Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 06.11.2025 по делу 6003-25-00-2к/1695 (Гражданское)

Ұ Й Ғ А Р Ы М

2025 жылғы 6 қараша 6003-25-00-2к/1695 (2) Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы А.С.Смайлов, талап қоюшы Ибраева Бибифатима Дуйсековнаның жауапкерлер Жаппаров Нурлыгали Тасбаковичке, «Тұран ТСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Газ құбыры-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Наргул Элит Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Арнұр Кредит» Микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Жаппарова Жанат Жаксылыковнаға берген ғимаратты пайдалануға қабылдау актісін және кепілге қою туралы шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық ісі бойынша судья Ғ.Б.Бастаубаевтың істі қараудан өздігінен бастарту туралы арызын қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 12 наурыздағы №5242-24-00-2/29187 шешімімен және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 12 маусымдағы №2а-935/25 қаулысымен келіспей жауапкер Н.Т.Жаппаровтың өкілі адвокат А.Ғ.Бастаубаев кассациялық шағым келтірген.

Аталған шағым «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы кассациялық соттың судьясы Ғ.Б.Бастаубаевтың іс жүргізуіне бөлінген.

Кассациялық соттың судьясы Ғ.Б.Бастаубаевтан осы азаматтық іс бойынша жауапкердің өкілі адвокат А.Ғ.Бастаубаев өзінің ұлы екенін, сондықтан істі қарауға қатыса алмайтынын көрсетіп істі қараудан өздігінен бас тарту туралы арыз келтірді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 38-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес судья, егер ол іске қатысатын адамдардың немесе олардың өкілдерінің бірінің туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болса, істі қарауға және шешуге қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) тиіс.

АПК-тің 40-бабының 1-бөлігіне сай осы Кодекстің 38, 39-баптарында көрсетілген мән-жайлар болған кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, сот отырысының хатшысы өздігінен бас тартуды мәлімдеуге міндетті. Іске қатысатын адамдар сол негіздер бойынша қарсылық білдіруге тиіс.

Осы баптың 4-бөлігінде судьяның осы Кодекстің 38-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша мәлімдеген өздігінен бас тартуы оны қанағаттандыру үшін сөзсіз негіз болып табылатыны көрсетілген.

Судьяның бас тартуы қанағаттандыруға жатады, себебі жоғарыда аталған заң талаптарымен мұндай жағдайда судъяның істі қарауға және шешуге қатыса алмайтыны көзделген.

АПК-тің 38-бабының 2-бөлігін, 40 бабының 4 бөлігін, 41, 42 баптарын басшылыққа алып, судья

Ұ Й Ғ А Р Ы М Е Т Т І

Кассациялық соттың судьясы Ғ.Б.Бастаубаевтың талап қоюшы Ибраева Бибифатима Дуйсековнаның жауапкерлер Жаппаров Нурлыгали Тасбаковичке, «Тұран ТСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Газ құбыры-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Наргул Элит Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, «Арнұр Кредит» Микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, Жаппарова Жанат Жаксылыковнаға берген ғимаратты пайдалануға қабылдау актісін және кепілге қою туралы шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс бойынша істі қараудан өздігінен бас тартуы арызы қанағаттандырылсын, іс «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы қайта бөлуге берілсін.

Судья А.С.Смайлов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.