6001-24-00-6ап/2799(3)
ҚАУЛЫ
2025 жылғы 14 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев,
судьялар – Г.К. Нұрбаев, Е.Ж. Өмірәлиев,
өзінің ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында талап қоюшы Айдымбекова Меруерт Исаевнаның жеке сот орындаушысы Алиев Фахраддин Ашур оглының 2023 жылғы 5 қаңтардағы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 тамыздағы қаулысына мүдделі тұлғаның келтірген кассациялық шағымын қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы М.А.Айдымбекова жоғарыда аталған әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешімімен талап арыз толық көлемде қанағаттандырылған.
Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз күшінде қалдырылған.
Аталған сот актілеріне мүдделі тұлға Б.Ж.Айдаров олардың күшін жою туралы кассациялық шағым берілген.
Істі негізі бойынша қарағанға дейін мүдделі тұлғадан кассациялық шағымды кері қайтару туралы өтініш келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 435-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өтiнiшхат берген тұлға өтінішхат қаралғанға дейін кассациялық сатыдағы сотқа арыз беру арқылы одан бас тартуға немесе өтінішхатты кері қайтарып алуға құқылы. Осыған орай, АПК-ның 442-бабының бірінші бөлігінің 4) тармақшасының негізінде мүдделі тұлға Б.Ж. Айдаровтың кассациялық шағымы, кері қайтару туралы өтінішхатына сәйкес қайтарылуға жатады. АПК-ның 444-бабының бірінші бөлігінің 3) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 шілдедегі шешіміне, Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 22 тамыздағы қаулысына мүдделі тұлға Бауыржан Жамбылұлы Айдаровтың келтірген кассациялық шағымы кері қайтарылсын.
Іс бойынша тараптарға қаулының көшірмесі жіберілсін.
Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Нұрбаев Г.К.
Судьялар
Өмірәлиев Е.Ж.
Көшірмесі дұрыс. Судья Дуйсенбаев Г.Б.
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.