Кассационный суд Республики Казахстан по гражданским делам - Постановление от 16.06.2026 по делу 6003-26-00-2к/1858 (Гражданское)

№6003-26-00-2к/1858 іс

Қ А У Л Ы

2026 жылғы 16 маусым Астана қаласы

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты құрамында: төрағалық етуші судья Г.С.Джаппарова, судьялар А.К.Есдаулетов, Д.Д.Махметова болып,

талап қоюшы С[...], оның окілі А[...], жауапкер К[...] қатысуларымен, бейне-байланыс құрылғысы арқылы ашық сот отырысында, Амангелді аудандық сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі мен Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 4 наурыздағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен,

талап қоюшы С[...] жауапкер Амангелді ауданының әкімі К[...] іс-әрекетін заңсыз деп танып, моральдық зиянның өтемақысын өндіру туралы электрондық азаматтық істі қарап,

А Н Ы Қ Т А Д Ы:

С[...] талап қоюында, Амангелді ауданының әкімі К[...] (бұдан әрі-жауапкер) іс-әрекетін заңсыз деп танып, оның әрекетінен ар-ожданына, қадiр-қасиетi мен iскерлiк беделiне келтiрілген 150 000 000 теңге моральдық зиянды өндіруді сұраған.

Талап қоюдың нысаны мен мазмұны бойынша, С[...] Амангелді ауданының аумақтық сайлау комиссиясына, Үрпек ауылдық округі әкімі қызметіне өзін-өзі ұсыну жолымен кандидат ретінде тіркелген.

Осыдан кейін, жауапкердің шақыртуымен онымен кездесіп, өзіне кандидатурасын қайтарып алған жағдайда, аудандық маслихаттың аппарат басшысы қызметіне тағайындалатынын айтқандықтан, оған сеніп 2025 жылғы 26 мамырда кандидатурасының тіркелуін жойғанымен, кейіннен келісім бойынша аталған қызмет ұсынылмаған. Осы мән-жайларға байланысты сотқа талап қоюмен жүгінген.

Істі қарауда жауапкердің нақты қандай іс-әрекеті заңсыз деп танылуға жататыны нақтыланбаған.

Амангелді аудандық сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен С[...] бұл талап қоюы, негізсіздігіне және уәждері дәлелін таппағандықтан қанағаттандырусыз қалдырылған.

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған.

Талап қоюшыға әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен сотқа жүгіну құқығы түсіндірілген.

Сот шешімінің күші жойылуына, апелляциялық сатыдағы сотпен талап қоюмен сайлауға қатысу құқығын бұзған лауазымды адамның іс-әрекеттері

дауланғандықтан, талап қоюдың жария-құқықтық қатынастардан туындағаны туралы тұжырымға келуі негіз болған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында, соттармен материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылмауына, жауапкердің қысымымен кандидаттыққа берген өтінішін қайтарып алуға мәжбүр болғанын растайтын дәлелдемелеріне дұрыс баға берілмеуіне байланысты сот актілерінің күшін жойып, талап қоюын қанағаттандыруды сұраған.

Кассациялық сот істегі бар дәлелдемелерді зерттеп, сотқа қатысушылардың түсініктерін тыңдап, кассациялық шағымның дәлелдерi шегiнде сот актiлерінің заңдылығын тексерiп, талқылап, төмендегідей тұжырымға келді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әріАПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Іс бойынша апелляциялық сатыдағы сотпен мұндай бұзушылықтарға жол берілген.

«Азаматтық істер бойынша сот шешімі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі № 5 нормативтік қаулысының 5, 11-тармақтарының талаптарына сәйкес АПК-нің 224-бабына сәйкес сот шешiмi заңды және негiздi болуға тиiс.

Шешiм процестік құқық нормалары сақтала отырып және осы құқықтық қатынасқа қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына толық сәйкестiкте шығарылғанда немесе қажетті жағдайларда ұқсас қатынасты реттейтiн заңды қолдануға негізделгенде, не азаматтық заңнаманың жалпы негіздері мен мағынасын және адалдық, ақылға сыйымдылық пен әділеттілік талаптарын Азаматтық кодекстің 5-бабы және АПК-нің 6-бабы негізге алғанда, заңды болып табылады.

Осы іс үшiн маңызы бар, сот зерттеген дәлелдемелермен расталған, олардың қатыстылығы, жарамдылығы және анықтығы туралы заң талаптарына сай келуін қанағаттандыратын немесе дәлелдеудi қажет етпейтiн жалпыға мәлiм мән-жайлар мен дауды шешу үшiн жеткiлiктi болатын фактілер көрсетілген шешім негiздi болып саналады.

Шешiм iстiң мән-жайлары туралы болжамдарға негiзделуі мүмкін емес. Сот шешімде сот отырысында зерттелмеген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы емес. Сот шешімді әрбір тараптың дәлелдемелерді зерттеуге тең негіздерде қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.

Осы материалдық құқық нормасының талабына сәйкес, бірінші сатыдағы сотпен тараптармен ұсынылған әрбір дәлелдеменің қатыстылығы,

жарамдылығы, анықтығы ескеріліп, жеткіліктілігі тұрғысынан бағаланып, істі мәлімдеген талаптар шегінде қаралып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды шешім шығарылған.

Істі қарауда С[...] сол кезде жауапкер тарапынан көрсетілген қысымынан әкім болуға кандидатурасын кері қайтарып алуға мәжбүр болғаны жөнінде уәждері дәлелдемелер жиынтығымен расталмаған, соңғы құзырлы органдарға бұл жайлы сол уақытта арызданбаған, даудың кейіннен уәде етілген қызметке алынбауынан туындағаны анықталған.

Талап қоюшымен дәлелдеме ретінде ұсынылған аудио-жазбалар АПКнің 66-бабының талабы негізінде жасырын жазылғандықтан, сотпен заңға сәйкес заңдық күші жоқ деп дұрыс танылған.

Одан бөлек, аталған аудио-жазбаларды зерттеуде жауапкер тарапынан талап қоюшыға қысым жасалғандығы анықталмаған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 951бабына сәйкес моральдық зиян деп азаматтың өзіне тиесiлi жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарын құқыққа қайшы бұзу, кемсiту немесе олардан айыру салдарынан басынан кешірген жан азабын немесе тән азабын түсiну қажет.

Моральдық зиян өтелуге жатады, егер де талап қоюшы өзінің нақты тән немесе жан азабын шеккенін және оның жауапкердің әрекетімен тікелей байланыстылығы дәлелденсе. Оны дәлелдеу міндеті АПК-тің 72-бабына сәйкес талап қоюшыға жүктелген.

Алайда, талап қоюшымен талап қоюының бұл бөлігі бойынша моральдық зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті және жол беруге болатын дәлелдемелер сотқа ұсынылмаған.

Өз кезегінде, моральдық зиянды өтеу зиян келтірушінің кінәсі анықталған кезде жүргізіледі.

Сондықтан апелляциялық сатыдағы соттың талап қоюдың жарияқұқықтық қатынастардан туындағандықтан әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жататыны туралы тұжырымы қате.

Себебі, АК-нің 9-бабының 1-тармағына сәйкес талап қоюшының бұл талабы азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің бірі болып табылады.

Іс бойынша анықталғандай, сайлауға қатысудан бас тарту шартымен жауапкермен оған маслихат аппаратының басшысы лауазымы ұсынылған. Бірақ кейіннен келісілген лауазымға тағайындалмаған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 102-бабының 2-бөлігіне сәйкес жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, осы Кодексте көзделген даулар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен соттардың соттылығына жатады.

ӘРПК-нің 4-бабы 1-бөлігінің 9) тармақшасы бойынша әкімшілік талап

қою (талап қою) – жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап деп саналады.

ӘРПК-нің 4-бабы 1-бөлігінің 4, 5-тармақшаларына сәйкес әкімшілік акт – жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім.

Әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) – әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі).

Өз кезегінде, талап қоюшымен аумақтық сайлау комиссиясының шешімі дауланбаған, жауапкер тарапынан оған қатысты әкімшілік акт қабылданбаған немесе әкімшілік акт болып табылмайтын әрекет жасалмаған. Жауапкердің нақты белгілі бір әрекетін заңсыз деп тану сұралмаған.

Сонымен қатар, талап қоюшыны уәде етілген қызметке орналастыру жауапкердің уәкілеттігіне кірмеген, тараптар арасында дау келісім бойынша сайлаудан кейін жауапкердің жасауға міндетті әрекеттердің орындалмауынан туындаған.

Талаптың мәніне қарағанда, жауапкермен аталған мазмұндағы келіссөздер жергілікті атқарушы органның атынан емес тікелей өз атынан жүргізілген.

Одан бөлек, бұған дейін С[...] тектес мазмұндағы талап қоюы, Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2025 жылғы 3 қарашадағы ұйғарымымен талаптың әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпағандықтан қайтарылған.

Осы мән-жайларға байланысты апелляциялық сатыдағы сотымен материалдық, процестік құқық нормалары дұрыс қолданылмағандықтан және іс бойынша дәлелдемелерді жинауды немесе қосымша тексеруді талап етпейтінін, даудың мән-жайы толық анықталғанын ескере отырып, қаулының күші жойылып, сот шешімі күшінде қалдырылуға, кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылуға жатады.

АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 2)-тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Қостанай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2026 жылғы 4 наурыздағы қаулысының күші жойылсын.

Амангелді аудандық сотының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі қалпына келтіріліп күшінде қалдырылсын.

Кассациялық шағым ішінара қанағаттандырылсын.

Төрағалық етуші Г.Джаппарова Судьялар Д.Махметова А.Есдаулетов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.