6003-26-00-2/15
Ұ Й Ғ А Р Ы М
2026 жылғы 15 сәуір
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Л.Б.Мамырбаева, Талап қоюшы Жанпейіс Нұрпейісұлы Оспановтың жауапкер Н.Д.Кенжалыевке 6 790 000 теңге мөлшерінде ақша сомасын қайтару туралы талап қоюы бойынша азаматтық істің соттылығын анықтау жөніндегі Атырау облыстық сотының төрағасының ұсынысын қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Орал қаласының №2 сотының 2026 жылғы 3 наурыздағы ұйғарымымен азаматтық іс соттылығы бойынша қарау үшін Атырау қалалық сотына жолданған.
Сот, істі соттылығы бойынша жолдағанда Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 34-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, ҚҚАОАА жүйесінің мәліметіне сай, жауа пкер Орал қаласында тіркелгенін, алайда, қазіргі уақытта Атырау обл ысы, Атырау қаласы, Кокарна шағын ауданы, П.Хансултанов көшесі, 12 үйде уақытша тіркелгендігін және жауапкер Н.Д.Кенжалыевтің өкілінің азаматтық істі жауапкердің тұрғылықты жері бойынша қарау туралы өтінішін негізге алған.
Соттар арасында істің соттылығы туралы дау туындағандықтан Атырау облыстық сотының төрағасы кассациялық сотқа істің соттылығын анықтап беру жөнінде ұсыныс келтірген.
Атырау облыстық сотының ұсынымында азаматтық іс жауапкердің уақытша тұрғылықты жері емес, тіркелген орны бойынша қаралуға жататындығымен негіздеген.
Іс материалдарын, ұсыныстың уәждерін зерделеп, кассациялық сот келесі тұжырымға келді. Қазақстан АПК-нің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес, талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.
Жеке тұлғаның, оның ішінде заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның тұрғылықты жері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген қағидалар бойынша айқындалады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 16бабына сай, азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады.
Азаматтың тiркелген жерi оның заңды мекенжайы болып танылады.
Іс құжаттарына қарағанда жауапкер Н.Д.Кенжалыевтің тіркелген жері Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, К.Мендалиев көшесі, 2 үй, 17 пәтер, ал Атырау облысы, Атырау қаласы, Көкарна ықшам ауданы, Пазыл Хансултанов көшесі, №12 үйде 2026 жылдың 25 ақпаннан 24 наурызына дейін уақытша тіркелгені 2026 жылғы 13 сәуірдегі ҚҚАОАА (СИОПСО) жүйесінің
мәліметімен анықталған. Қазіргі кезде жауапкердің Атырау қаласында тіркелгені туралы мәлімет жоқ.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, К.Мендалиев көшесі, 2 үй, 17 пәтер жауапкер Н.Д.Кенжалыевтің жеке меншік құқығы тіркелген.
Бұдан басқа, талап арызда жауапкердің мекенжайы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, К.Мендалиев көшесі, 2 үй, 17 пәтер деп көрсетілген.
АПК-нің 34-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған іс кейіннен ол басқа соттың соттылығына жатқызылса да, сот оны мәні бойынша шешуге тиіс.
Демек, талап арыз соттылық қағидалары сақтала отырып қабылданған.
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотымен егер тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтінішхат берсе, сот істі басқа соттың қарауына береді, яғни азаматтық іс жауапкердің уақытша тіркелген жері бойынша Атырау облысы, Атырау қалалық сотына соттылығы қаралуға жатады деген қате тұжырымға келген.
Істің мұндай тұрғысында азаматтық іс Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының қарауына жатады.
АПК-нің 34-бабының 6-бөлігінің талаптарына сай, соттардың арасындағы істің соттылығы туралы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және ол шағым жасауға, наразылық келтіруге жатпайды.
Жоғарыда аталған негіздерге байланысты бұл азаматтық іс Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотына негізінен қарауға жолдануға жатады.
АПК-нің 36-бабының 4-бөлігін, 268, 269-баптарын басшылыққа алып, судья
ҰЙҒАРДЫ:
Талап қоюшы Жанпейіс Нұрпейісұлы Оспановтың жауапкер Н.Д.Кенжалыевке 6 790 000 теңге мөлшерінде ақша сомасын қайтару туралы азаматтық іс соттылығы бойынша Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотына жолдансын.
Судья Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.