6003-25-00-2к/3247
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 13 қаңтар
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар В.Е.Тохтарбаева, Л.Б.Мамырбаева,
аудармашы Ш[...], талап қоюшы мен даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғаның өкілі Ш[...], жауапкер М[...] мен оның өкілі [...], жауапкер «П[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі-ЖШС) өкілі Р[...], жауапкер О[...], жауапкер «А[...]» ЖШС-нің өкілі И[...] қатысуларымен,
ашық сот отырысында талап қоюшы «Астана қаласы «Алматы» ауданы əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жауапкер жеке кәсіпкер (бұдан әрі-ЖК) М[...] жер учаскесінде орналасқан сауда павильондарын босату бойынша тиісті шараларды қабылдауға міндеттеу туралы талап қоюы мен даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға Астана қаласы Алматы ауданы əкімінің жауапкерлер ЖК М[...], «ТДФ[...]» ЖШС-не, ЖК О[...], «П[...]» ЖШС-не, «АД[...]» ЖШС-не, ЖК Б[...] жер учаскесінде орналасқан сауда павильондарынан босатуды міндеттеу туралы электронды азаматтық істі жауапкер М[...] өкілі [...] қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешіміне және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Талап қоюшы «Астана қаласы «Алматы» ауданы əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) жауапкер жеке кәсіпкер ЖК М[...] жер учаскесінде орналасқан сауда павильондарын босату бойынша тиісті шараларды қабылдауға міндеттеу туралы талап қоюымен сотқа жүгінген.
Сонымен қатар, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға Астана қаласы Алматы ауданы əкімі (бұдан әрі – Әкім) жауапкерлер ЖК М[...], «ТДФ[...]» ЖШС-не, ЖК О[...], «П[...]» ЖШС-не, «АД[...]» ЖШС-не, ЖК Б[...] жер учаскесінде орналасқан сауда павильондарынан босатуды міндеттеу туралы талап қоюымен сотқа жүгінген.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімімен Аппараттың талап қоюы қанағаттандырусыз қалдырылған.
Осы сот шешімімен Әкімнің талап қоюы қанағаттандырылған.
Ж[...] ЖК М[...], «ТДФ[...]» ЖШС-і, ЖК О[...], «П[...]» ЖШС, «АД[...]» ЖШС, ЖК Б[...], Астана қаласы Алматы ауданы Абылай хан даңғылы, 31, кадастрлық № [...] мекенжайындағы жер учаскесінде орналасқан сауда павильондарынан босатуға міндеттелген. Сот шығыстары туралы мәселе шешілген.
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Талап қоюшы кассациялық шағымында істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылғанын, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың шеңбері дұрыс анықталмағанын көрсетіп, сот актілерін өзгертуді, Әкімнің талап қоюын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған. Кассациялық сот тараптарды тыңдап, шағымның уәждерін талқылап, іс құжаттарын зерделеп, келесі қорытындыға келді. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болады.
Жергілікті соттармен мұндай заң бұзушылықтарға жол берілмеген.
Іс материалдарына сәйкес ЖК М[...] тиесілі Астана қаласы, Алматы ауданы, Абылай хан даңғылы, 31 мекенжайында орналасқан жер учаскесінде, «Встреча» дүкенінің маңында жауапкерлерге тиесілі коммерциялық мақсатта пайдаланылатын сауда павильоны орналастырылғандығы анықталған.
Аппарат ЖК М[...] жер учаскесіндегі сауда павильондарын босату бойынша тиісті шараларды қабылдауға міндеттеуді жүктеген.
«ТДФ[...]» ЖШС-мен жасалған қосалқы жалдау шарттарының негізінде қалған жауапкерлер павильондар орналастырылған жер учаскесінің жалға алушылары болып табылады.
Аппараттың талап қоюына сәйкес павильондар тиісті рұқсат құжаттарынсыз орнатылған, Астана қаласының бас жоспарында көрсетілмеген, нобайлық жобасыз және тиісті мемлекеттік органның келісімінсіз орнатылған,
яғни Қазақстан Республикасының жерді пайдалану жəне құрылыстарды орналастыру тəртібін реттейтін қолданыстағы заңнамасын бұзылған.
Әкімнің талабына сәйкес павильондардың орналастыруы құрылыс, санитарлық жəне өрт қауіпсіздігі нормаларына қайшы, сондай-ақ тиісті түрде бекітілген нобайлық жобасыз және тиісті мемлекеттік органның келісімінсіз орнатылған.
Бірінші сатыдағы сот Әкімнің талап қоюын қанағаттандырғанда істің мән-жайларына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 9-бабына және «Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1 және 33 баптарына сүйенген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 «Құрылыс ұйымдастыру жəне құрылыс саласындағы рұқсат беру рəсімдерін өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 20 және 22-тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 109-бабына, «Құрылыс, сəулет жəне құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 47-бабына басшылыққа алған.
Астана қаласы, Алматы ауданы, Абылай хан даңғылы, 31 мекен жайындағы, кадастрлық № [...], жер учаскесідегі орналасқан павильондардың иесі ЖК О[...], «П[...]» ЖШС, «АД[...]» ЖШС мен ЖК Б[...] тиесілі болғандары іс құжаттарымен дәлелденген.
Алайда, жер учаскесіндегі қосымша сауда павильондарының орналасуы Астана қаласының қолданыстағы бас жоспарымен жоспарланбағаны анықталған.
Кассациялық сот, соттардың жер учаскесінде орналасқан сауда павильондарынан босатуды міндеттеу туралы Әкімнің талабын дұрыс қанағаттандырған деп есептейді.
Талап қоюшының және дауға дербес талаптар қойған үшінші тұлғаның талап нысанына қатысты талаптары бір-біріне қайшы келеді, сондықтан бұл жағдайда аудан әкімі үшінші тұлға ретінде дербес талаптар коюы Заңға сәйкес келмейді деген жауапкердің уәжі келесі себептермен негізсіз.
«Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңның 1-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес әкім аппараты – жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме; ал жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз
құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзінөзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы органы болып табылады.
Аппарат алқалы атқарушы орган және ол заңды тұлға болып табылмайды. С[...] аппараттың талап қоюын қанағаттандырусыз қалдырғаны заңды.
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін екендігі «Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңның 33-бабының 2-тармағында анық көрсетілген.
С[...] талап қоюы заң нормаларына қайшы келмейді.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабының 2- тармағының 5) және 7) тармақшаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен келiсу бойынша тапсырыс беруші (меншiк иесi) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларынсыз нобайлар (нобайлық жобалар) бойынша контейнермен, блокпен және модульмен орындалатын ықшам кешендерді, сондай-ақ құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылатын сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына арналған бір қабатты ғимараттарды (құрылысжайларды) павильондар, осыған ұқсас құрылысжайлар салуды жүзеге асыра алады. Аталған норманың негізінде меншік иесінің тапсырысының негізінде павильондар жобалау-сметалық құжаттамаларынсыз жергілікті атқарушы органдарымен келiсілген нобайлық жобалар бойынша жүзеге асыра алатындығы нақты көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органдарымен келiсілген нобайлық жобалар бар екендігін туралы дәлелдемелер жауапкерлермен сотқа ұсынылмаған.
Ж[...] нобайлық жоба ретінде ұсынылған «Дизайн код павильонов у торгового дома «Встреча» құжаты жергілікті атқарушы органдарымен келiсілмеген.
С[...] жауапкерлердің 2022 жылдың басында каладағы коғамдық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі Астана каласы әкімдігінің іс-шараларын орындау аясында жүзеге асырылғаны және «Астана бас жоспары» ГЗЖИ» ЖШС-і Урбанистика орталығы аталған павильондардың дизайн-кодын әзірлеген дегені өз дәлелін таппады.
Жауапкердің АПК-нің 51-бабының талаптары бұзылған деген уәжі негізсіз, аталған норма талаптары сақталған және істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін дауға дербес талаптар койған үшінші тұлға процеске кіріскен.
Жергілікті соттар іс бойынша заңды маңызы бар мән-жайларды істі
нақты қарау кезінде дұрыс анықтаған. Істің материалдары сотпен толық, жанжақты және объективті зерттелген, тараптар ұсынған дәлелдемелерге жергілікті соттармен тиісті құқықтық баға берілген.
С[...] дауланып отырған сот актілері күшінде, кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылады.
АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 24 сәуірдегі шешімі және Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 маусымдағы қаулысы күшінде қалдырылсын.
Ж[...].М[...] өкілі [...] кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: В.Е.Тохтарбаева
Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.