6кп-22-24
Қ А У Л Ы
2024 жылғы 16 сәуір Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы (бұдан әрі – сот алқасы) құрамында: төрағалық етуші - судья Б.Б.Шермұхаметов, судьялар Н.К.Құрманғалиев, Е.Мәукен, прокурор К[...], әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға Р[...]
қатысуларымен,
бейнеконференц байланыс жүйесі арқылы ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуымен келіп түскен Р[...] қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының 2023 жылғы 8 қарашадағы қаулысымен Р[...] ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу әкімшілік жазасы қолданылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар осы Кодекстің 851-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының, сот алқасы төрағасының ұсынуы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының не оның орынбасарының наразалығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасы ӘҚБтК-тің 851-бабы бойынша берілген ұсынуын кері қайтарып алды.
Осыған орай көрсетілген әкімшілік істі әрі қарай кассациялық тәртіпте қараудың негіздері жоқ.
Жоғарыдағылардың негізінде және ӘҚБтК-нің 848, 851-баптарын басшылыққа алып, сот алқасы,
Қ А У Л Ы Е Т Т І :
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған Р[...] қатысты
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының 2023 жылғы 8 қарашадағы қаулысын кассациялық тәртіпте қайта қарау үшін келтірілген ұсынуы кері қайтарылып алуына байланысты қараусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Б. Шермұхаметов Судьялар: Н.Құрманғалиев Е. Мәукен Көшірме дұрыс; Судья Е.Мәукен
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.