6001-21-00-6ап/141
ҚАУЛЫ
Нұр-Сұлтан қаласы 2022 жылғы 12 сәуір
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағалық етуші судья С.У. Баймаханов,
судьялар Ш.Т. Даниярова, Б.Т. Нажмиденов қатысқан құрамда, талап қоюшының өкілі Б[...],
жауапкер А[...], оның өкілі А[...], мүдделі тұлғалар И[...] өкілі Н[...], М[...] өкілі С[...] қатысуыларымен,
талап қоюшы А[...] жауапкер – жеке сот орындаушысы А[...] үйден шығару жөніндегі іс-әрекетін заңсыз деп тану жөніндегі әкімшілік іс туралы кассациялық шағымы бойынша түскен Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі шешімін және Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 қарашадағы қаулысын қайта қарау туралы әкімшілік істі ашық сот отырысында мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы қарап,
А Н Ы Қ Т А Д Ы:
Талап қоюшы үйден шығару жөніндегі іс-әрекеттерді заңсыз деп тану туралы жеке сот орындаушысы А[...] (бұдан әрі – ЖСО А[...]) әкімшілік талап қойып, сотқа жүгінген.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 2021 жылғы 30 қыркүйекте әкімшілік талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарған.
Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз, талап қоюшының апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Өтінішхатта талап қоюшының өкілі Б[...] жергілікті соттардың тұжырымдарымен келіспей, олардың күшін жоюды және істі судьялардың басқа құрамымен жаңадан қарау үшін бірінші сатыдағы сотқа жіберуді өтінген.
Сот алқасы шағымның дәлелдерін қолдаған талап қоюшы мен оның өкілінің түсіндірмелерін тыңдап, дауланып отырған сот актілері бойынша келісімін білдірген жауапкер өкілдерінің түсіндірмелерімен танысып және мүдделі адамның өкілін тыңдап, әкімшілік істің материалдарын зерттеп, өтініштің дәлелдерін талқылап, мынадай қорытындыға келді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, кассациялық шағымдану тәртібі және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларымен айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады деп көрсетілген.
Осы іс бойынша мұндай негіздер анықталған жоқ.
Талап қоюшының өкілі, А[...] үйден шығарылған күні кәмелетке толмаған балалармен бірге жалдау шартының негізінде тұрды, осыған байланысты жауапкер оны шығаруды заңсыз жүзеге асырды, алайда апелляциялық сот осы дәлелді қарап, оған баға берді, соған сәйкес талап қоюшы мен А[...] арасында 2021 жылғы 31 қаңтарда жасалған даулы үйді жалға алу туралы шарттың болуы А[...] атқарушылық іс-әрекеттерінің заңсыздығын білдірмейді, өйткені тараптар бұл шартты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 543-бабының талаптарын бұза отырып жасағандықтан осы мәміле маңызсыз болып саналады және есепке алуға жатпайды деген пікір білдірді.
Сот алқасы апелляциялық сатыдағы соттың осы тұжырымымен келіседі және оны дұрыс деп санайды. Өйткені Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 543-бабында мүлікті жалға беру құқығы оның меншік иесіне тиесілі, ал талап қоюшы осы жылжымайтын мүлікке қатысты меншік иесі болып табылмайды деп көрсетілген.
Талап қоюшы өкілінің үйден шығару туралы 2021 жылғы 8 шілдедегі актіде А[...] қолы жоқ екені, сондай-ақ оның үйден шығару сәтінде болмағаны туралы өтінішхатта жазылған дәлелдері ЖСО А[...] іс-әрекеттерін заңсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды. Өйткені іс материалдарында қол қоюдан бас тартылғаны туралы 2021 жылғы 30 маусымда жасалған акт бар. ЖШС А[...] оған сәйкес А[...] алдағы шығару күні туралы куәгерлердің көзінше хабардар еткен, бірақ соңғы қол қоюдан бас тартқан. Бұл осы актіде фото және бейнетіркеу арқылы көрсетілген.
Талап қоюшының кассациялық шағымдағы өкілі ЖСО А[...] мынадай іс-әрекеттерін, атап айтқанда оның:
2021 жылғы 6 мамырда сағат 11:00-ге қарай мәжбүрлеп шығару туралы ескерту хабарламаларын қалалық қызметтерге бере отырып, борышкерлерді 2021 жылғы 29 сәуірде тұрғын үй-жайдан мәжбүрлеп шығару шарасын тағайындауын;
тараптарға 2021 жылғы 1 мамырда кезекті хабарлама-ескерту жіберіп, борышкерлерді 2021 жылғы 15 маусымда сағат 11:00-де тұрғын үйжайдан мәжбүрлеп шығару шарасын тағайындауын;
борышкерлерді 2021 жылғы 8 шілдеде сағат 11:00-де тұрғын үй-жайдан мәжбүрлеп шығару шарасын тағайындауын заңсыз деп есептейді.
АПК-нің 72-бабында әр тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге, қорғану құралдарын пайдалануға, фактілерді растауға, оларға дау айтуға, процесті адал жүргізуге сәйкес келетін және іс жүргізуге жәрдемдесуге бағытталған дәлелдемелерді және дәлелдемелерге қарсы қарсылықтарды судья белгілеген мерзімдерде келтіруге тиіс екендігі көрсетілген.
Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымында сот орындаушысының осы іс-әрекеттерін тізімдей отырып олардың заңсыздығына дәлелдер келтірмейді, сондай-ақ оның ұстанымын растайтын нормативтік актілерге сілтеме жасамайды. Осыған байланысты бұл дәлелдер назарға алынбайды.
Шығару кезінде үйге меншік құқығы басқа адамға, яғни М[...] берілгені туралы талап қоюшы өкілінің дәлелін екі саты да қараған. Олар атқарушылық құжатты орындау кезінде даулы үйдің меншік иесін өзгерту А[...] іс-әрекеттерін заңсыз деп тануға негіз бола алмайды деген тұжырымға келген. Өйткені соңғы атқарушылық әрекеттер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін және орындау үшін міндетті болған әрі заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде орындалған.
Осылайша, соттар іс үшін маңызы бар мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтау бойынша қажетті шараларды қабылдады, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына жол бермеді, істің мән-жайларына тиісті баға берді. Алқа осыған байланысты дауланып отырған сот актілерінің күшін жою және кассациялық шағымды қанағаттандыру үшін негіздер бар деп есептемейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік колексінің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, сот алқасы
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі шешімі, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 4 қарашадағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын.
А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші С.Баймаханов
Судьялар Ш.Даниярова
Б.Нажмиденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.