ҚАУЛЫ
2025 жылғы 5 ақпан 6001-24-00-6ап/3696 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші – алқа судьясы Ғ.Ө.Әлжанов, судьялар –Ж.Б.Ермағамбетова, Б.Т.Нажмиденов болып,
жауапкер өкілі Р.А.Қыпшақбаевтың қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында ашық сот отырысында талап қоюшы «Нурлы Тау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жауапкер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Департамент, салық органы) қойған 2022 жылғы 8 желтоқсандағы салықтық тексеру нәтижелері туралы №52 хабарламаға дау айту туралы әкімшілік ісі бойынша қабылданған,
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 қазандағы жеке ұйғарымына жауапкер Департамент келтірген кассациялық шағымы келіп түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
«Қазақстан Республикасы Каржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 7 маусымдағы №386 бұйрығы негізінде Департамент 2022 жылғы 13 маусымдағы нұсқамасының негізінде «НурлыТау ЛТД» ЖШС-не 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тақырыптық жоспардан тыс, салықтық міндеттемелерді орындау мәселесі, корпоративті табыс салығы бойынша және қосылған құн салығы бойынша тексеру тағайындалған.
Нұсқама 2022 жылғы 14 маусымда Қызылорда облысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасында тіркеуден өткен. 2022 жылғы 8 желтоқсанда «НурлыТау ЛТД» ЖШС-не қатысты тақырыптық салық тексерудің №52 актісімен қорытындысы қалыптастырылған және салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарлама шығарылған.
Талап қоюшы «НурлыТау ЛТД» ЖШС-ы сотқа қойған талабында 2022 жылғы 8 желтоқсандағы №52 салықтық тексеру нәтижелері бойынша хабарламаға дау келтірген.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 4 мамырдағы шешімімен талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тартылған. Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 қазандағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылған.
Талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдаған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 маусымдағы қаулысымен жоғарыдағы аталған сот актісі күшінде қалдырылды.
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 қазандағы жеке ұйғарымымен жауапкер Департамент салықтық тексеру жүргізу және салықтық тексеру актісін қалыптастыру барысында жіберілген заң бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті төрағасына тиісті шараларды қабылдау үшін хабарланған. Жауапкер Департамент жеке ұйғарыммен келіспей, кассациялық шағымында жеке ұйғарым негізсіз шығарылғанына орай, оның күшін жоюды сұраған.
Сот алқасы сот отырысында жауапкер өкілінің пікірін тындап, кассациялық шағымның уәждерімен танысып, іс құжаттарын зерттеп, төмендегідей тұжырымға келеді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 169 - бабының бірінші бөлігіне сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.
АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімін жауапкермен әкімшілік рәсімдердің талаптары сақталғанын, тексеру бекітілген мерзім ішінде жүргізілгенін, салықтық тексеру жүргізудің тәртібі бұзылғаныны анықтай келе, бұл бұзушылықтар тексеру нәтижесінің заңдылығына әсер етпейді деп негіздеген.
Апелляциялық саты соты бұл тұжырыммен келіспей, шешімнің күшін
жойып жаңа шешім қабылдаған.
Бұл ретте салықтық тексерудің жүргізу қажеттелігінің туындау себептерін, тексеріс мерзімін заңсыз тоқтату әрекеттерін, даулы хабарлама заңнама талаптарына сай қалыптастырылғаны апелляциялық сот алқасының тұжырымы негізді.
Бұндай жағдайларда, апелляциялық сот алқасы әкімшілік іс бойынша іс жүргізу барысында заңдылық бұзылған жағдайларды анықтап, құқыққа сыйымды жеке ұйғарымын шығарып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетіне жолдаған. АПК-нің 4-бабына бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады, сот жеке ұйғарымдар шығару арқылы шешеді.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізудің міндетті жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
ӘРПК-нің 8,14 және 16-баптарына сәйкес соттар әділдік қағидатын басшылыққа алуға, формальды талаптарды теріс пайдаланбауға, судьяның белсенді рөлін басшылыққа ала отырып, талап қоюшының талабын нақтылау бағытында жұмыстар жасауға тиіс.
Апелляциялық сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс анықталмағаны, судьяның белсенді рөлі жүзеге асырылмағаны анықталған.
Сот алқасы жауапкердің кассациялық шағымында келтірген уәждері бойынша апелляциялық сот актісінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген деп табады.
Істің бұл тұрғысында дауланып отырған сот актісінің күшін жоюға негіз жоқ.
ӘРПК-ның 169-бабын және АПК-ның 451-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 2 қазандағы жеке ұйғарымы күшінде қалдырылсын. Жауапкер Департамент келтірген кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші
Ғ. Әлжанов
Ж.Ермағамбетова
Судьялар
Б.Нажмиденов
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.