ҚАУЛЫ
2026 жылғы 23маусым №6003-26-00-4к/962 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының құрамы:
төрағалық етуші - судья Д.А. Әбдіғалиев,
судьялар - М.А.Қасымов, Г.М. Ыдырысова
талап қоюшының Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 23 шілдедегі шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 қазандағы қаулысына кассациялық шағымымен келіп түскен
талап қоюшы С[...] жауапкерлер Шымкент қаласының әкіміне және «Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 6 ақпандағы жер учаскесін беруден бас тарту туралы қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою және қолайлы акт қабылдауды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі ашық сот отырысында қарап,
АНЫҚТАДЫ:
С[...] жоғарыда көрсетілген әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінді.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 23 шілдедегі шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 15 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.
Талап қоюшы кассациялық шағымында болған сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы шешім шығаруды сұрайды. Тараптардан оларды бейнеконференцбайланыс режимінде сот отырысына қосу туралы өтінішхат келіп түсті. Бұл өтінішхат қанағаттандырылуға жатпайды, өйткені сот отырысы Қазақстан Республикасы Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында міндетті түрде жеке келуімен қарауға тағайындалған, бұл туралы процеске барлық қатысушылар алдын ала хабардар етілген. Көрсетілген мән-жай кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.
Іс бойынша алдыңғы сатыдағы соттарға қатысқан өзге адамдар сот отырысының күні, уақыты және форматы туралы тиісті түрде хабардар етілгенімен, оған келмеді, келмеу себептері туралы сотқа хабарламады.
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 115бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.
Кассациялық шағымның дәлелдерін талқылап, іс материалдарын зерттеп, кассациялық сот мынадай қорытындыға келеді.
ӘРПК-нің 169-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің қағидаларында (бұдан әрі - АПК) айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, АПК-нің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы АПК-нің 434бабының бірінші бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Мұндай бұзушылықтарға соттар жол бермеген.
Іс материалдары бойынша С[...] Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тассай тұрғын массиві, Жаңақұрылыс көшесі, 384 мекенжайы бойынша орналасқан ауданы 0,0800 га тұрғын үй және жер учаскесінің меншік иесі болып табылады.
2024 жылғы 18 тамызда ол Шымкент қаласының әкіміне тұрғын үй аумағын кеңейту үшін өзіне тиесілі учаскеге іргелес ауданы 0,0359 га жер учаскесін 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалануға беру туралы өтінішпен жүгінген.
Шымкент қаласы әкімінің 2025 жылғы 6 ақпандағы №665 қаулысымен өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған.
Талап қоюшы бас тартумен келіспей, көрсетілген қаулыны заңсыз деп тану және оның күшіне жою, сондай-ақ уәкілетті органды қолайлы акт қабылдауға міндеттеу туралы әкімшілік талап қоюмен сотқа жүгінген.
Талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдай отырып, төменгі сатыдағы соттар мына негіздерге сүйенген.
2025 жылғы 18 шілдедегі көшпелі сот отырысының барысында С[...] тұрғын үйі және қосалқы құрылыстары орналасқан ауданы 0,0800 га ресімделген жер учаскесі бар екені анықталған.
Сұралып отырған ауданы 0,0359 га учаске шамамен жалпы ауданы 0,0600 га жеке, дербес жер учаскесі болып табылады, талап қоюшы оған қандай да бір құқығы болмай оны өз бетінше шлакоблоктармен қоршап алған.
Бұл ретте аталған учаскенің Жаңақұрылыс көшесінен дербес кірушығу жолы бар; бұл учаске талап қоюшының жер учаскесінің бөлігі болып табылмайды және ешкімнің атына тіркелмеген.
Төмен тұрған соттар сұралып отырған учаскенің талап қоюшыға меншік құқығында тиесілі үйді кеңейту және реконструкциялау үшін іргелес жер учаскесінің өлшемшарттарына сәйкес келмейтіні туралы қорытындыға келген.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - ЖК) 48-бабы 1- тармағының 5) тармақшасына сәйкес мұндай учаске азаматтарға кезек тәртібімен немесе аукцион арқылы берілуге жатады.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, төменгі сатыдағы соттар әкімнің бас тартуы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалардың (бұдан әрі - Қ[...]) талаптарына сәйкес келеді және талап қоюшының құқықтарын бұзбайды деген қорытындыға келген.
Төменгі сатыдағы соттардың қорытындыларын тексере отырып, кассациялық сот шағым жасалған сот актілері заңды шығарылған, олардың құқықтық ұстанымы іс мән-жайларына және осы жағдайда қолданылуға жататын материалдық және процестік құқық нормаларына сәйкес келеді деп санайды.
Шағымның Қ[...] көзделген бас тарту негіздерінің тізбесінің шегінен шығу туралы дәлелі назарға алынуы мүмкін емес.
Уәкілетті орган қолданыстағы объектіні кеңейту үшін іргелес ретінде ЖК-нің 44-2-бабының ЖК-нің 48-бабымен өзара байланыста беру үшін мәлімделген жер учаскесінің ЖК-нің талаптарына сәйкестігін кез келген жағдайда тексеруге міндетті.
ЖК-нің 48-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы жеке және заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану және ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес кеңейту және реконструкциялау үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады.
Сұралып отырған учаске ЖК-нің 48-бабы 1-тармағының 5) тармақшасының өлшемшпарттарына сәйкес келмейді, өйткені ол талап қоюшыға меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің бөлігі емес, дербес жеке учаске болып табылады.
Ешқандай құқық белгілейтін құжаттарсыз учаскені өз бетінше қоршау талап қоюшының қандай да бір құқығын тудырмайды және оны іргелес етпейді.
Шағымның іргелес учаскені алуға өтініш беру жеткілікті деген дәлелі заңнаманы дұрыс түсіндірмеуге негізделген.
ҚР ЖК-нің 48-бабында өтініш берушіге меншік құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі ғимараттарды кеңейту және реконструкциялау үшін жер учаскелерін ұсынудың арнайы (оңайлатылған) тәртібін көздейді. Егер учаске дербес бос мемлекеттік жер учаскесі болса, онда ол жалпы тәртіппен — аукцион арқылы немесе кезек тәртібімен берілуге жатады.
Мемлекеттік жер учаскесін (0,0600 га) өз бетінше иелену және қоршау құқықты теріс пайдалану болып табылады және адалдық қағидатын бұзады (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 8-бабы). Ешкім де өзінің теріс пиғылды мінез-құлқымен артықшылық алуға құқылы емес.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, сот актілерінің кассациялық тәртіппен күшін жою немесе оларды өзгерту үшін негіздер жоқ.
Төменгі сатыдағы соттардың қорытындылары істің нақты мәнжайларына және заңға сәйкес келеді. Талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделері бұзылмаған, кассациялық шағымды қанағаттандыру үшін негіздер жоқ.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, кассациялық сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
осы іс бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 23 шілдедегі шешімі, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы15 қазандағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы С[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық еткен Д. Әбдіғалиев
Судьялар М. Қасымов
Г. Ыдырысова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.