ВС РК - Постановление от 02.11.2021 по делу 6001-21-00-3гп/441 (Гражданское)

6001-21-00-3гп-441

Қ А У Л Ы

2021 жылғы 2 қараша Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқаның төрағасы М.Т.Таймерденов, судьялар Б.Р.Ералиева, Н.Қ.Сұлтанов,

прокурор Д[...], талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Н[...], М[...], С[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында «TrueConf» мобильді бейнеконференцбайланысы арқылы талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме, С[...] органы) жауапкерлер жеке кәсіпкер «Нұрәділ» атауымен әрекет етуші Ә[...] (бұдан әрі – «Нұрәділ» ЖК), «Б1[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – Серіктестік) мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен қозғалған электрондық азаматтық іс бойынша қабылданған

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысын қайта қарау туралы Мекеменің келтірген өтінішхатымен келіп түскен азаматтық ісін қарап,

С[...] органы «Нұрәділ» ЖК-ге, Серіктестікке 2019 жылғы 30 желтоқсандағы тауар жөнелту туралы 101 электронды шот-фактуралармен (бұдан әрі – Шот-фактуралар) расталған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінген.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы шешімімен талап қою арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Ө[...] органы істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуына байланысты дауланып отырған сот актілерінің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберуді сұраған.

Жауапкерлер «Нұрәділ» ЖК атауымен әрекет етуші Ә[...] және Серіктестіктің өкілдері сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылса да, сот отырысына қатыспады, қатыспауларының себептерін хабарламады және олардан істі өздерінің қатысуынсыз қарау жөніндегі өтініштер түспеді.

Алқа жауапкерлердің өкілдерінің сотқа қатыспау себептерін дәлелсіз деп тауып, істі олардың қатысуынсыз қарады.

Сот алқасы іс бойынша талап қоюшы С[...] органының өкілдері Н[...], М[...], С[...] өтінішхатты қолдаған түсініктерін, прокурордың өтінішхатты қанағаттандырып, сот актілерінің күшін жойып, жаңа шешім қабылдап, талап қою арызын қанағаттандыруды сұраған қорытындысын тыңдап, өтінішхат уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы осы кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер болып табылады.

Сот алқасы бұл іс бойынша мұндай негіздер бар деп санайды.

Іс құжаттарына қарағанда, жауапкерлер арасында жалпы сомасы 8 748 074 теңгеге, оның ішінде қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) 937 294 теңгеге, тауар жеткізілген.

«Нұрәділ» ЖК-і Серіктестікке әр түрлі азық-түлік тауар жөнелту туралы 2019 жылғы 30 желтоқсанда ESF-[...]-20191230-44469730 жалпы 101 электронды шот-фактуралар рәсімдеп, жүйеге енгізген.

Мекемемен камералдық бақылау нәтижесі бойынша 2020 жылғы 13 наурызда хабарлама рәсімделіп, салық төлеушіге жолданған.

Бірінші сатыдағы сот талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыруын талап қоюшымен даулы мәміле бойынша жауапкерлерге қатысты салықтық тексеру жүргізілмегенімен, мәміле бойынша салық заңнамасының бұзылғаны туралы қорытынды болжаммен негізделіп, жауапкерлерге қатысты заңды күшіне енген үкімдердің шыққаны немесе қылмыстық қудалауды жүргізуге, сонымен қатар әкімшілік жауаптылыққа тартуға мүмкіндік жоқ екені туралы дәлелдемелерді сотқа ұсынбағанымен негіздеген.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімімен келісіп, сот актісін өзгеріссіз қалдырған.

Өтінішхат иесі жергілікті соттардың тұжырымдарын заңсыз деп есептейді.

– С[...] органы тарапынан Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығымен бекітілген, Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде ҚҚС әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдеріне (пилоттық жоба) сәйкес камералдық бақылау нәтижесімен 2020 жылғы 13 наурызда № [...] хабарлама жасалып, салық төлеушіге жолданған.

Аталған хабарлама бойынша салық төлеуші табыс етілгеннен кейін 5 жұмыс күн ішінде осы хабарлама бойынша тиісті электрондық шотфактураға қатысты атқарылған жұмыстардың дәлелді құжаттарын ұсынады немесе электронды шот–фактураларды кері қайтарады.

Бірақ «Нұрәділ» ЖК-і хабарламаны мерзімінде орындамай, Шотфактураны тек С[...] органы сотқа жүгінгеннен кейін, яғни 2020 жылғы 21 шілдеде ғана қайтарып алған.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 – – бұйрығымен бекітілген шот фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот фактураны электрондық нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы Қағиданың (бұдан әрі – Қағида) 12-тармағында электрондық шот–фактура ақпараттық жүйесінде құжат айналымы процесінде жасалатын операциялар деп айқындалған.

Қағиданың 12-тармағының 10) тармақшасында электрондық шотфактураны кері қайтару - электрондық шот-фактурасын жарамсыз деп тануға әкеліп соғатыны көрсетілген.

С[...] 11) тармақшасымен электрондық шот-фактурасы - тауарларды алушымен жұмыстарды, қызметтерді түзетілген немесе қосымша электрондық шот-фактураны жазып беру, сондай-ақ бұрын жазып берген электрондық шот-фактураны кері қайтару бойынша тауар жеткізушінің әрекетін қабылдамауы көзделген.

Алайда жергілікті соттар істі қараған кезде жоғарыда келтірілген заң талаптарын ескермеген.

Сонымен қатар мәміленің жасалғанын немесе жасалмағанын тексеру, жауапкерлердің сот отырысына қатыспауына байланысты мүмкін болмады деумен және жауапкерлерге қатысты заңды күшіне енген үкімдердің шыққаны немесе қылмыстық қудалауды жүргізуге, әкімшілік жауаптылыққа тартуға мүмкіндік жоқ екені туралы дәлелдемелерді талап қоюшы сотқа ұсынбағанымен шектелген.

Бірақ, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы істерді қараған кезде, жауапкерлердің қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылғанымен немесе тартылмағанымен байланыстырмау қажет екені ескерілмеген. Демек, талап қою арызы сотта негізінен шешілмеген.

Алқа отырысына қатысқан С[...] органының өкілдері жауапкермен қайтарылып алынған Шот-фактураларға талдау жасап, қорытынды жасағандарын көрсеткен.

Бірақ ол қорытынды электрондық іске тіркелмеген.

Істің мұндай тұрғысында, С[...] органының қайтарылып алынған Шот-фактуралар, олардың жарамсыздығына алып келеді деген уәжін жоққа шығаратындай деректер анықталмаған.

Сондықтан сот алқасы апелляциялық сатыдағы соттың жоғарыда келтірген қорытындысы іс үшін маңызы бар мән-жайларға негізделмеген деп санайды.

АПК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес әрбір дәлелдеме оның қатыстылығы, жарамдылығы, анықтығы ескеріле отырып, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалануға тиіс.

С[...] себепті сот алқасы өтінішхаттағы С[...] органының келтірген уәжімен келіседі және оны заң талабына сай тексеру үшін апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, сол сотқа басқа құрамда істі жаңадан қарау үшін жібереді.

Істі жаңадан қараған кезде сот жауапкерлердің сотқа қатысуын қамтамасыз етіп, тараптардың уәждерін, дәлелдемелерін толық тексеріп, оған заң талабына сай жан-жақты баға беріп, заңды шешім қабылдауы қажет. АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 5) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 19 наурыздағы қаулысының күші жойылып, іс апелляциялық сатыдағы сотқа басқа құраммен жаңадан қарауға жіберілсін. Мекеменің өтінішхаты ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші М.Т.Таймерденов Судьялар Б.Р.Ералиева Н.Қ.Сұлтанов Көшірмесі дұрыс Судья Б.Р.Ералиева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.