ҰЙҒАРЫМ
2026 жылғы 21 қаңтар №6003-25-00-4к/1539 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:
төрағалық етуші – А.Ж. Назарова,
судьялар – Г.М. Ыдырысова, М.А. Қасымов болып,
іске қатысатын адамдарды шақырмастан талап қоюшы «Астана қаласы әкімдігінің «Біріккен мұражайлар дирекциясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2023 жылғы 22 қыркүйектегі №ІМАД 1-06/6485 нұсқамасының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 13 қазандағы қаулысындағы қате жазуларды түзету туралы арызды қарап,
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 13 қазандағы қаулысымен Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы шешімі, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 19 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылған.
2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің Кассациялық соттарда және Жоғарғы Сотта прокурорлардың қатысуын қамтамасыз ету басқармасының прокуроры А.С. Камашевтың кассациялық соттың қаулысындағы қате жазуларды түзету туралы арызбен жүгініп, прокурордың қатысуы туралы мәліметті қосуды сұраған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ӘРПК-де өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) ережелері қолданылады.
АПК-нің 452-бабына сәйкес, кассациялық сатыдағы соттың қаулысы АПК-де апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Кассациялық сатыдағы сот АПК-нің 235 және 237-баптарында көзделген жағдайларда және тәртiппен қате жазылған жазбалар мен анық арифметикалық қателердi түзету туралы мәселені қарауға, кассациялық сатыдағы сот бұрын шығарған қаулыны түсiндiруге құқылы, бұл туралы ұйғарым шығарылады, ал АПК-нің 236-бабында көзделген жағдайда және тәртіппен қосымша қаулы шығарылады. АПК-нің 235-бабының екінші бөлігіне сай, сот өз бастамасы бойынша немесе iске қатысатын адамдардың арызы бойынша шешiмде жiберiлген қате жазуларды және анық арифметикалық қателердi түзете алады.
Іс бойынша анықталған мән-жайларға сәйкес, 2025 жылғы 13 қазандағы сот отырысына тек тараптардың өкілдері ғана, атап айтқанда талап қоюшының өкілі А.С.Иргулованың, А.Н.Шайбекованың, жауапкер С.Шайкеновтың, мүдделі тұлғалардың өкілдері Ә. Кемелхан, Н. Әбдіхалық және А.С. Абдрахманованың қатысуыларымен өткендігі анықталды.
Ал прокурор, сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылғандығына қарамастан, сот отырысына қатыспаған. Осыған байланысты, қате жазуларды түзету туралы арыз қанағаттандыруға жатпайды.
ӘРПК-нің 169-бабының бірінші бөлігін, АПК-нің 235, 452-баптарын басшылыққа ала отырып, кассациялық сот
ҰЙҒАРЫМ ЕТТІ:
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің Кассациялық соттарда және Жоғарғы Сотта прокурорлардың қатысуын қамтамасыз ету басқармасының прокуроры А.С. Камашевтың Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының 2025 жылғы 13 қазандағы қаулысындағы қате жазуларды түзету туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Ә.Назарова
Судьялар
Г.Ыдырысова
М.Қасымов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.