сонымен қатар, жергілікті соттардың талап қоюшының жоғалтқан пайданы өндіру туралы талабын да қанағаттандырусыз қалдырғанымен сот келіседі, себебі 2021-2023 жылдар аралығында жауапкер жер теліміне иелік етпегені заңды күшіне енген сот шешімімен анықталған.
Кассациялық шағымда көрсетілген уәждер сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болып табылмайды.
Көрсетілгендердің негізінде сот жергілікті соттардың шешімдері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандадырусыз қалдыруға жатады деп санайды.
АПК-нің 451-бабының 2 бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,
сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Жетісу облысы Саркан аудандық сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы шешімі және Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 ақпандағы қаулысы күшінде, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
А.Тоқсанбаев
Төрағалық етуші
Судьялар
А.Даненова
М.Ибрагимов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.