ВС РК - Постановление от 07.11.2024 по делу 6001-24-00-6ап/1446 (Административное)

ҚАУЛЫ

2024 жылғы 7 қараша 6001-24-00-6ап/1446 Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші – алқа судьясы С.Ү. Баймаханов,

судьялар – Ш. Т. Даниярова, Е.Ж. Өмірәлиев болып,

«Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі» ММ-нің (бұдан әрі – Қаржы министрлігі) өкілі Н.Баимбетулының қатысуымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Журналистік зерттеулер агенттігі» қоғамдық бірлестігінің (бұдан әрі – Бірлестік) жауапкерлер Қазақстан Республикасы Үкімет аппаратына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) - Превенция басқармасына, Қаржы министірлігіне, «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамына талап қоюшымен арыздың мәнін тыңдау жиналыс хаттама жасамаған үшін әрекетсіздігін заңсыз деп тануды және әрекет жасауға шешім шығару туралы әкімшілік іс бойынша қабылданған,

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 28 наурыздағы ұйғарымына, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 сәуірдегі ұйғарымына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАҒАНЫ:

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгінген. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 28 наурыздағы ұйғарымымен талап қоюы қайтарылған.

Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 сәуірдегі ұйғарымымен бірінші сатыдағы соттың ұйғарымы күшінде қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, істі бірінші сатыдағы сотқа қарауға жолдауды сұраған.

Жауапкер «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамының өкілі істі өзінің қатысуынсыз қарау туралы арызы түсті.

Қалған сотқа қатысушылардың өкілдері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының (бұдан әрі – сот алқасы) отырысына келмеді, сотқа келмеу себептерін хабарламады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 115-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әкімшілік іске қатысатын адамдардың келмеуі оларға тиісінше хабарланған жағдайда сот отырысын өткізуге кедергі болып табылмайды. Сот алқасы жауапкер өкілінің кассациялық шағымға қарсы болған пікірін тындап, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-нің 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктер орын алмаған.

Сотта анықталған мән-жайларға қарағанда талап қоюшы жауапкерлерге мемлекеттік сатып алу заңнамасына байланысты ұсыныстар келтірген. Оған жауаптар берілген.

Жергілікті соттар талап қоюды қайтарғанда тараптардың арасында жария-құқықтық қатынастардан туындайтын қандай да бір даудың жоқ екен~дігі, жауапкерлер тарапынан ауыртпалық салатын әкімшілік~~ акт – талапкердің құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт немесе құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім қабылданбағанын негізге алған.

ӘРПК-нің 138-бабының екінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса, сот талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады.

Сондықтан соттардың талап қою арызын қайтаруы негізді болып табылады.

АПК-нің 452-бабының бірінші бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.

Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.

Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мән-жайларына сәйкес келетін сот актілерін қайта қарауға негіз бола алмайды.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024~жылғы 28 наурыздағы ұйғарымына, Астана қалалық сотының әкімш~~ ілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 24 сәуірдегі ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Талап қоюшы «Журналистік зерттеулер агенттігі» қоғамдық бірлестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші С. Баймаханов Судьялар Ш. Даниярова Е. Өміралиев

Көшірмесі дұрыс

Судья С. Баймаханов

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.