6001-21-00-2АПК/7
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 27 тамыз Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші - судья А.Қ. Қыдырбаева, судьялар М.Т. Балкен, А.М. Нұрбеков, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Департаментінің прокуроры К[...],
əкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға М[...], жəбірленуші Н[...] қатысуымен,
ашық сот отырысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан əрі - ӘҚБтК) 610-бабының бірінші бөлігі бойынша М[...] қатысты,
Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сотының 2021 жылғы 12 наурыздағы жəне Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 сəуірдегі қаулыларына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша келіп түскен əкімшілік құқық бұзушылық туралы істі кассациялық тəртіппен қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сотының 2021 жылғы 12 наурыздағы қаулысымен М[...] ӘҚБтК-нің 610-бабының бірінші бөлігімен кінəлі деп танылып, оған 58 340 теңге мөлшерінде айыппұл салу жазасы тағайындалған.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 сəуірдегі қаулысымен аталған сот актісі өзгеріссіз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуында соттардың құқық нормаларын түсіндіруде жəне қолдануда бірізділіктің бұзылуына байланысты кассациялық тəртіппен іс бойынша шығарылған сот актілерін қайта қарауды көрсетілген.
Ұсыну дəлелдерін қолдаған прокурор К[...] қорытындысын, М[...] жəне Н[...] түсініктемелерін тындап, іс материалдарын зерделеп, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы келесі тұжырымға келді.
ӘҚБтК-нің 851-бабы 5-бөлігіне сəйкес əкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды кассациялық тəртіппен қайта қарауға: қабылданған қаулыны орындау адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін болатын; қабылданған қаулы адамдардың белгісіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін немесе өзге де жария мүдделерді бұзатын; қабылданған қаулы соттардың, уəкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) құқық нормаларын түсіндіруі мен қолдануында бірізділікті бұзатын жағдайлар негіздер болып табылады.
Іс бойынша мұндай негіздер бар. Іс материалдарына қарай келесі жағдайларды ескерген жөн. М[...] қатысты əкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалуына Жетібай селосынан 98 шақырым тас жолындағы жол-көлік оқиғасы негіз болған. 2021 жылғы 8 ақпанда сағат 06:30-да М[...] «Hyundai Tucson» көлік құралымен Н[...] бір бас жылқысын жол үстінде қаққаны анықталған.
М[...] əкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, жергілікті соттар Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережесінің (бұдан əрі - Ереже) келесі ережелерін бұзғанын көрсеткен.
Жүргізуші көлік құралын белгіленген шектеуден аспайтын жылдамдықпен, мұндайда жүріс үдемелілігін, көлік құралы мен жүктің ерекшелігін жəне жай-күйін, жүру бағытындағы көрінуге қатысты жол жəне метеорологиялық жағдайларды ескере отырып жүргізеді. Жылдамдық жүргізушіге қағидалардың талаптарын орындау үшін көлік құралының жүрісіне тұрақты түрде бақылау жасауына мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.
Жүруге жүргізуші анықтай алатындай кедергі жəне (немесе) қауіп туған жағдайда, ол жылдамдықты тоқтатуға дейін азайтуға немесе жол жүрісіне басқа қатысушылар үшін қауіп төндірмей, кедергіні айналып өтуге шаралар қолданады (Ереженің 10-бөлімінің 1-тармағы).
Алайда жергілікті соттардың қаулылары негізсіз жəне заңсыз болып табылады.
Жол-көлік оқиғасының сызбасына сəйкес көлік пен малдың соқтығысқан жері М[...] көлік құралының қозғалысы жолағында болған. М[...] қараңғы уақытта сағатына 60 километр жылдамдықпен жүргенін, алдынан бір жылқы шығып қалғанын жəне оны абайсызда қағып кеткендігін түсініктемесінде көрсеткен.
Ереженің 10.3-тармағының 1) тармақшасына сəйкес жеңіл автомобильдерге елді мекендерден тыс жерде автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ сағатына 140 километрден аспайтын, бөлу жолағы бар жолдарды сағатына 110 километрден аспайтын, қалған жолдарда сағатына 100 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Осылайша Ережемен бекітілген жылдамдықтың режимін бұзғанды анықтайтын дəледеме іске тіркелмеген.
Ереженің 24-бөлімінің 9-тармағына сəйкес малдарды, əдетте, тəуліктің жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдарды мүмкіндігінше жолдың оң жақ шетіне жақын бағыттауға тиіс.
Тəуліктің қараңғы уақытында жəне жеткіліксіз көріну жағдайларында бір топ малды жол бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда малдың бар екенін ескерту үшін жүргізушілерге сигнал береді (Ереженің 24-бөлімінің 10-тармағы).
Ереженің 24-бөлімінің 10-тармағына ескертпеге сəйкес шырақпен немесе фонарьмен қолды шеңбер жасап қозғау сигнал болып табылады, бұл ретте сигнал беруші бір топ мал жақындап келе жатқан көлік құралдары жағынан он-он бес метр арақашықтықта болады. Ереженің 24-бөлімінің 12-тармағымен жүк артылған, жегілген жəне мініс малдарының жəне малдардың иелеріне:
Ереженің 24-бөлімінің 12-тармағымен жүк артылған, жегілген жəне
малдың жабыны қатты жолдарға шығып кетуі мүмкін жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға;
малдарды теміржолдар арқылы жəне арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тəуліктің қараңғы уақытында жəне жеткіліксіз көріну жағдайларында (əртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа) айдап өтуге; 3) өзге жолдар болған кезде малдарды жабын асфальт жəне цементбетон жолдармен жетектеп жүруге жол берілмейді.
ҚР СТ 1412-2017 жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары қолдану ережелерінің (бұдан əрі – ҚР СТ 1412-2017) 5.2.2-тармақшасына сəйкес елді мекендерден тыс жол жүрісін реттеудің техникалық құралдары ескерту белгілері 150 м-ден 300 м-ге дейінгі қашықтықта, ал елді мекендерде-қауіпті учаскенің басталуынан 50 м-ден 100 м-ге дейінгі қашықтықта орнатылуы тиіс.
Сонымен бірге, ҚР СТ 1412-2017-нің 5.2.26-тармақшасына сəйкес 1.24 «Мал өткізу» белгісі мал қоралары, фермалар бойымен өтетін жол учаскелерінің алдында жəне жолдың жүру бөлігі арқылы ұйымдастырылған мал айдау орындарында орнатылуы тиіс.
«Қолдану аймағы» тақтайшасы 1.24 ескерту белгілерімен қауіпті учаскенің ұзындығын көрсету үшін қолданылуы тиіс. Бұл ретте егер белгі қайта орнатылса, тақтайшаны қайта белгінің астына орнату керек (ҚР СТ 1412-2017-нің 5.8.5 тармақшасы).
Сот істі қарау кезінде жоғарыда көрсетілген талаптардың сақталуын тексермеген. Жол-көлік оқиғасының сызбасында «Мал өткізу» белгісі мен жол-көлік оқиғасы орны арасындағы қашықтық туралы мəліметтер жоқ. Сот бұл мəн-жайды зерттемеген. Сонымен қатар, жылдамдық режимін сақтағанын немесе бұзғанын растайтын мəліметтер (маманның/сарапшының қорытындысы) жоқ.
ӘҚБтК-нің 829-6-ші бабына сəйкес сот əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi дайындау кезiнде өтінішхаттарды шешеді, қосымша материалдарды талап етіп алдырады, қатысуы істі, шағымды, наразылықты қарау үшін қажет деп танылған адамдарды шақыртады; қажет болған кезде сараптама тағайындайды. Істi қарау барысында iс бойынша жол-көлік оқиға орын алған кезде мал иесі тарапынан жəне көлік құралын жүргізуші тарапынан жоғарыда аталған ережелердін орындалғаны немесе бұзылғыны iстi дайындау тиісте түрде зерттеліп анықталмаған, қосымша материалдар талап етіп алдырылмаған жəне қажетті сараптама тағайындалмаған.
Осыған байланысты алқа Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сот жəне Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы қаулыларының күшін жою туралы қорытындыға келіп отыр. Істі қайтадан қарау барысында жоғарыда аталған мəселелерге сот назар аударып процестік нормаларды сақтай отырып, негізді шешім қабылдауы тиіс. Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандыруға жатады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 851-бабын басшылыққа ала отырып сот алқасы,
ҚАУЛЫ ЕТТІ :
Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сотының 2021 жылғы 12 наурыздағы жəне Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 9 сəуірдегі қаулыларының күші жойылсын, іс бірінші сатыдағы сотқа қайта қарау үшін жолдансын.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының ұсынуы қанағаттандырылсын.
Төрағалық етуші
А. Қыдырбаева
А. Нұрбеков
Судьялар
М. Балкен
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.