Қ А У Л Ы
2026 жылғы 14 қаңтар №6003-25-00-2к/4115 Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты, құрамында: төрағалық етуші Г.Бастаубаев, судьялар А.Даненова, А.Токсанбаев,
аудармашы М.Әбіш, талап қоюшының өкілдері Е.Карпов, Г.Мынбаева, жауапкер А.Абдуразак, оның өкілі Н.Усюпбековтің қатысуларында,
ашық сот отырысында талап қоюшылар Кайыржан Абдуразакович Усенов пен Бауыржан Абдуразакович Усеновтің жауапкер Асылхан Бақытжанұлы Абдуразакқа өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен қабылданған Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 20 наурыздағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 маусымдағы қаулысына талап қоюшы К.Усеновтің кассациялық шағымы бойынша келіп түскен электронды азаматтық істі қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы :
Талап қоюшылар жоғарыда көрсетілген талап қоюымен сотқа жүгінген. Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 20 наурыздағы шешімімен талап қою қанағаттандырусыз қалдырылған.
Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 маусымдағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы К.Усенов кассациялық шағымда соттардың қорытындылары істің мән-жайларына сәйкес емес екенін, талап қою мерзімі қате қолданылғанын, сотпен мұрагерлік массаға кіретін мүліктің кем дегенде біреуін талап қоюшылар іс жүзінде қабылдағаны немесе қабылдамағаны анықталмағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұрайды.
Сот, тараптардың түсіндірмелерін тыңдап, шағым уәждері мен іс құжаттарын зерделеп, келесі тұжырымға келді.
әрі – АПК) 438-бабы 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Жергілікті соттармен іс бойынша мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
2016 жылғы 4 ақпанда нотариус А.Лесбекова куәландырып, тізілімде №190 санымен тіркеген өсиетке сәйкес, Ш.Ранова куә Т.Демегеновтің
қатысуымен, туған немересі – жауапкер А.Абдуразакқа өзіне меншік құқығымен тиесілі жылжымайтын мүліктері: Шымкент қаласы, Ақназар хан көшесі, 1, 2, 3, Толе би көшесі, 43, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Қасымбек датқа ауылы, 95 мекенжайындағы жер телімдерін, Шымкент қаласы, «Қайнарбұлақ» тұрғын алабы, 017 квартал және 017 квартал 17 «А» мекенжайлардағы тұрғын үйлер мен жер телімдерін (бұдан әрі – даулы жылжымайтын мүліктер) өсиет етіп қалдырған.
2016 жылғы 10 тамызда Ш.Ранова қайтыс болған.
2017 жылғы 11 желтоқсандағы және 2019 жылғы 9 шілдедегі нотариус Т.Сүйеубай куәландырған өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәліктерге сай, жауапкер А.Абдуразак даулы жылжымайтын мүліктердің меншік иесі болып табылады.
К.Усенов пен Б.Усеновтің талап қоюы өсиет қалдыру кезінде олардың анасы Ш.Ранова әрекетке толық қабілетті болмағанымен, егер әрекетке қабілетті болса да, оны жасау сәтінде өзінің әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын және оларды басқара алмайтын жағдайда болғанымен, заң талаптарына қайшы өсиет жасалуы салдарынан, олар анасының бірінші кезектегі мұрагерлері ретінде мұрадан айырылып қалғандығымен негізделген.
Бірінші сатыдағы сот, талап қоюды негізсіз деп тауып, оны қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымға келген. Сондай-ақ, жауапкердің өтінішхаты негізінде талап қоюдың ескіру мерзімін қолданған. Апелляциялық сатыдағы сот, сот шешімімен келісіп, төмендегі тұжырым жасаған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 188бабының 1-тармағына сай, меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
АК-нің 1046-бабының 1, 1-1, 2, 3, 4-тармақтарына сай, азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзiне тиесiлi мүлiкке билiк ету жөнiнде өз ықтиярын бiлдiруi өсиет болып танылады.
Өсиеттi оны жасаған кезде толық әрекет қабiлеттiлiгi бар азамат жасайды.
Азамат өзінің барлық мүлкiн немесе оның бiр бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кiретiн де, кiрмейтiн де бiр не бiрнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етiп қалдыра алады.
Өсиеттi өзi жасауға тиiс. Өкiл арқылы өсиет жасауға жол берiлмейдi.
Өсиет қалдырушы себебiн түсiндiрместен заң бойынша мұрагерлердiң бiреуiн, бiрнешеуiн немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагердi мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлiк етушi ұрпақтарына қолданылмайды.
Ш.Ранова өсиетті өзі жасаған және оған өзі қол қойған. Өсиет жасалуы кезінде де, өсиет жасалғаннан кейін де Ш.Ранова әрекетке қабілетсіз деп танылмаған немесе оның әрекетке қабілеттілігі шектелмеген.
Өсиетті жасау кезінде Т.Демегенов куә ретінде қатысқан және ол бірінші сатыдағы сотта өсиетті Ш.Ранованың жасағанын, оның жасалуы кезінде Ш.Ранованың ұлы - үшінші тұлға Б.Усеновтің өтініші бойынша куә ретінде қатысып, өсиетке қол қойғанын растаған.
Жергілікті соттармен 2025 жылғы 7 наурыздағы №1 мамандардың сотпсихиатриалық зерттеу қорытындысы жеткілікті дәлелдемелермен бекітілмегендіктен дұрыс негізге алынбаған.
Талап қоюшыларға аналары Ш.Ранова 2016 жылғы 10 тамызда қайтыс болғанын сол кезде белгілі болған.
АК-нің 1042-бабы 2-тармағына сай Ш.Ранованың қайтыс болған күнi оның артында қалған мұраның ашылу уақыты болып табылады.
АК-нің 1072-2 бабы 1-тармағына сай мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.
Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.
Алайда, талап қоюшылар - анасы Ш.Ранованың заң бойынша бірінші кезектегі мұрагерлері бола тұра, Ш.Ранова қайтыс болған кезден бастап осы кезге дейін оның артында қалған мұраны қабылдау, сол арқылы даулы жылжымайтын мүліктердің меншік иесі болу жөнінде мәселе көтермеген. Олар даулы жылжымайтын мүліктердің үшінші тұлға Б.Усеновтің иелігінде болуына және мүліктерге соңғының билік етуіне толық келіскен.
Үшінші тұлға Б.Усенов өсиет жасалған кезден бастап өзіне оның жасалғаны жөнінде белгілі болғанын теріске шығармаған. Талап қоюшылар мен үшінші тұлға Б.Усенов туған ағалы-інілі бауырлар болып келетіндіктен, талап қоюшылар өсиеттің жасалғаны жөнінде білуі тиіс болған.
Осылайша, талап қоюшылар өз құқықтарын жүзеге асыруға салғырт қарап, сотқа өсиетті жарамсыз деп тану туралы талап қоюымен, ол жасалғаннан кейін сегіз жыл тоғыз айдан астам уақыт өткен соң, 2024 жылғы 27 қарашада ғана жүгінген. Талап қоюшылар тарапынан талап қою мерзімін дәлелді себептермен өткізіп алғанын айғақтайтын уәждер келтірілмеген.
Мұндай жағдайда, жергілікті соттармен АК-нің 178-бабы 1-тармағы және 179-бабы 2-тармағына сәйкес жауапкердің өтінішхаты негізінде талап қоюдың ескіру мерзімі дұрыс қолданған. Себебі, талап қоюшылармен өздеріне белгілі болған кезден бастап үш жылдың ішінде өсиетті дауламаған. Одан кейін, өсиеттің негізінде жауапкерге өсиет бойынша мұраға құқық туралы куәліктер табысталған.
Кассациялық шағымындағы уəждер жергілікті соттардың қорытындыларын теріске шығармайды, тек келіспей, дәлелдемелерге басқа құқықтық баға берумен байланысты. Шағым иесімен сот алқасының
материалдық және процестік құқықтық нормалары елеулі түрде бұзғаны туралы дәлелдемелер ұсынылмаған. Сондықтан, сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2025 жылғы 20 наурыздағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 4 маусымдағы қаулысы күшінде, талап қоюшы К.Усеновтің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Г.Бастаубаев
Төрағалық етуші судья
Судьялар
А.Даненова
А.Токсанбаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.