Қ А У Л Ы
2025 жылғы 19 қараша №6003-25-00-2к/2573 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында
төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев,
судьялар А.А. Бакытжанова, Ч.И. Майшибаев, талап қоюшы Н.Д.Мырзабекова, оның өкілі Г.И.Булегенова,
жауапкер Ж.А.Уразымбетова, жауапкер «Арнұр Кредит» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Т.Н.Байдаулетов
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы Нурхан Даулетбековна Мырзабекованың жауапкерлер Жанар Абдыхановна Уразымбетоваға және «Арнұр Кредит» микроқаржылық ұйым» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берген кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 24 қаңтардағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 сәуірдегі қаулысына талап қоюшының өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 24 қаңтардағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 сәуірдегі қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
А.Бакытжанова
Ч.Майшибаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.