КСАД РК - Постановление от 17.06.2026 по делу 6003-26-00-4к/991 (Административное)

ҚАУЛЫ

2026 жылғы 17 маусым 6003-26-00-4к/991 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі Кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші – Д.Ә. Әбдіғалиев, судьялар – Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов болып,

талап қоюшы И[...], оның өкілі М[...]

қатысуларымен,

ашық сот отырысында талап қоюшы И[...] жауапкер Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының әкімшілігіне (бұдан әрі - Әкімдік) жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану, қаулыны заңсыз деп тану және талап қоюшының атына құжаттарды қайта рәсімдеу туралы шешім шығару жөніндегі әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі ұйғарымына, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы ұйғарымына талап қоюшының өкілі берген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі ұйғарымымен талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деген негізбен және талап қоюды беруге арналған мерзімді өткізіп алуымен байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының 2-бөлігінің 11), 15) тармақшаларына сәйкес қайтарылған. Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы өзгеріссіз, талап қоюшының өкілінің жеке шағымы қанағаттандырусыз қалдырылған.

Талап қоюшының өкілі кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық саты соттарының сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жоюды, бірінші сатыдағы сотқа жіберуді сұраған.

Жауапкер өкілінен Астана қаласына бара алмауына байланысты бейнеконференцбайланыс режимінде сот отырысына қосылу туралы өтініш келіп түсті.

Алайда, бұл өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады, себебі сот отырысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының ғимаратында міндетті түрде жеке қатысу арқылы өткізуге тағайындалған, бұл туралы іске қатысушы тұлғалар алдын-ала хабарланған. Аталған мән-жай кассациялық сатыдағы сотта сот отырысын өткізу форматын өзгертуге негіз болып табылмайды.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға қатысқан өзге тұлғалар сот отырысының күні, уақыты және форматы туралы тиісті түрде хабарланғанына қарамастан, сотқа келмеген және келмеу себептері туралы сотқа мәлімет бермеген.

ӘРПК-ның 115-бабының 1- бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Талап қоюшының кассациялық шағымымен іс құжаттарын зерттеп, кассациялық сот төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-ның 438-бабының 5- бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Төмен тұрған сатыдағы соттармен мұндай бұзушылықтарға жол берілмеген.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда, «КД[...]» шаруа қожалығының (бұдан әрі - ШҚ) үлескерлерінің 2019 жылғы 16 ақпандағы кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасын жарамсыз деп тану, әкімдіктің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 75 санды қаулысын заңсыз деп танып, «КД[...]» ШҚ-ның құжаттарын талап қоюшыға қайта рәсімдеу туралы шешім шығару туралы талап қоюмен жүгінген. Талап қоюдың мағынасы мен нысанасынан қойылған талаптар - дау айту туралы талап қоюларға жататындығы көрінеді. Дау айтылып отырған «КД[...]» ШҚ-ның үлескерлерінің 2019 жылғы 16 ақпандағы кезектен тыс жалпы жиналысының хаттамасы әкімшілік акт болып табылмайды.

Сондықтан бұл талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтындықтан бірінші сатыдағы сотымен ӘРПК-нің 138-бабының 2- бөлігінің 11) тармақшасына негізінде кері қайтарылған.

Сондай-ақ, заңды күшіне енген 2020 жылғы 8 қазандағы Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшы «КД[...]» ШҚ-ның басшысы (сол кезде) И[...] талап қоюмен жауапкер «КД[...]» ШҚ-ның 2019 жылғы 16 ақпандағы кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі заңсыз деп танылып, күші жойылған.

Соттың 2020 жылғы 8 тамыздағы ұйғарымымен И[...] Әкімдіктің 2019 жылғы 28 ақпандағы № 75 санды қаулысын заңсыз деп тану туралы талап кою арызы бойынша азаматтық іс жүргізу тоқтатылған.

Яғни, талап қоюшыға дау айтып отырған қаулы жөнінде 2020 жылғы белгілі болған, алайда ол сотқа 2025 жылғы 12 тамызда қайта жүгінген.

ӘРПК-нің 16 және 130-баптарына сай, іс бойынша сот белсенді рөлін жүзеге асыра отырып, талап қоюшының өкіліне қолданыстағы заң нормаларын түсіндірген, соның ішінде: соттың 2025 жылдың 25 тамыздағы ұйғарымына сай, талап қоюды нақтылау қажеттілігі және талап қоюмен жүгіну мерзімін қалпына келтіру туралы арыз ұсыну міндеті жүктелген.

Талап қоюшының өкілі М[...] соттың ұйғарымындағы талапты орындамай, И[...] талаптары тану туралы талап қою болып табылатындығын, талап қою бес жылдық мерзім ішінде берілуіне байланысты, іс бойынша өтіп кеткен процестік мерзімді қалпына келтірудің қажеттілігі жоқ деген уәждермен талап қою бойынша мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішін сотқа ұсынбаған.

Сондай-ақ, дау 2019 жылғы 28 ақпанда қабылданған қаулыдан туындаған болса, мұндай жағдайда тану туралы талап қоюдың да бес жылдық мерзімі 2024 жылғы 28 ақпанда өтіп кеткен.

Кассациялық шағымның уәждері мазмұны, мәні және мақсаты жағынан бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда келтірілген уәждерге ұқсас болып табылады. Аталған уәждер төмен тұрған сатыдағы соттарда қаралып, оларға тиісті құқықтық баға берілген. Кассациялық шағымда жаңа уәждер келтірілмеген.

Кассациялық сот, талап қоюшының өкілінің даулы қаулы ӘРПК-нің қолданысқа енгізілуіне байланысты оған дау айту мерзімі 5 жыл деген түсіндірмелері соттармен дұрыс назарға алынбаған, себебі аталған талап қою дау айту талап қоюы болып табылады деген төмен тұрған соттардың тұжырымдарымен келіседі.

Іс бойынша мән-жайлар дұрыс анықталып, материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына немесе дұрыс қолданылмауына жол берілмегендіктен, кассациялық сот, сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ деп санайды.

Жоғарыда аталғанның негізінде, бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың сот актілері күшінде қалдырылуға, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабын, АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Осы іс бойынша Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі ұйғарымы, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 22 қазандағы ұйғарымы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы өкілі М[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Д. Әбдіғалиев

Төрағалық етуші

Судьялар

Г. Ыдырысова

М. Қасымов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.