ҚАУЛЫ
2023 жылғы 23 ақпан 6001-22-00-6ап/2085 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,
судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Ж.Өміралиев болып,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Х[...] жауапкерлер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КеАҚ) Шымкент қаласы бойынша филиалына, Е[...], «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (ММ) жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын келісу, жер-кадастр ісін жасау әрекеттерін, жерге орналастыру жобасын бекіту туралы 2017 жылғы 25 қаңтардағы №Б-04-Ө бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жою, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерінен мәліметтерді алып тастауды міндеттеу туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 тамыздағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 2 наурыздағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын үй алабы, Абай көшесі, 36/2 мекенжайда орналасқан 0,25 га жер учаскесіне жасалған жерге орналастыру жобасына келісім беру, жер-кадастр ісін жасау әрекеті заңсыз деп танылған.
«Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің жоғарыда көрсетілген мекенжайдағы жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын бекіту туралы 2017 жылғы № Б-04-Ө бұйрығының күші жойылған.
Әкімшілік талап қоюдың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерінен кадастрлық нөмірлері [...], [...], [...], [...], [...], [...] жер учаскелері туралы мәліметтерді алып тастауды міндеттеу туралы бөлігін қанағаттандырудан бас тартылған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімінің күші жойылып, іс сол сотқа басқа құрамда қарау үшін жолданған.
Талап қоюшы Х[...] кассациялық шағымында іс бойынша шығарылған апелляциялық саты сотының сот актісімен келіспейтінін көрсетіп, оның күшін жойып, бірінші сатылы соттың шешімін күшінде қалдыруды сұраған.
Тараптар және мүдделі тұлғалардың өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) мәжілісіне қатысуға дәлелді себепсіз келген жоқ. Бұл жағдай істі олардың қатысуынсыз қарауға кедергі болып табылмайды.
Іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады. Іс бойынша апелляциялық саты соты тарапынан мұндай кемшіліктерге жол берілмеген.
Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 241 орамда орналасқан №146/1, алаңы 0,7717 га, кадастрлық нөмірі №[...] жер учаскесінің меншік иесі Х[...] болып табылады.
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Абай көшесі, 36/2 орналасқан кадастрлық нөмірі [...] алаңы 0,2500 га жер учаскесінің меншік иесі С[...] болып табылады. 2017 жылғы 20 ақпандағы сатып алу-сату шарты негізінде С[...] аталған жер учаскесін О[...] сатқан.
2019 жылғы 29 мамырдағы сатып алу-сату шартының негізінде К[...] Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Абай көшесінде орналасқан алаңы 0,0780 га, кадастрлық №[...] жер учаскесін О[...] сатып алған.
2019 жылғы 22 қарашадағы сатып алу-сату шартының негізінде К[...] жоғарыда аталған кадастрлық №[...] жер учаскесін Т[...] сатып алған.
Т[...], 2020 жылғы 4 желтоқсанда бұл жер учаскесін И[...] сатқан.
Бұдан бөлек, кадастрлық №[...] жер учаскесі кадастрлық
№[...], №[...] жер учаскелеріне бөлінген.
2020 жылғы 10 қарашада Д[...] жұбайы Ш[...] келісімімен О[...] Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Абай көшесі, 36/4, жалпы алаңы 0,0390 га, кадастрлық №22330-069-088 жер учаскесін сатып алған.
Сонымен бірге, 2020 жылғы 10 қарашада Н.Я.М[...].О[...] Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Абай көшесі, 36/3, жалпы алаңы 0,0390 га, кадастрлық №[...] жер учаскесін сатып алған.
Яғни, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Абай көшесі, [...] үйде орналасқан жалпы алаңы 0,2500 га кадастрлық №[...] жер учаскесі жоғарыда көрсетілген кадастрлық №[...], №[...], №[...], №[...], №[...] жер учаскелеріне бөлінген.
Брінші сатыдағы сот дауды мәні бойынша қарап шешім қабылдаған.
Апелляциялық саты соты бірінші сатыдағы соттың іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкені анықтап, сот шешімінің күшін жойып, істі қайта қарауға жолдағаны негізді болып табылады.
АПК-нің 427-бабының төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сай, сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.
Бірінші сатыдағы сот жоғарыда аталған даулы жер учаскелері тиесілі тұлғаларды іске қатыстырмай, жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын бекіту туралы даулы 2017 жылғы № Б-04-Ө бұйрықтың күшін жойған.
АПК-ның 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актісін қайта қарауға негіз бола алмайды.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 тамыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Талап қоюшы Х[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
С. Баймаханов
Судьялар
Ш. Даниярова Е. Өміралиев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.