ВС РК - Постановление от 28.05.2025 по делу 6001-24-00-6ап/3680 (Административное)

6001-24-00-6ап/3680

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 28 мамыр Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – судья Г.Б. Дуйсенбаев, судьялар – Ш.Т.Даниярова, Г.К. Нұрбаев,

өзінің ашық сот отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот мәжіліс залында талап қоюшы Джумабаев Толеген Оразбаевичтың жауапкер жеке сот орындаушы Качаков Аскат Каненовичке атқару өндірісін қозғау туралы қаулысын заңсыз деп танып, күшін жою туралы қаулысының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қазандағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 қарашадағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы Т.Джумабаев жоғарыда аталған талап арызбен сотқа жүгінген.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қазандағы шешімімен талап арыз қанағаттандырудан бас тартылған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, жергілікті соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсете отырып, олардың күшін жоюды, талап арызды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Тиісті түрде хабарланған тараптар кассациялық саты сотының отырысына келмеуі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сай істі мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді.

Сот алқасы кассациялық шағым уәждері мен іс құжаттарын жан-жақты зерттеп, төмендегідей тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

ӘРПК-нің 5 бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндеті жеке тұлғалардың бұзылған немесе дауланған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қоғамдық-құқықтық қатынастарда тиімді қорға~у және қалпына келтіру мақсатында әкімшілк істерді әділ, бейт~~ арап және уақытылы шешу болып табылады.

Жергілікті соттар талап арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдағанда, сот орындаушының әрекеттері заң талаптарына сай жүргізілген, тараптардың құқықтары бұзылмаған деп тұжырым жасаған.

Сот алқасы төменгі саты соттарының тұжырымдарымен толық келісіп, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады деп тапты.

Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 37-бабының 4-бөлігіне сай, сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, ол туралы қаулы шығарады.

Іс құжаттарына қарағанда, Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімінің инспекторы Е.М.Танатаровпен көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйде басқарғаны үшін 2023 жылғы 1 тамызда Т.Джумабаевқа қатысты Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнің 612-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

2023 жылғы 6 қыркүйекте Мұнайлы аудандық Ішкі істер бөлімінің бөлім басшысы А.С.Кайырбаевтың қаулысымен Т.Джумабаев ӘҚБтК-нің 612-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 103 500 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

2024 жылғы 29 тамызда аталған қаулы «Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» арқылы орындау үшін~жолданып, сол күні ЖСО атқарушылық іс жүргізуді қозғау ту~~ ралы қаулы қабылданып, ол жөнінде талап қоюшыға хабарланған. Заңның 38-бабында көзделген атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері іс бойынша сотта анықталмаған.

Істің мұндай тұрғысында жергілікті соттар іс үшін маңызы бар мәнжайлар ауқымын дұрыс айқындаған, материалдық заң нормалары дұрыс қолданылған. Себебі, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi лауазымды тұлғаның қаулысы атқару құжаты болып табылады және қаулы мәжбүрлеп орындауға заңда белгіленген мерзімде ұсынылған.

Талап қоюшының кассациялық шағымында көрсетілген уәждері төменгі саты соттарымен жан-жақты зерттеліп, оларға тиісті құқықтық баға берілген, ал тараптардың сот тұжырымдамасымен келіспеуі сот актілерін өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды.

Сондықтан, сот алқасы талап қоюшының кассациялық шағымын қанағаттандыруға негіздер жоқ деп тапты.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

##~**ҚАУЛЫ ЕТТІ:**~~

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 8 қазандағы шешімі және Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 қарашадағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Джумабаев Толеген Оразбаевичтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Дуйсенбаев Г.Б. Судьялар Даниярова Ш.Т. Нұрбаев Г.К. Көшірмесі дұрыс. Судья Дуйсенбаев Г.Б.

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.