Қ А У Л Ы
2026 жылғы 14 қаңтар №6003-25-00-2к/4380 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
талап қоюшы У.Жакасова, оның өкілі Е.Онгарбаев, жауапкерлердің өкілдері Д.Серикова және Д.Кінәздің қатысуларында,
ашық сот отырысында талап қоюшы Уметкан Сапановна Жакасованың жауапкерлер Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкіміне, «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қоюымен қабылданған Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 мамырдағы қаулысына жауапкер Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
У. Жакасова жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының 2025 жылғы 29 қаңтардағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 мамырдағы қаулысымен шешімнің күші жойылып, талап қоюшының өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тану туралы талап қоюы қанағаттандырылған.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Ә.Тұңғатов көшесі, 21/1 жер теліміне салынған тұрғын үйге У.Жакасованың меншік құқығы танылған.
Жауапкер Жетісу облысы Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімі кассациялық шағымында, талап қоюшы жергілікті атқарушы органның тұрғын үй орналасқан жер теліміне құқықтар табысталатыны туралы келісімін алмағанын, тұрғын үй құрылыс нормаларына сәйкес келмейтінін, тұрғын үй орналасқан жер телімі көрші жер телімдерімен қабаттасатынын көрсетіп, апелляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берген.
Талап қоюшы У.Жакасованың сотқа ұсынған Өтенай селолық халықтар депутаттарының кеңесінің төрағасының 1993 жылғы 29 қарашасындағы № 47 шешімінің көшірмесіне қарағанда, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Заря Коммунизма селосы, Школьная көшесі, 21 үй 1 пәтер орналасқан 0,0918 га жер телімі Мухаметкарим Ныгиметовке өмір бойы иеленуіне берілген.
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіның соттың 2024 жылғы 5 қарашадағы хатына берген жауабында Өтенай аулдық округінің (бұрынғы Заря Коммунизма селосы) 1993 жылғы шешімдері мұрағатқа сақтау үшін түспегені хабарланған.
«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жетісу облыс бойынша филиалының Талдықорған қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің соттың 2024 жылғы 10 қазандағы хатына берген жауабында даулы жылжымайтын мүлік тіркелмегені мәлімделген.
2012 жылғы 2 мамырдағы №9 қайтыс болу туралы куәлікке сәйкес Мухаметкарим Ныгиметов 2005 жылғы 9 наурызда қайтыс болған.
2012 жылғы 14 наурыздағы нотариатты куәландырылған сенімхатпен Мурат Мухаметкаримович Ныгиметов талап қоюшы У Жакасоваға даулы жер телімі мен тұрғын үйді сатуға өкілеттік берген.
2012 жылғы 21 мамырдағы №9 Қайтыс болу туралы куәлікке сәйкес Мурат Мухаметкаримович Ныгиметов 2012 жылғы 15 мамырда қайтыс болған.
2024 жылдың 11 қыркүйегінде жасалған «B.M.G Құрылыс» ЖШС-нің құрылыс зерттеу орталығының қорытындысы бойынша даулы үй құрылыс нысаны техникалық талаптарға сай.
У.Жакасова сотқа берген талап қоюын 2010 жылғы 10 желтоқсанда Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылы, Ә.Тұңғатов көшесі (бұрынғы Школьная), 21/1 үй (бұдан әрі - даулы үй) мекенжайында орналасқан жалпы алаңы 0,0918 га жер учаскесін сатып алғанын, кейін ол жерде өз бетінше тұрғын үй салғанымен негіздеп, оған меншік құқығын тануды сұраған.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшы мемлекетке тиесілі жер теліміне салынған тұрғын үйге меншік құқығын тануды сұрағанын, жергілікті атқару органы тұрғын үйдің астындағы жер теліміне меншік құқығын талап қоюшыға табыстауға келісімі алынбағанын, даулы үй орналасқан жер теліміне жасалған 2024 жылғы 9 желтоқсандағы тексеру қорытындысы бойынша жер телімі солтүстік-шығыс жағында кадастрлық №24-268-903-031 жер телімі 73 ш.м, кадастрлық №24-268-903-328 жер теліміне 33 ш.м, кадастрлық №24-268-903026 жер телімне 8 ш.м, ал оңтүстік-батыс жағынан кадастрлық №24-268-903585 жер теліміне 44 кв.м, қабаттасу бар екені анықтаған.
Апелляциялық сатыдағы сот талап қоюшының көршілері жер телімінің шекаралары бойынша даулары жоқ екенін, талап қоюшымен жер телімінің шекарасын анықтау және қалпына келтіру бойынша жер теліміне орналастыру
жобасы жасалғанын негізге алып, сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырған.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 244-бабы 1, 3- бөліктеріне сәйкес мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады.
Өзiне тиесiлi емес жер теліміне құрылысты жүзеге асырған адамға бұл жер телімге салынған құрылысты орналастыру үшiн осы адамға белгiленген тәртiп бойынша берiлген жағдайда ғана өз бетiмен салынған құрылысқа меншiк құқығы танылады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 5 «Тұрғын үйге меншік құқығын қорғауға байланысты дауларды шешудің кейбір мәселері туралы» нормативтік қаулысының 11-тармағында берілген түсіндірмелерге сәйкес өз бетімен салынған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап жергілікті атқарушы органға беріледі және талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қаралады. Егер құрылыстың сақталуы басқа тұлғалардың заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқпаса немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмесе, мұндай талаптар қанағаттандырылуы мүмкін. Мұндай жағдайлар құрылысы аяқталған объектілерді мемлекеттік қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті органдардың рұқсаттарымен расталуы қажет.
Осы қаулының 12-тарамағына сай тұрғын үй салу мақсатында бөлінбеген жер телімінде өз бетінше тұрғызылған тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы талап қоюды қарау кезінде ол осы телімге талап қоюшыға заңда белгіленген тәртіппен берілген жағдайда ғана қанағаттандырылуы мүмкін.
Осыған байланысты судья істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшыға жер телімінің оған берілгеніне және құрылыстың қала құрылысына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетініне дәлелдемелер беру жөнінде ұсыныс жасауға тиіс. Жер учаскесін талап қоюшыға беруге келісім туралы және құрылыстың нормалар мен қағидаларға сәйкес келетіні туралы әкім мен уәкілетті органдар берген құжаттар осындай дәлелдемелер бола алады.
Сондықтан істі сотта қарауға дайындау кезінде судья талап қоюшыға жер телімі оған берілетіндігі, құрылыстың сәулет және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келетіндігі туралы дәлелдемелерді келтіруі керек.
Алайда өз бетімен салынған құрылыс орналасқан жер телімін талап қоюшы У.Жакасоваға белгiленген тәртiп бойынша берiлетіні туралы жергілікті атқарушы органның келісімі болмаған. Тұрғын үйді талап қоюшының өзі заң талаптарына сай салғанын бекітетін дәлелдемелер ұсынылмаған.
Бұл мән-жайлар, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуға негіз болып саналады.
Мұндай жағдайда, сот апелляциялық сатыдағы сотпен материалдық құқық нормаларының талаптары елеулі түрде бұзылған деп санайды, себебі бұл заң бұзушылық дау бойынша заңсыз шешім қабылдауына алып келген. Сондықтан сот бірінші сатыдағы соттың талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін заңды және негізді деп табады.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар жергілікті соттармен толық және дұрыс анықталғанын, алайда апеллляциялық сатыдағы сотпен материалдық құқық нормасы дұрыс қолданылмағанын ескеріп, сот апеллляциялық сатыдағы сот қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін қалпына келтіріп, кассациялық шағымды қанағаттандырады.
АПК-нің 117-бабы 1-бөлігіне сәйкес талап қоюшыдан мемлекет пайдасына 32 500 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 2) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 2 мамырдағы қаулысының күші жойылып, Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының 2025 жылғы 29 қаңтардағы шешімі күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Уметкан Сапановна Жакасовадан мемлекет пайдасына 32 500 (отыз екі мың бес жүз) теңге мемлекеттік баж өндірілсін.
Жауапкер Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің кассациялық шағымы қанағаттандырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.