ҚАУЛЫ
2024 жылғы 23 мамыр 6001-23-00-6ап/2371 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар –Ш.Т.Даниярова, Ғ.Ө.Әлжанов болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкерлер Шымкент қаласының әкіміне, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Шымкент қаласының жер комиссиясына, «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н[...], «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшының орынбасары Ж[...] ісәрекеттерін заңсыз деп тану, жер комиссиясының хаттамалық шешімін, қаулысын заңсыз деп тану, қала құрылыстық қортындыны заңсыз деп тану, қолайлы әкімшілік акті қабылдауға міндеттеу туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі шешіміне және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 шілдедегі қаулысына талап қоюшы А[...] келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 5 сәуірдегі шешімімен талап қоюлар ішінара қанағаттандырылған. Шымкент қаласының жер комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №50/113 хаттамалық шешімінің, Шымкент қаласының әкімдігінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы №2 қаулысының А[...] қатысты бөліктері заңсыз деп танылған.
А[...] талабының «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н[...], басшының орынбасары Ж[...], Шымкент қаласының жер комиссиясының іс-әрекеттерін заңсыз деп тану, 2022 жылғы 26 желтоқсандағы қала құрылыстық қортындыны заңсыз деп тану, қолайлы акт қабылдауды міндеттеу туралы бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 шілдедегі қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілген, талап қоюшының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы қала құрылыстық қортындыны заңсыз деп тану туралы талап қоюы қайтарылған. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдыралған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды сұраған.
Жауапкер Шымкент қаласының әкімінің өкілі іске онлайн түрінде - бейнеконференцбайланыс арқылы қатыстыруды сұраған.
Сот алқасының отырысы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында қарауға тағайындалған болатын. Сондықтан жауапкердің өкілі сотқа келмеуі туралы уәжін сот дәлелді деп санамайды.
Басқа тараптар немесе олардың өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді. Сотқа келмеу себептерін хабарламады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Іс құжаттарын және қассациялық шағымның дәлелдерін зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-ның 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.
Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, 2020 жылғы 11 тамыздағы сату - сатып алу келісім шарты негізінде А[...] Шымкент қаласы, [...], жалпы алаңы 0,0697 га жер учаскесімен сатып алған. Меншік құқығы тіркелген.
2022 жылы 21 желтоқсанда талап қоюшы 0,0697 га жер учаскесінде орналасқан меншігіндегі жеке тұрғын үйін кадастрлық құнымен сатып бере отырып нысаналы мақсатын өзгертіп, медициналық орталықтың құрылысын жүргізу құқығымен иелік ету құқығына бекітіп беру жөнінде өтініш берген.
Өтініш Шымкент қаласының жер комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №50 отырысында қаралып, комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен егжей-тегжейлі зерделеп қызыл сызығы анықталған топографиялық түсірілім ұсынылуы қажет деген негізде бас тартылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы №2 қаулысымен жер комиссиясының қорытындысында көрсетілген негіздерде талап қоюшыға сұратылған жер учаскесін беруден бас тартылған.
Осы әкімшілік актілермен келіспеген А[...] жоғарыда көрсетілген талаптармен сотқа жүгінген.
Осыған байланысты соттар заңсыз деп тануға жататын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданған Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысының талап қоюшыға қатысты бөлігі де заңсыз деп танып, А[...] жоғарыда қөрсетілген талаптары қанағаттандыруға жатады деп дұрыс шешімге келген.
Ал, апелляциялық сот талап қоюшының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы қала құрылыстық қортындыны заңсыз деп тану туралы талап коюы қайтарғанда мына мән-жайларды негізді ескерген.
Басқарма тарапынан жерге құқық беру құжаттарын дайындау мен жер комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы 2022 жылы 26 желтоқсандағы № 24-05-07/11830 қала құрылыстық қортындыны ұсынған.
ӘРПК-нің төртінші бабы 4) тармақшасына сай әкімшілік акт – бұл жария-құқықтық қатынастарды әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім. Бұл орайда аталған қортынды жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган қабылдайтын әкімшілік акті немесе әрекет болып табылмайды, сол себепті әкімшілік тәртіпте даулауға жатпайды.
Сонымен бірінші сатыдағы соттың қала құрылыстық қортындыны заңсыз деп тану туралы талабы қанағаттандыруға жатпайды деген шешімі дұрыс емес.
Осыған орай, талап қоюшының қала құрылыстық қортындыны заңсыз деп тану туралы талап қоюы негізді қайтарылған.
Соттың бұл жөніндегі және басқа да негіздемелері сот актісінде толық көрсетілген.
АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды. ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 19 шілдедегі қаулысы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С.Баймаханов
Судьялар
Ш.Даниярова
Ғ. Әлжанов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.