Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Определение от 27.11.2025 по делу 6003-25-00-2/13 (Гражданское)

ҰЙҒАРЫМ

2025 жылғы 27 қараша №6003-25-00-2/13 Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы А.Тоқсанбаев Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысының талап қоюшы Аяулым Амантайқызы Сапардың жауапкер Жамила Айтбекқызы Алимбековаға берешекті өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық істің соттылығын анықтау туралы ұсынысын қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Түркістан облысы Келес аудандық сотының 2025 жылғы 7 қазандағы ұйғарымымен талап қоюшы Аяулым Амантайқызы Сапардың жауапкер Жамила Айтбекқызы Алимбековаға берешекті өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс соттылығы бойынша қарау үшін, Жамбыл облысы Тараз қалалық сотына жіберген.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысының ұсынысы талап қоюды беру кезінде жауапкердің тіркелген жері бойынша аумақтық соттылықтың белгіленген ережелерін сақтай отырып, іс жүргізуге қабылдағандықтан азаматтық іс Түркістан облысы Келес аудандық сотының соттылығына жататындығымен негізделген.

Электрондық азаматтық іс материалдары мен ұсыныс уәждерімен танысып, кассациялық сот келесі тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 34-бабының 6-бөлігіне сәйкес, әртүрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды кассациялық сот тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың ұсынуы бойынша шешеді.

Іс материалдарынан анықталғандай, аталған талап қоюы 2025 жылғы 7 мамырда Келес аудандық сотына берілген. 2025 жылғы 23 мамырда осы соттың іс жүргізуіне қабылданған.

2025 жылғы 21 маусымда оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен шешім шығарылып, талап қоюы қанағаттандырылып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 1 000 000 теңге берешек сомасы, 110 000 теңге сот шығындары өндірілген.

2025 жылғы 15 тамыздағы Келес аудандық сотының ұйғарымымен аталған шешімнің күші жауапкер Ж.Алимбекованың арызы негізінде жойылып, істі мәні бойынша қарау қайта басталған. «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінің» (ҚАО ААЖ) база деректеріне сай, жауапкер Ж.А.Алимбекова 2019 жылғы 30 сәуірден 2025 жылғы 23 тамыз аралығында:

Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек округі, Амангелді ауылы, Қазақстан көшесі, №22 үй мекенжайында тіркелген.

Азаматтық іс материалдарында тараптардың шарттық соттылығы туралы келісім жоқ.

Сондықтан, АПК-нің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес талап қою жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі.

Соттылығы бойынша істі Тараз қалалық сотына жібере отырып, Келес аудандық соты жауапкердің Тараз қаласында тіркелгенін көрсеткен.

Сонымен қатар, ҚАО ААЖ база деректеріне сай, жауапкер Ж.Алимбекова 2025 жылғы 23 тамызынан бастап: Тараз қаласы, «Қаратау» мөлтек ауданы, №37 «А», №51 пәтер мекенжайында тіркелген.

АПК-нің 34-бабының 1-бөлігіне сәйкес соттылық қағидалары сақтала отырып, соттың іс жүргізуіне қабылданған іс кейіннен ол басқа соттың соттылығына жатқызылса да, сот оны мәні бойынша шешуге тиіс.

Талап қоюды беру кезінде жауапкер Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек округі, Амангелді ауылы, Қазақстан көшесі, №22 үй мекенжайында тіркелгендіктен талап қою Түркістан облысы Келес аудандық сотының іс жүргізуіне дұрыс қабылданған.

Осыған байланысты, АПК-нің 34-бабының 1-бөлігіне сәйкес, аталған азаматтық іс Түркістан облысы Келес аудандық сотының іс жүргізуіне жатады. АПК-нің 34-бабының 6-бөлігін басшылыққа алып, сот

ҰЙҒАРДЫ:

Талап қоюшы Аяулым Амантайқызы Сапардың жауапкер Жамила Айтбекқызы Алимбековаға берешекті өндіру туралы азаматтық ісі соттылығы бойынша Түркістан облысы Келес аудандық сотына берілсін.

Судья А.Тоқсанбаев

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.