ВС РК - Постановление от 03.06.2021 по делу 6001-21-00-6КГ/11 (Об административном правонарушении)

6кг-11-21

ҚАУЛЫ

2021 жылғы 3 маусым Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья А.Д. Рахметулин,

судьялар М.Т.Балкен, Ж.Б. Ермағамбетова,

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаменті бөлімінің прокуроры Т[...],

əкімшілік жауапқа тартылған тұлға М[...], оның қорғаушысы М[...],

жəбірленуші С[...], оның өкілі О[...]

қатысумен,

ашық сот отырысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі - ӘҚБтК) 610-бабының 2- бөлігі бойынша М[...] қатысты,

Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының 2020 жылғы 3 қарашадағы жəне Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 қарашадағы қаулыларына Қазақстан Республикасы Бас Прокурор орынбасарының наразылығымен келіп түскен, əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының 2020 жылғы 3 қарашадағы қаулысымен М[...] ӘҚБтК-нің 610бабының 2-бөлігімен кінəлі деп танылып, оған 111 120 теңге айыппұл тағайындалған.

Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурордың орынбасары наразылықта Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының жəне Шымкент қалалық сотының қаулыларының күшін жойып, əкімшілік істі жаңа сот қарауына бірінші сатыдағы сотқа жіберуді көрсеткен.

Алқа, наразылықты қолдаған прокурордың, жауапқа тартылған тұлғаның, оның қорғаушысының, наразылыққа қарсы болған жəбірленушінің, оның өкілінің пікірлерін тыңдап, іс құжаттарды зерттеп,наразылықтың уəждерін талқылап, сот қаулылары өзгеріссіз қалдыруға жатады деп есептейді. Іс материалдар бойынша М[...] 2020 жылғы 3 шілдеде Шымкент қаласындағы Бəйдібек би даңғылымен мемлекеттік тіркеу нөмірі [...], маркасы «KIA Ceed» aвтокөлігін басқарып келе жатып, Н[...] көшесінің қиылысында солға бұрылу барысында С[...] басқаруындағы маркасы «Toyota LС 200», мемлекеттік тіркеу нөмірі [...] автокөлігіне соқтығысқан. Нəтижесінде көлік құралдары бүлініп, маркасы «KIA Ceed» автокөлігінің жолаушысы Ә.Ораловтың денсаулығына жеңіл дəрежеде зиян келген.

ӘҚБтК-нің 765-бабының 1 жəне 2- бөліктеріне сəйкес жүргізуінде əкiмшiлiк іс жатқан судьяның осы Кодексте белгiленген тəртiппен ісəрекеттің болғанын немесе болмағанын, өзіне қатысты əкімшілік іс жүргізіліп жатқан тұлғаның осы əрекетті жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнəлiлігiн не кінəсіздігін анықтауына негіз болатын заңды түрде алынған нақты деректер, сондай-ақ iстiң дұрыс шешiлуi үшiн маңызы бар өзге де мəн-жайлар дəлелдемелер болып табылады. Нақты деректер:əкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның түсініктемелерімен; жəбірленушінің, куəлардың айғақтарымен; сарапшының, маманның қорытындыларымен жəне айғақтарымен; заттай дəлелдемелермен; өзге де құжаттармен анықталады.

Соттар көрсетілген заң талаптарына сəйкес іс бойынша жиналған дəлелдемелерді жан-жақты, толық объективті зерттеп,тексеріп, дұрыс құқықтық баға беріп, заңға сəйкес қаулыларды қабылдаған.

М[...] кінəлілігін жол көлік оқиғасы туралы сызбасымен, 2020 жылғы 8 қыркүйектегі №3341 сараптама қорытындысымен, яғни С[...] басқарған «Tоyota [...]» маркалы автокөлігінің жылдамдығы сағатына 65 шақырым болғанын, тоқтату сызығынан соқтығыс болған жерге дейін 26,4 метр арақашықтықты 1,462 секунд ішінде жүріп өткендігіне, бағдаршамның жыпылықтаған жасыл түсінде басып өткеніңе жəне басқа дəлелдемелерге соттар негіздеген.

Жол көлік оқиғасы туралы сызбасына сəйкес С[...] өз бағытында келе жатып, тоқтату сызығынан бастап, соқтығыс болған жерге дейін 26 метр жүрген, жол қиылысты өтіп кетуге 6,5 метр қалған кезде М[...] оны өткізбей соқтығыс жасаған.

Жазбаша түсініктемесінде М[...] бағдаршамның жанып өшіп сары түсінде өзі өтіп жатқаның көрсеткен.

Сондықтан, жол жүрісі Қағидаларының 13-бөлімнің 5-тармағында бағдаршамдардың рұқсат ететін сигналдары бойынша солға немесе артқа бұрылған кезде рельссіз көлік құралының жүргізуші қарсы бағыттан тіке немесе оңға жүретін, жол қиылысына шығатын көлік құралдарына жол береді деген талаптарын бұзып, М[...] соқтығыс жасаған.

Алайда, наразылықта «Тoyota LС 200» автокөлігінің қозғалыс жылдамдығы сағатына 65 шақырым болғаныңа күмəн келтірген. Бірақ осы қозғалыс жылдамдықты көлікті басқарған жəбірленуші С[...] берген айғақтары бойынша көрсетілген. Басқа осы қозғалыс жылдамдықты теріске шығаратын объективті дəлелдемелер анықталмаған.

Әкімшілік іс жүргізу барысында жəне сотта күə ретінде сұралған А[...] Н[...] көшесінің қиылысындағы бағдаршамының қызыл түсіне тоқтаған сəтте, оның артында сағатына 120-130 шақырым қозғалысы қатты жылдамдықпен келе жатқан «Tоyota [...]» маркалы автокөлігінің бағдаршамның тыйым салынған түсіне тоқтамастан «KIA Cееd» автокөлігімен соқтығысқан деп көрсеткен.

Жергілікті соттар ол куəнің айғағына сыни баға беріп, дəлелдеме ретінде оны алмаған жөнінде негіздерін қаулысында толық көрсеткен. А[...] сол уақытта, сол жерде көлікпен болғаны жөнінде қуаттайтын бірде дəлел ретінде мəлімет жоқ, оның айтуы бойынша С[...] сағатына 120-130 шақырым жылдамдығымен жүргені күмəн келтіреді, себебі куə маман, сарапшы емес қозғалыс жылдамдықты анықтауға.

Сонымен қоса, 2020 жылғы 9 қазандағы кешенді сотфототехникалық сараптама жəне жол-көлік оқиғасы мəн-жайларын сот-сараптамалық зерделеу туралы сараптама қорытындысында «Tоyota [...]» автокөлік қандай жылдамдықпен келе жатқандығын анықтауға мүмкіншілік жоқтығы туралы көрсетілген. Сондықтан наразылықтағы уəждері негізсіз болып табылады, себебі соттар іс қараған кезде заңды баға берген дəлелдемелерді қайта бағалауға назар аударып жатыр.

Мұндай жағдайда, ӘҚБтК-нің 851-бабының 5-бөлігінің 3) тармағында көзделген соттардың құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын негіздер анықталмаған, сондықтан жергілікті соттардың қабылданған қаулыларының күшін жоюға негіздер жоқ.

Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 839-бабы 1-бөлігінің 1) тармағын, 851-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы,

ҚАУЛЫ ЕТТІ :

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша М[...] қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының 2020 жылғы 3 қарашадағы, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 27 қарашадағы қаулылары өзгеріссіз қалдырылсын. Қазақстан Республикасы Бас Прокурор орынбасарының наразылығы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші А. Рахметулин
Судьялар М.Балкен
Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.