6001-22-00-6ап/359 (2)
ҰЙҒАРЫМ
2022 жылғы 26 желтоқсан Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судья С.Ү.Баймаханов,
судьялар - Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы Е[...] жауапкер «НұрСұлтан қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тұрғын үй беруге мұқтаждар кезегін қалпына келтіруді міндеттеу, Басқарма комиссиясының «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың бірыңғай республикалық электрондық базасының» күту тізімінен шығарған бұйрығының күшін заңсыз деп тану және кезегіне сәйкес тұрғын үй беруін міндеттеу туралы талабы бойынша әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) 2022 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 5 қарашадағы шешімі мен Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы күшінде қалдырылған.
Алайда, аталған қаулының қарар бөлігінде «Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы шешімі мен Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы» күшінде қалдырылғаны деп қате көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 235-бабының 2-бөлігіне сай сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады.
Сот шешімдегі қате жазуларды және анық арифметикалық қателерді түзету туралы арызды өз қалауы бойынша, іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға не сот отырысын тағайындауға құқылы.
Сот актісінде жіберілген қате, яғни сот актілерінің атауымен күні дұрыс көрсетілмегенін және қабылданған шешімнің мәнін қозғамайтынын ескеріп, сот алқасы іске қатысатын адамдарды шақырмастан қарауға мүмкіндік бар деп тапты.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 452-бабы 2-бөлігін басшылыққа алып, сот алқасы
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы қаулының қарар бөлігінің бірінші абзацы «Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 5 қарашадағы шешімі мен Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы күшінде қалдырылсын» деп өзгертілсін.
Төрағалық етуші С.Баймаханов Судьялар Ш.Даниярова Е.Өмірәлиев Көшірмесі дұрыс. Судья Ш.Даниярова
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.