ВС РК - Постановление от 18.07.2023 по делу 6001-23-00-6ап/349 (Административное)

№6001-23-00-6ап/349

ҚАУЛЫ

2023 жылғы 18 шілде Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү.Баймаханов,

судьялар – Ш.Т.Даниярова, Е.Д.Өмірәлиев, Қазақстан Республикасы Бас Прокуратураның прокуроры

Д[...] қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы А[...] жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Департамент) 14 маусым 2022 жылы №01-03-1333 санды анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқаманың күшін жою туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қарашадағы шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Онда ол Департамент А[...] құжаттарында өндіріс меңгерушісі жоқ деп негізсіз 2 балды алып тастағанын, ал К[...] дипломында фамилиясы «Аймагамбетова» деп көрсетілуіне қарамастан, оның дипломын және артқы күнмен шығарылған меңгеруші қызметі туралы бұйрығын қабылдап 2 бал негізсіз есептегенін, К[...] 2020 жылғы еңбек тәжірибесі 8 айға толмайтынын, сондықтан 2017-2021 жылдарға 4 бал есептелуі керек екенін көрсетіп, талап қоюды қанағаттандыруды сұраған.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қарашадағы шешімімен талап қою ішінара қанағаттандырылған.

Департаменттің 14 маусым 2022 жылы №01-03-1333 санды анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқаманың 2-ші бөлігі заңсыз деп танылып, күші жойылған. Талап қоюдың қалған бөлігі қанағаттандырудан бас тартылған.

Осы соттың 2022 жылғы 17 қарашадағы ұйғарымымен Департаменттің талап қоюдың аудиторлық тексеруін және жауаптарын заңсыз деп тану туралы бөлігі қайтарылған.

2022 жылғы 17 қарашадағы жеке ұйғарымымен заң бұзушылықтар туралы «Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ-нің басшысына хабарланған.

Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен бірінші сатыдағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Осы соттың 2022 жылғы 22 желтоқсандағы ұйғарымымен бірінші сатыдағы ұйғарымы өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымда іс бойынша соттар материалдық және процестік құқық нормаларын елеулі түрде бұзғанын көрсетіп, шығарылған сот актілерінің күшін жоюды сұраған.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды.

Прокурордың қорытындысын тыңдап, іс құжаттарын зерттеп, сот алқасы төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сай, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

АПК-нің 426-бабының екінші бөлігіне сай, жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.

Іс материалдарын анықталғандай, Маңғыстау облысы білім басқамасы Мұнайлы ауданы бойынша білім бөлімінің «Мұнайлы ауданының №14 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -М[...]) «1 сынып оқушыларын және аз қамтылған балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету» бойынша 31 880,7 мың теңгеге тапсырысы негізінде мемлекеттік сатып алу конкурсын ұйымдастырған. 2022 жылғы 2 наурыздағы конкурстық комиссияның шешімімен ЖК «А[...]» 23 бал, ЖК «К[...].А.» 23 бал, ЖК «Сарсенбаева А.Ш.» 22 бал, «БФ[...]» ЖШС-на 15 бал беріліп, дегенмен ЖК А[...] өз өтінімін басқа қатысушылардан бұрын тапсыруына байланысты жеңімпаз болып танылған.

ЖК К[...]. 3 наурыз 2022 жылы комиссия шешімімен келіспей Департаментке арызданған.

2022 жылғы 14 наурызында тапсырыс беруші М[...] өнім беруші А[...] арасында сатып алу шарты жасақталған.

2022 жылғы 25 наурызында Департамент тарапынан М[...] қатысты аудиторлық тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде аудиторлық есеп қорытындысы қабылданып, ұйымдастырушыға жолданған.

2022 жылғы 13 маусымында Департамент тарапынан ішкі мемлекеттік аудит қорытындысы қабылданып, М[...] электронды түрде мемлекеттік сатып алу порталы арқылы табыс етілген.

Аудиторлық есеп қорытындысына сәйкес: талап қоюшы 2020 жылдың жұмыс тәжірибесінде «А[...]» ЖШС-не көрсеткен қызметін дәлелдейтін құжаттарын ұсынғанымен, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелерін конкурстық өтіммен қоса ұсынбаған; «А[...]» ЖК-нің конкурстық өтінімін тексеру барысында, конкурстық құжаттаманың 6- қосымшасына сәйкес ұсынған біліктілік туралы мәліметінде, қоғамдық тамақтану саласындағы техник технолог болып А[...] өзін көрсеткен, алайда А[...] ұсынған құжаттарын тексеру барысында жоғары білімі бар өндіріс меңгерушісінің болуы жөніндегі расатайтын құжаты ұсынылмаған. 2022 жылғы 14 маусымында М[...] қатысты анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама электронды портал арқылы жолданған. 2022 жылғы 17 маусымдағы бұйрықпен М[...] А[...] шарт жасаудан бас тартып, 2022 жылғы 29 маусымда құны 26 184 000 теңгеге көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы К[...] шарт жасақталған.

Талап қоюшы сотқа жүгінген арызында жауапкердің нұсқамасымен келіспейтіндігін көрсеткен.

Жергілікті соттар талап қоюды ішінара қанағаттандырып, Департаментің нұсқамасының 2-бөлігін заңсыз деп танылуға жатады деген тұжырымға келген, себебі Департаменттің нұсқамасында 25 сәуір 2022 жылғы №71 санды келісім шарт көрсетілген, алайда, конкурс нәтижесінде, М[...] А[...] араларында 14 наурыз 2022 жылы келісім шарт жасақталған. Ал нұсқамада көрсетілген келісім-шарт олардың арасындағы 2 ақпан 2022 жылы жасалған шартқа, қосымша жасалған шарт болған.

Демек, Департамент нұсқамада 14 наурыз 2022 жылғы шарттың бұзылуын көрсетуі керек болған. ӘРПК-нің 79 - бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік акт түсіну үшін анық болуға, бірізді қолдануды қамтамасыз етуге, оның күші қолданылатын адамдар қатарын толық айқындауға тиіс.

Соттардың бұл тұжырымы негізді, материалдық және процестік құқық нормаларына сәйкес келеді.

Кассациялық шағым өзінің мазмұны мен мәні талап қоюда келтірілген дәлелдермен, уәждермен сонымен қатар сот отырысында берілген түсіндірмелермен біріңғай.

Кассациялық шағым иесінің өндіріс меңгерушісінің болуы жөніндегі растайтын құжаты мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелерін конкурстық өтіммен қоса ұсынбаған деген нұсқама негіздемелерімен келіспеген уәждерін сот алқасы негізсіз деп есептейді. Талап қоюшы бұл жөніндегі аудиторлық қорытындыны теріске шығаратын дәлеледемелерді ұсына алмаған және оның конкурстық өтінімінде өндіріс меңгерушісі жөнінде бұйрық пен 2021 жылғы жағдайға санитариялықэпидемиологиялық қорытынды болмаған.

Бұл дәлелдемелерге соттармен тиісті құқық баға берілген, сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болатын материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы орын алмаған.

Бұндай жағдайда, кассациялық шағымда жаңа дәлелдердің жоқтығын ескере отырып, іс бойынша сотта анықталған мән-жайларға баға бере отырып, сот алқасы дауланып отырған сот актілері ақылға қонымды, парасатты және мөлшерлестік қағидатына сай қабылданған деп санайды.

Сондықтан сот актілерінің күшін жоюға негіздер жоқ.

ӘРПК-нің 169 бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2022 жылғы 17 қарашадағы шешімі мен Маңғыстау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысы күшінде қалдырылсын. А[...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Судьялар Көшірмесі дұрыс. Судья

С. Баймаханов Ш. Даниярова Е. Өмірәлиев Ш. Даниярова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.