ВС РК - Постановление от 19.06.2024 по делу 6001-23-00-6ап/3107 (Административное)

6001-23-00-6ап/3107

Қ А У Л Ы

2024 жылғы 19 маусым

Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:

төрағалық етуші - судья Ғ.Ө. Әлжанов,

судьялар Б.Т. Нажмиденов, Ж.Б. Ермағамбетова болып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының прокуроры

М[...],

талап қоюшы «S[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі А[...],

жауапкер «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің өкілдері Қ[...] пен К[...] қатысуларымен,

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «S[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (әрі қарай - Серіктестік) жауапкер «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - Департамент) 2023 жылдың 20 қаңтардағы №1-НҚ бұйрығын және 2023 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымын заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап қоюы бойынша қабылданған

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 қазандағы қаулысына талап қоюшының келтірген кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

АНЫҚТАДЫ:

Серіктестік Департаментқа 2023 жылдың 20 қаңтардағы №1-НҚ бұйрығын және 2023 жылғы 27 наурыздағы ұйғарымын заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап арызымен жүгінген. Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімімен талап қою қанағаттандырылудан бас тартылған.

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 қазандағы қаулысымен сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар істің мән-жайларына дұрыс баға бермегенін, материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданбағанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды және талап арызды қанағаттандыруду туралы жаңа шешім қабылдауды сұраған.

Тараптардың уәждерін, прокурордың қорытындысын тыңдап, шағым уәждерін және іс құжаттарын зерделеп, сот алқасы төмендегі тұжырымға келді.

ӘРПК-нің 169-бабына сәйкес, кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.

Осы іс бойынша жергілікті соттармен материалдық және процестік құқық нормаларын бұзуға жол берілмеген.

Іс материалдарына сәйкес, Агенттіктің 2022 жылғы 23 тамыздағы тапсырма хатын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 90-6 бабының талаптарын басшылыққа алып, Департамент Шымкент қаласы аумағында орналасқан жанар-жағар май құю бекеттеріндегі дизель отыны тапшылығы бойынша қолдан кедергі жасау фактілері және әлеуметтік желілерде таралған қоғамдық резонансты тудырған мәселелерге байланысты мониторинг жұмыстарын жүргізген.

Мониторинг нәтижесінде, 2022 жылғы 25 тамыз күні, сағат 14:53 уақытында Шымкент қаласы, [...] мекен-жайында орналасқан ««S[...]»» жанар-жағар майын құю бекетінде дизель отынын 50 литрге дейін құюға болатындығын және тек 50 литр дизель отынымен шектелетінін кассир мәлімдеген.

Алайда, «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 21 тамыздағы № 278 бұйрығының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласында:

ҚР берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге;

Ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға ҚР берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде - 1 литр үшін 230 теңге».

Сонымен қатар, жоғарыда аталған мән-жайлар бойынша «S[...]» ЖШС-нің жанар-жағар май құю бекеттерінің заңды өкілдерінен түсініктеме алынған.

«S[...]» ЖШС-нің өкілінің түсініктемесіне сәйкес, 2022 жылғы 25 тамыздағы деректері бойынша, ауысымның басында нақты қалдық 8 339 литр қарады, жалпы 5 006 литр сатылды. Мониторинг уақытында (сағат 14:53) 3 734 литр сатылды және алынбайтын көлем 5 609 литр құрайды, ауысымның аяғында нақты қалдық 3 332 литр құрағандығы көрсетілген.

Алайда, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2022 жылғы 27 тамыздағы № 3-37/50306 хатына сәйкес, филиалда 2022 жылдың 25 тамызында сағат 18:00-де 5,439 тонна (шамамен 6 472,41 литр) дизель отыны болған.

Сонымен, «S[...]» ЖШС-нің тарапынан Шымкент қаласы аумағында дизель отынын сату нарығында көлік жүргізушілердің құқықтарын шектеуге жол берген анықталған.

2022 жылғы 9 қарашада Департамент тарапынан №17-03-11/1241 санымен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлі Кодекстің 199-бабының 1- тармағын басшылыққа алып, талап қоюшыға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы және оны болдырмау немесе жою туралы хабарлама берілді.

Талап қоюшы тарапынан аталған хабарлама орындалмаған және Департаменттің хабарламасымен келіспейтіндігін көрсетті.

2023 жылы 20 қаңтарда Департаментпен «S[...]» ЖШС-нің қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу туралы №1-НҚ бұйрығы (бұдан әрі - бұйрық) қабылданып, талап қоюшыға 2023 жылы 24 қаңтардағы хатымен жолданған.

Департаментпен бұйрықтың рәсімделуіне және тергеп-тексеруді тағайындауға негіз болған 2022 жылғы 9 қарашадағы хабарламаның орындалмауы болып табылады. Бұйрық бойынша тергеп тексерудің мерзімі - 2023 жылдың 24 қаңтары мен 2023 жылдың 19 сәуір аралығы белгіленген, тексерілетін кезеңі - 2022 жылдың тамыз және қыркүйек айларының аралығы.

Сонымен қатар, 2022 жылы қазан айында Департамент өкілдерімен жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, Серіктестіктің дизель отынын бөлшек саудада өткізу бойынша өзіндік үлесі 27,96 пайызды құраған.

Бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілген «Г[...]» ЖШСмен бірге (7,57%), Шымкент қаласында 2021 жылғы қазаннан 2022 жылғы қазанға дейін дизель отынын бөлшек саудада өткізу нарығындағы нарық субъектілерінің үлесі 35,5% - дан астам мөлшерді құраған. Аталған бұйрық Кодекстің 218-баптың 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Шымкент қаласы бойынша Басқармасында 2023 жылы 24 қаңтарда тіркелген.

2023 жылы 09 наурызда «Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі» мемлекеттік мекемесі №ЗТ-2023-00218792 санды жауап хатымен талап қоюшының шағымдануына байланысты тергептексеру тоқтатылып, 2023 жылы 27 наурызда тергеп-тексеруді қайта бастау туралы ұйғарым қабылданып, көшірмесін талап қоюшыға мәлімет үшін жолдаған.

Жергілікті соттар дауды шешіп, талап арызды қанағаттандырудан бас тарта отырып, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлі Кодекстің (бұдан әрі - КК) 170-бабының 1, 2-тармақтарының, 199-бабының 2-тармағының, 216-бабының 1-тармағының, ӘРПК-нің 155-бабының 4-тармағының ережелерін басшылыққа ала, тергеу жүргізу үшін негіздердің болуына байланысты даулы әкімшілік актілердің заңдылығы туралы дұрыс қорытындыға келді. Тергеуді бастау туралы бұйрық шығарылғанға дейінгі рәсім жауапкермен сақталған.

Талап қоюшының баға мониторингін жүргізу рәсімін, 2022 жылғы 9 қарашадағы хабарламаны жіберу мерзімін бұзу туралы кассациялық шағымының дәлелдері сот актілерінің күшін жоюға әкеп соқпайды, өйткені олар бұйрықтың күшін жоюға әкеп соғатын өрескел бұзушылықтар тізбесіне жатпайды.

Шағым авторының КК 147-бабы 1-тармағының талаптарына байланысты кассирден жауап алуды жүргізу барысында лауазымды адамдардың қызметтік куәліктерін көрсетпеуі, мониторинг жүргізу тәртібін бұзу туралы дәлелдері қате.

КК-ның 129-бабының 13-тармағына сәйкес, КК-ның 154-бабының 1- тармағының 1) тармақшасының күші (қызметтік куәлікті ұсыну қажеттілігі туралы) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау бағытталған қатынастарға қолданылмайды.

КК-нің 221 бабының талаптарына сәйкес, монополияға қарсы органның лауазымды адамдары тексеру жүргізу кезінде мыналарға құқылы:

  1. тергеу объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

  2. дыбыс-, фото - және бейнетіркеуді жүргізуге.

Айта кету керек, талап қоюшыға дизель отынының бағасын белгілеу және ұстап тұру емес, оны нақты өткізу көлемін шектеу жүктеледі, бұл тек жанармай құю станциясының кассирінен жасырын жауап алу арқылы мониторинг жүргізу нәтижесінде анықталуы мүмкін.

Дизель отынын өткізу көлемін шектеуде бұзушылықтарға жол бермеу туралы талап қоюшының кассациялық шағымының барлық өзге де дәлелдері тергеп-тексеру жүргізу барысында анықталуға тиіс, оның нәтижелерімен келіспеген жағдайда талап қоюшы тергеп-тексеру қорытындылары бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа шағым жасауға құқылы.

Тергеп-тексеруді қайта бастау туралы ұйғарым талап қоюшының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды, мемлекеттік органның өкімдік актісі болып табылмайды, құқықтар мен міндеттер туғызбайды және міндеттілікті көрсетпейді деген соттар дұрыс тұжырым жасаған.

Жергілікті соттар істің мән-жайын дұрыс анықтағандықтан, материалдық және іс жүргізу құқығының нормалары дұрыс қолданылғандықтан, сот актілерінің күшін жою үшін негіздер таппайды, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.

ӘРПК-нің 169-бабының 1-бөлігіне және АПК-нің 451-бабының 2- бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы

Қ А У Л Ы Е Т Т І:

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 26 маусымдағы шешімі, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 4 қазандағы қаулысы күшінде, талап қоюшы «S[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Төрағалық етуші Ғ. Әлжанов Судьялар Б. Нажмиденов Ж. Ермағамбетова Көшірмесі дұрыс Судья Ж. Ермағамбетова

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.