№6003-25-00-2к/3431
ҚАУЛЫ
2026 жылғы 5 ақпан Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында төрағалық етуші судья К.Р. Айтжанов, судьялар Н.О.Косанов, М.Т. Кадырова, талап қоюшының өкілі Қ[...], жауапкер Ш[...], жауапкер өкілдері М[...], А[...], О[...],
үшінші тұлға Б[...],
аудармашы Ш[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы Б[...] жауапкерлер О[...], Г[...], Е[...], Е[...], Г[...], Ш[...], Р[...], жеке нотариус Т[...], жеке нотариус Б[...] сатып алу – сату келісім шарттарын жарамсыз деп тану туралы азаматтық істі жауапкер Р[...] Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы Б[...] аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, талабында жеке меншігіндегі жер телімдері жауапкерлердің заңсыз әрекеттердің салдарынан меншік иеліктерінен шығып кеткендігімен негіздеп, жауапкерлермен жасалған сатып алу-сату келісім шарттарды жарамсыз деп тануды сұраған.
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 26 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылып, 2022 жылғы 9 желтоқсанда Б[...] атынан сенімхат негізінде әрекет етуші О[...] пен Е[...] арасындағы нотариус Т[...] куәландырылған № 1 жер учаскесін сатып алу-сату шарты, 2023 жылғы 7 ақпандағы Б[...] пен О[...] арасында нотариус Т[...] куәландырылған № 2 жер телімін сатып алу-сату шарты, 2023 жылғы 8 ақпандағы Е[...] пен Г[...] арасында нотариус Т[...] куәландырылған № 1 жер телімін сатып алу-сату шарты, 2023 жылғы 14 ақпанда О[...] пен Г[...] арасында нотариус Т[...] куәландырылған № 2 жер учаскесін сатып алу-сату шарты, 2023 жылғы 20 наурызда Г[...] мен Ш[...] арасында нотариус Б[...]
куәландырылған № 1 жер учаскесін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.
Талап қоюдың қ алған бөлігі 2023 жылғы 20 сәуірдегі Ш[...] мен Р[...] арасындағы нотариус Б[...] куәландырылған № 1 жер учаскесін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану жөнінде талап қою қанағаттандырусыз қалдыр ылған.
. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысымен аталған шешім өзгертіліп, шешімнің талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту бөлігінде күші жойылып және осы бөлігінде жаңа шешім қабылданған.
Ж[...] Ш[...] мен Р[...] арасындағы Шымкент қаласы, Абай ауданы, Нұршуақ мөлтек ауданы, № 3442 жер учаскесін сату туралы 2023 жылғы 20 сәуірдегі тізімде № 657 тіркелген сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған.
Шешімнің өзге бөлігі өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер Р[...] кассациялық шағымында апелляциялық сотымен материалдық және процестік құқық нормалары бұзылғанын көрсетіп, аталған қаулының күшін жоюды, бірінші сатыдағы соттын шешімін күшінде қалдыруды сұраған. Кассациялық сот шағымды қолдаған жауапкер Ш[...], жауапкер өкілдері М[...], А[...], О[...], шағымға қарсылық білдірген талап қоюшының өкілін және үшінші тұлғаны тыңдап, келесі тұжырымға келді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі -АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіз болады. Апелляциялық сотымен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.
Бірінші сатыдағы сот 2023 жылғы 20 сәуірдегі Ш[...] мен Р[...] арасындағы жер телімін сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану жөнінде талап қою қанағаттандырусыз қалдыр ылған кезде Р[...] адал алушы деп таныған.
Апелляциялық сот бірінші саты соттың тұжырымдамасымен келіспей, талап қоюшының даулы жер телімдері оның еркiнен тыс жолымен иелігінен шығып қалу жағдайының дәлелін тапқанына байланысты талап қою толық қанағаттандырылуға жатады деген қорытындыға келген.
Кассациялық сот апелляциялық соттың тұжырымдамасымен келіседі. Іс материалдарынан анықталғандай 2016 жылғы 18 ақпанда Б[...] сатып алу-сату келісім шарты негізінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Солтүстік саяжай алабы, № 2759, кадастрлық №19-309-060-
962 жер учаскесін сатып алған, аталған келісім шарт мемлекеттік тіркеуден өткен.
2016 жылғы 26 тамызда Б[...] сатып алу-сату келісім шарты негізінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Солтүстік саяжай мекені, № 3442, кадастрлық №[...] жер учаскесін сатып алған, аталған келісім шарт мемлекеттік тіркеуден өткен.
Б[...] қайтыс болуына байланысты Б[...] мұралық мүлікке және мүліктік емес құқықтар бойынша заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік берілген.
Талап қоюшы Б[...] талап қою арызында күйеуі Б[...] сатып алу-сату шарттарына қол қоймағандығын, жер учаскесі сатылғаны үшін ешкімнен ақша алмағандығын, жер учаскесін сату үшін сенімхат бермегенін, даулы жер телімдерінің иеліктерінен шығып кеткенін білмегенімен негіздеген.
Істі қарау барысында сот сараптамасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Шымкент қаласы бойынша сот сараптама институтының 2024 жылғы 1 сәуірдегі №747 қосымша комиссиялық жазу мен қолтаңба сот сараптама қортындысына сәйкес, 2023 жылғы 7 ақпандағы № 268 жер учаскесін сатып алу-сату шарты, реестр № 269 нотариалды куәландырылған арыз, 2023 жылғы 14 ақпандағы № 328 жер учаскесін сатып алу-сату 2023 жылғы 14 ақпандағы реестр №332 нотариалды куәландырылған арыз О[...] орындалған.
2022 жылғы 7 желтоқсандағы реестр № 2679 сенімхаттағы қолтаңба, нотариалды куәландырылған реестр № 268 жер учаскесін сатып алу-сату шарты Б[...] емес, басқа тұлғамен орындалған. Оның негізгі қолтаңбаларына ұқсатып орындалған деп анықталған.
Сотта зерттелген құжаттардан жауапкер Н.О. О[...].Б[...] арасында жер учаскелерін сату-сатып алу келісім шартқа Б[...] қол қоймағаны дәлелін тапқан. Осы мән-жайларға байланысты соттар Б[...] мүлкін сатуға ниет білдірмегені, мәміленің жасалғанынан мүлдем бейхабар болғанын анықтаған.
Б[...] 2024 жылы сотқа аталған мәмілерді жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген. Ж[...] жоғарыда көрсетілген мәнжайларды толық мойындап, онын ішінде жауапкер Д.Ш. Р[...] Б[...] бітімге келіп, 2024 жылғы 24 сәуірде олардың арасында жасалған барлық сату сатып-алу шарттарының күшін жоюға, осы шарттарды бекіткен нотариустарға арызданып, күшін жойып, бастапқы калпына келтіру туралы міндеттеме алған, яғни екі жер учаскесі Б[...] өз меншігіне өту туралы келісімге Б[...] өз тарапынан талап қою арызын қараусыз қалдыру туралы сотқа арыздануды міндеттелген.
Аталған міндеттеме жауапкерлердің дауланып отырған мәмілелер заңсыз жасалғанын мойындағандарын дәделдейді.
Осы мән жайға байланысты кассациялық сот апелляциялық соттың Ш[...] мен Р[...] арасындағы Шымкент қаласы, Абай ауданы, Нұршуақ мөлтек ауданы, № 3442 жер телімін сату туралы 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 657 тіркелген сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылуға жатады деген тұжырымдамасы дұрыс деп есептейді.
Дауланып отырған мәмілелер Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 158 -бабының 1-тармағында көрсетілген заңнама талаптарына сәйкес келмейтiн мәмiлелер қатарына жатады, себебі Б[...] мүлкін сатуға ниет білдірмеген, жер учаскелер жалған құжат жасау арқылы сатылған.
Кассациялық сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып жауапкердің кассациялық шағымында көрсеткен уәждерін негізсіз деп есептейді.
Іс бойынша мән-жайлар толық көлемінде анықталған, оларға апелляциялық сатыдағы сотымен дұрыс құқықтық баға берілген, құқық нормалары дұрыс қолданылған. Сондықтан апелляциялық соттың қаулысы күшінде қалдырылуға жатады.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып,
сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 10 маусымдағы қаулысы күшінде, жауапкер Р[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
К.Р. Айтжанов
Төрағалық етуші
Судьялар Н.О. Косанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.