Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 10.12.2025 по делу 6003-25-00-2к/504 (Гражданское)

Қ А У Л Ы

2025 жылғы 10 желтоқсан №6003-25-00-2к/504 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, төрағалық етуші Г.Бастаубаев,

судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,

талап қоюшы Г.Кахарова, жауапкер Б.Абдыханова және оның өкілі Ж.Файзуллаевтың қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы Гулинур Абдрашитовна Кахарованың жауапкерлер Ботагоз Абилхасимовна Абдыхановаға, Ергали Абилхасымович Абдыхановқа, Анеля Ергалиевна Сахановаға, үшінші тұлға Азамат Бахытбекович Мамилаевқа кепілпұл сомасын өндіру туралы талап қоюымен және Ботагоз Абилхасимовна Абдыханованың Гулинур Абдрашитовна Кахароваға, нотариус Кудайберген Дуйсенбаевқа кепілпұл шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюымен қабылданған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 31 қазандағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қаңтардағы қаулысына жауапкер Б.Абдыханованың кассациялық шағымы бойынша келіп түскен азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы :

Г.Кахарова жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Б.Абдыханова қарсы талап қоюында кепіл шартты жарамсыз деп тануды сұраған.

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 31 қазандағы шешімімен Г.Кахарованың талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Б.Абдыхановадан Г.Кахарованың пайдасына 6 700 000 теңге кепілпұл, төленген 67 000 теңге мемлекеттік баж және өкілдің көмегіне жұмсалған 670 000 теңге шығындар өндірілген.

Г.Кахарованың талап қоюының қалған бөлігі және Б.Абдыханованың қарсы талап қоюы қанағаттандырудан бас тартылған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қаңтардағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Кассациялық шағымда Б.Абдыханова «DAF XF 95.480» маркалы автокөлігін 16 000 000 теңгеге сатып алу үшін «Hyndai grand starex» маркалы автокөлігін 6 700 000 теңгеге бағалап кепілпұл ретінде берген шарты орыс тілінде жасалғанына, бұл шарт бойынша кепілпұлды ақша түрінде алмағанына, нотариус мұндай шартты куәландыруға құқығы болмағанына, «Hyndai grand starex» маркалы автокөлік Г.Кахароваға тиесілі болмағанына, яғни кепіл шарты құқықтық салдар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін

жасалғанына жергілікті соттар дұрыс құқықтық баға бермегенін көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдауды сұрайды. Сот тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.

әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Жергілікті соттармен талап қоюды ішінара қанағаттандырған бөлігінде мұндай заң бұзушылықтарға жол берілген.

Іс құжаттарына қарағанда, 2023 жылғы 1 қаңтарда Г.Кахарова Б.Абдыханованың арасында нотариус К.Дуйсенбаев куәландырған кепілпұл шарты (бұдан әрі – кепілпұл шарты) жасалған.

Кепілпұл шарты бойынша Г.Кахарова Б.Абдыхановаға DAF XF 95.480 маркалы, 2004 жылы шығарылған, мемлекеттік тіркеу нөмірі 372 AKG17 автокөлік құралын (бұдан әрі – даулы автокөлік) сатып алу құны 16 000 000 теңгеге сататыны, сол үшін Б.Абдыханова 6 700 000 теңге кепілпұл алған деп көрсетілген.

Сонымен қатар, Г.Кахарова Б.Абдыхановаға кепілпұл шартында көрсетілген 6 700 000 теңге кепілпұлдың орнына «Hyndai grand starex» маркалы автокөлігін бергені туралы қолхат берген.

Ал, даулы автокөлік құнының қалған 9 300 000 теңгесін Г.Кахарова Б.Абдыхановаға олардың арасында 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалатын сатып алу-сату шартын жасасу кезінде төлеуге тиіс болған.

Тараптардың көрсетулеріне сәйкес, Б.Абдыханова 2023 жылғы 20 желтоқсанға дейін даулы автокөлікті Г.Кахароваға қайтарып, оның орнына «Reno» маркалы жүк көлігін алған. Бұл автокөлік те Г.Кахаровамен Б.Абдыхановаға 2024 жылғы қаңтардың ортасында қайтарылған.

Тараптардың арасында шартта көрсетілген мерзімде даулы автокөлікті сатып алу-сату шарты жасалмаған.

Ал, Б.Абдыханова кепілпұл шартының нысаны болған автокөлікті 2023 жылғы 20 желтоқсанда өз иелігінен шығарып, оның меншік құқығын өзге тұлғаға рәсімдеген.

Талап қоюшы Г.Кахарова жауапкер Г.Абдыхановадан 13 400 000 теңге өндіру туралы талап қоюын, соңғы кепілпұл туралы келісімнің талабын бұзып, келісілген мерзімді күтпестен, дау нысаны болған автокөлікті өзге тұлғаға сатып жібергендіктен, кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті екенімен негіздеген.

Жауапкер Г.Абдыханова кепілпұл шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюын, даулы кепілпұл шарты одан құқықтық салдар туындату ниетінсіз жасалған жалған мәміле екенімен, кепілпұл шартында көрсетілген кепілпұл сомасы кепілпұл алушыға ақшалай берілмегенімен негіздеген.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі –АК) 157бабының 2-тармағына сай, мәміленің нысанына, мазмұнына және мәмілеге қатысушыларға, сондай-ақ олардың осы Кодексте немесе өзге де заңнамалық актілерде белгіленген негіздер бойынша ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған кезде мәміле жарамсыз деп танылады.

АК-нің 160-бабының 1-тармағына сай, оған тиісті құқықтық салдарлар жасау ниетінсіз, тек алдау үшін жасалған мәмілені (жалған мәмілені) сот мүдделі тұлғаның, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талап арызы бойынша жарамсыз деп таниды.

АК-нің 338-бабының 1-тармағына сай, мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.

Бірінші сатыдағы сот сатып алу-сату шартын жасау мүмкін болмағанын, кепілпұл шартының нысаны мен мазмұны заң талаптарына сай келетінін, ол кепіл беруші мен кепіл алушының өз қалауы бойынша жасалғанын, шартты жасау кезінде қатысушылардың ерік білдіру бостандығы бұзылмағанын, кепіл алушы кепілпұлды алған, шарт нысаны болған автокөлік кепілпұл берушінің иеленуіне және пайдалануына берілгенін, яғни кепілпұл шартының жасалуы нәтижесінде оның құқықтық салдары туындағанын ескеріп, жоғарыда аталған материалдық құқық нормаларын негізге алып, талап қоюшы Г.Кахарованың талап қоюын ішінара қанағаттандырып, жауапкерден оның пайдасына 6 700 000 теңге өндірген, жауапкер Б.Абдыханованың кепілпұл шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырған.

Апелляциялық сатыдағы сот бұл сот шешімімен келісіп, жауапкер Б.Абдыханованың кепілпұл нақты ақшалай берілуі тиіс болғаны, оның орнына берілген «Hyndai grand starex» маркалы автокөлігі үшінші тұлға тиесілі болғаны жөніндегі уәжін кепілпұл шартын жарамсыз деп тануға жеткіліксіз деп, Б.Абдыханова кепілпұл шарты өзінің ағасы Е.Абдыхановтың бастамасымен жасалғаны, ағасының айтуымен қол қойғаны, шарт жасалған күні 6 700 000 теңге кепілпұлдың орнына Б.Абдыханова «Hyndai grand starex» маркалы автокөлігін алғаны, сол күні аталған автокөлік олардың иеленуіне және пайдалануына берілгені, 2024 жылғы 12 қаңтарда автокөліктің меншік құқығы Б.Абдыханованың қызы А.Саханованың атына рәсімделгені туралы мән-жайларды ескерген.

Кассациялық сатыдағы сот, жергілікті соттармен талап қоюшы Г.Кахарованың кепілпұлды өндіру жайлы талабын ішінара қанағаттандыру туралы тұжырымдарын келесі негіздерге байланысты негізсіз деп санайды.

АК-нің 337-бабы 1, 2-тармактарына сәйкес уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.

Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл қағида негiзгi мiндеттемені нотариат куәландыруға

тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Жазбаша нысанды сақтамау кепiлпұл туралы келiсiмнің маңызсыздығына алып келеді.

Тараптардың арасындағы кепілпұл шарты бойынша 6 700 000 теңгенің оның орнына кепіл берушінің ағасының меншік құқығы тіркелген автокөлік беріліп, кепіл алушының қызының атына рәсімделгені, кепіл шартының маңызсыздығына алып келеді, себебі жоғарыда аталған заң талабына сәйкес кепілпұл шарты бойынша кепілпұл ретінде тек ақша берілуге тиіс. Бұл кепілпұл шарты бойынша ақша берілмеген.

Бұл ретте, жергілікті соттардың парасаттылық пен әділдік талаптарын қолдануы негізсіз, себебі даулы қатынастар АК-нің 337, 338-баптарымен тікелей реттеледі.

Мұндай жағдайда, жергілікті соттардың талап қоюшы Г.Кахарованың жауапкер Б.Абдыхановадан кепiлпұлдың бір еселенген сомасын өндіру туралы талап қою қанағаттандырған бөлігінің күші жойылып, талап қою қанағаттандырусыз қалдыруға жатады.

Жергілікті соттардың талап қоюшы Г.Кахарованың талап қоюын және жауапкер Б.Абдыханованың кепілпұл шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырған бөлігімен кассациялық сот келіседі.

Осы ретте, сот жауапкердің қарсы талап қоюы АК-нің 160-бабы 1- тармағына сай, тиісті мемлекеттік орган немесе прокурордан басқа тек мүдделі тұлғаның талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін екенін, талап қоюшы мүдделі тұлға емес даулы кепілпұл шартының тарапы болуына байланысты қанағаттандыруға жатпайды деп табады.

Сондай-ақ, сот жауапкердің орыс тілінде жасалған кепілшарт мағынасын түсінбегені туралы шағым уәжін негізсіз деп санайды, себебі іс құжаттарына тіркелген жауапкердің 2024 жылғы 24 мамырдағы орыс тілінде жазылып, нотариатта куәландырылған сенімхатына қарағанда жауапкер орыс тілін менгерген.

Кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылғандықтан АПК-нің 105бабы, 109-бабы 1-бөлігіне сәйкес, талап қоюшы Г.Кахаровадан жауапкер Б.Абдыханованың пайдасына кассациялық шағым бергенде төленген 33 500 теңге мемлекеттік баж, жауапкер Б.Абдыхановадан мемлекет пайдасына 983 теңге мемлекеттік баж өндіріледі.

Көрсетілгендердің негізінде, кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылады.

АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 8) тармақшасын басшылыққа алып, сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І :

Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 31 қазандағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық

істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 8 қаңтардағы қаулысы өзгертілсін.

Шешім және қаулының талап қоюшы Гулинур Абдрашитовна Кахарованың талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, Ботагоз Абилхасимовна Абдыхановадан Гулинур Абдрашитовна Кахарованың пайдасына 6 700 000 (алты миллион жеті жүз мың) теңге кепілпұл, төленген 67 000 (алпыс жеті мың) теңге мемлекеттік баж және өкілдің көмегіне жұмсалған 670 000 (алты жүз жетпіс мың) теңге өндірілген бөлігінің күші жойылсын.

Осы бөлігінде талап қою қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығарылсын.

Шешім және қаулының қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылсын.

Талап қоюшы Гулинур Абдрашитовна Кахаровадан жауапкер Ботагоз Абилхасимовна Абдыханованың пайдасына 33 500 (отыз үш мың бес жүз) теңге төленген мемлекеттік баж өндірілсін.

Жауапкер Ботагоз Абилхасимовна Абдыхановадан мемлекет пайдасына 983 (тоғыз жүз сексен үш) теңге мемлекеттік баж өндірілсін. Жауапкер Ботагоз Абилхасимовна Абдыханованың кассациялық шағымы ішінара қанағаттандырылсын.

Г.Бастаубаев

Төрағалық етуші, судья

Судьялар

А.Даненова

А.Токсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.