6001-24-00-3Г/5808
ҚАУЛЫ
2024 жылғы 11 қараша Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғ.Ж.Мырзаке,
талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитеті Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме, Салық органы) жауапкерлер «Торговая компания-Asset» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - ЖШС), «BTS Digital Ventures Limited» жеке компаниясына (бұдан әрі - ЖК), «АСЭП» ЖШС, «Торговый Дом Эколос» ЖШС:
-«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «BTS Digital Ventures Limited» ЖК арасындағы айналым сомасы 3 116 865 тенге, қосымша құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) сомасы 0 тенгеге жасалынған 2020 жылғы 10 шілдегегі №ESF110340010337-20200710-35172246 электрондық шот-фактурамен (бұдан әрі - ЭШФ) дәлелденетін мәмілені (бұдан әрі – Мәміле) жарамсыз деп тану;
-«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «АСЭП» ЖШС арасындағы айналым сомасы 1 210 996 тенге, ҚҚС сомасы 0 тенгеге жасалынған 2020 жылғы 17 шілдедегі №ESF-110340010337-20200717-52615590 ЭШФ дәлелденетін мәмілелерді (бұдан әрі – Мәмілелер) жарамсыз деп тану;
-«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «Оператор РОП» ЖШС арасындағы айналым сомасы 1 741 444 тенге, ҚҚС сомасы 0 тенгеге жасалынған 2020 жылғы 21 қыркүйектегі №ESF-110340010337-20200921-36109653 ЭШФ дәлелденетін мәмілені жарамсыз деп тану;
-«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «Торговый Дом Эколос» ЖШС арасындағы айналым сомасы 1 102 000 тенге, ҚҚС сомасы 0 тенгеге жасалынған 2020 жылғы 5 тамыздағы №ESF-110340010337-20200805-51643180 ЭШФ дәлелденетін мәмілелерді (бұдан әрі – №2 Мәмілелер) жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен қозғалған азаматтық іс бойынша қабылданған
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 31 қаңтардағы шешіміне, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 сәуірдегі қаулысына Мекеменің келтірген өтінішхатын істі сұрату арқылы алдын ала қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Мекеме жоғарыда көрсеткен талап қоюмен сотқа жүгінген.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 31 қаңтардағы ұйғарымымен талап қоюдың «Торговая компания-Asset» ЖШС мен «Оператор РОП» ЖШС араларында жасалған мәмілені жарамсыз деп тануды сұраған бөлігі қараусыз қалдырылған.
Осы соттың 2024 жылғы 31 қаңтардағы шешімімен талап қою қанағаттандырудан бас тартылған.
Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының
2024 жылғы 10 сәуірдегі қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған.
Мекеме өтінішхатта жергілікті соттармен істі қарау барысында материалдық және процестік құқық нормаларының бұзылуына байланысты даулы сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 438-бабының 5-бөлігіне сәйкес, заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы, заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiздер болып табылады.
Алайда, мұндай заң бұзушылықтарға арызданушының пікірінше іс бойынша жол берілген.
Іс материалдарымен анықталғандай, «Торговая компания-Asset» ЖШС заңды тұлға ретінде 2011 жылғы 25 наурызда Салық органда тіркеліп, 2016 жылғы 29 қарашада Астана қаласының Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеуін ауыстырып, 2021 жылғы 17 ақпанда Астана қаласының Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына ауысып, 2021 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының Алмалы ауданына ауысып, 2023 жылғы 5 сәуірде жылы Салық органға қайта тіркеуін ауыстырған. Заңды тұлғаның мекенжайы: Қызылорда қаласы, Саулет м/а, А.Ибраев көшесі, 2. Негізгі қызмет түрі: «Қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату».
«Торговая компания-Asset» ЖШС тіркелгеннен бастап оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимінде қызмет атқарады. 2020-2021 жылдарға 700.00, 700.01 салық есептілік нысандарының тапсырылмауына сәйкес тіркеуінде активтерінің жоқтығын білдірген. 2020 жылдан бастап 2023 жылғы 1 тамызға дейін бюджетке 1 065 000 теңгеге төлем жүргізген.
«BTS Digital Ventures Limited» ЖК Астана қаласы Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлға ретінде тіркелген, даулы Мәміле негізінде ЖК «Торговая компания-Asset» ЖШС-нен жиһаз тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
«АСЭП» ЖШС Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлға ретінде тіркелгенғ даулы Мәмілелер негізінде «Торговая компания-Asset» ЖШС-нен кеңсе жиһаздары тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
«Торговый Дом Эколос» ЖШС Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына заңды тұлға ретінде тіркелген, даулы №2 Мәмілелер негізінде «Торговая компания-Asset» ЖШС-нен кеңсе жиһаздары тауарларын алып, өз шығынына қойып отырғандығы анықталған.
Салық органы қаржылық-шаруашылық көрсеткіштеріне талдау жұмыстары нәтижесінде «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің тәуекел дәрежесі жоғары, қандай да бір қызметтер көрсетуге мүмкіншілігі жоқ екенін, жұмысшы санының болмауын, жабдықтаушылары жоқ екенін, бюджетке төленетін төлемдердің және салық жүктемесінің төмендігін көрсетіп жауапкерлердің арасында ешқандай
тауар сатып алу-сату болмағандығын көрсетіп, аталған талап қоюмен сотқа жүгінген.
Жергілікті соттар, талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындысын даулы мәмілелер бойынша жауапкерлермен іс жүзінде орындалғаны дәлелденгенімен тұжырымдаған. Сонымен қатар соттардың мұндай тұжырымдарын өтінішхат иесі заңсыз деп есетпейді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі - АК) 147, 148баптарында азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылатыны көрсетілген.
Бұл ретте мәмілелердің өздері қаржы-шаруашылық операциялардың шынайылығының даусыз дәлелі бола алмайды, ол тек шарт тараптарының азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу үшін келісімге келгенін ғана көрсетеді.
«Торговая компания-Asseт» ЖШС мен үшінші тұлға «Modern office Furniture» ЖШС араласында дилерлік шарты жасалған. Өз кезегінде, үшінші тұлға «Modern office Furniture» ЖШС аталған жиһаздарды араларында жасалған шарт негізінде Ресей Федерациясының заңды тұлғасы «Регион проект» жауапкершілігі шектеулі қоғамынан сатып алып отырған.
Ал «Торговая компания-Asseт» ЖШС жиһаздарды үшінші тұлға «Modern office Furniture» ЖШС-нен сатып алып, басқа жауапкерлерге сатқан
Бұл жағдай сотқа ұсынылған жүк құжаттарымен, есеп айырысу құжаттарымен, төлем құжаттарымен толық бекітілген.
«Торговая компания-Asset» ЖШС-не тәуекелдерді басқару жүйесімен 2021 жылғы 28 мамырдағы №62056H000005 хабарлау қалыптастырылып, активтерінің болмауы, жалдамалы жұмысшыларының жоқтығы, жабдықтаушылырының қызметтер көрсетуге мүмкіндігінің жоқтығы, яғни қандай да бір қызметтерді көрсетуге, атқаруға мүмкіншілігінің жоқтығы себебінен «Тәуекел дәрежесі расталды» мәртебесі қойылып, қорытынды шығарылған.
Хабарлау қорытындысымен «Торговая компания-Asset» ЖШС-не 2021 жылғы 15 масумдағы №62056H600003 хабарлама қалыптастырылып, хабарлама орындалмау себебінен серіктестіктің банктік шоттарының шығыс операциялары тоқтатылып және 2021 жылғы 24 маусымнан ЭШФ жазу мүмкіндігі шектелген. Қазіргі таңда салық төлеуші хабарламаны орындамаған.
«Торговая компания-Asset» ЖШС 2020 жылдан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейін бюджетке 1 065 000 теңгеге төлем жүргізген. Серіктестіктің 910.00 СЕН сәйкес 2020 жылға табысы 142 934 421 теңгеге және жалдамалы жұмысшы саны көрсетілмеген, 2021 жылға табысы 2 864 361 теңгеге және 1 ғана адам көрсетілген, ал 2022 жылға 0 көрсеткішпен тапсырылған.
2020 жылғы 4 тоқсанда 13 465 545 теңге айналым болғанымен 300.00 нысанды ҚҚС декларациясында 2020 жылғы 4 тоқсанда «0» көрсеткішпен көрсетілген. Осыған сәйкес, Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан ҚҚС бойынша анықталған ауытқушылықтарға 2021 жылғы 19 тамыздағы №62059ZA00105, 2021 жылғы 29 қыркүйектегі
№62059ZJ00131 хабарламалар қалыптастырылып, жолданған.
«Торговая компания-Asset» ЖШС 2021 жылғы 18 ақпаннан бастап айналысатын негізгі қызмет түрі: «46909 Қандай да бір нақтылаусыз тауарлардың кең ассортиментін көтерме саудада сату. Алайда 2020 жылы айналысатын қызмет түрі, жасалған мәмілелер бойынша сәйкес келмейтіндігін көруге болады.
Жауапкер тарапынан өткізілген тауарларды жеткізу үшін қандай да бір техниканы қажет ететіндігі белгілі. Алайда, «Торговая компания-Asset» ЖШС 700.00, 700.01 үлгідегі салық есептіліктерін 2020-2021 жылдар үшін тапсырмауына сәйкес, активтерінің жоқ екендігін көруге болады. Сондай-ақ, жауапкерлер тарапынан тауарларды қалай жеткізілгенді жөнінде растайтын қандай да бір құжаттар ұсынылмаған.
АК-нің 689-бабының 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30,32-баптарына сәйкес тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыра отырып, тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжаты болуға, оларға және жол парағына автокөлік құралының келу және кету уақыты туралы белгі соғуға міндетті.
Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №546 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларының» 42, 45-тармақтарына сәйкес нысандары қағиданың 1 және 9- қосымшаларымен бекітілген тиісті рәсімделген тауар-көлік жүкқұжаттары мен жол парағын жүргізушіге тапсырғаннан кейін тиеу және түсіру аяқталды деп есептеледі. Жүк алушы қол қойған тауар-көлік жүкқұжаты тауардың алынғанын куаландырады және оны кіріске алуға негіз болып табылады.
Яғни, тауарды сатып алу және тасымалдау заңмен белгіленген дәлелдемелердің жиынтығымен расталуы керек: жол парақтары және тауарлықкөліктік жүк құжаттар. Алайда жауапкерлермен жол парақтары мен тиісінше рәсімделген тасымалдауларды жасауды, көлік құралдарының жұмысын, тауар алуды куәландыратын тауар-көлік жүкқұжаттары, сондай-ақ жүк тасымалдау үшін өзге де қажетті құжаттар сотқа тапсырылмаған.
«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «BTS Digital Ventures Limited ЖК арасында 2020 жылғы 4 маусымдағы №PD/BTSDV/20-34083 тауарларды жеткізу жалпы сомасы 3 116 865 теңгені құраған шарт жасалған.
Айналым сомасы ҚҚС-сыз 3 116 865 теңгеге (ҚҚС 0 теңге) №ESF110340010337-20200710-35172246 айналым жасалған уақыты 2020 жылғы 9-10 шілде көрсетілген. «Торговая компания-Asset» ЖШС-нің тауарларды «Modern Office Furniture» ЖШС-нен тауарларды өткізу бойынша №306 құжаты бойынша 2020 жылғы 1 маусымда тауарларды алғандығын көрсеткен.
Cонымен қатар, жауапкерлер тарапынан ұсынылған құжаттарды талдау барысында «Modern Office Furniture» ЖШС сатып алу ЭШФ мәліметтеріне, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштеріне, сыртқы сауда мәмілелері туралы мәліметтеріне талдау жүргізіліп, нәтижесінде «Торговая компания-Asset» ЖШС-не өткізілген тауарлардың 2020 жылғы 1 маусымда №306 құжатымен №ESF-120640011526-20230917-45668752 ЭШФ бойынша мәміле жасалған күні 2020 жылғы 1 маусым, жазылған күні 2023 жылғы 17 қыркүйек
көрсетілген.
Сонымен қатар «Modern Office Furniture» ЖШС тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштеріне сәйкес жоғарыда аталған тауарлардың есепке алынған уақыты 2020 жылғы 3 шілде деп көрсеткен, алайда аталған тауарлар «Торговая компания-Asset» ЖШС-не 2020 жылғы 1 маусымда өткізілгендігі көруге болады, яғни «Modern Office Furniture» ЖШС-де аталған тауарлар тауарлық материалдық қорында болмаса да, өткізу бойынша ЭШФ жазылғандығы анықталған.
«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «АСЭП» ЖШС арасындағы 2020 жылғы 12 маусымдағы №46 тауарларды жеткізу жалпы сомасы 1 210 996 теңге шарты жасалған. Алайда айналым сомасы ККС-сыз 1 210 996 теңгеге жазылған күні 2020 жылғы 17 шілде, мәміле жасалған күні 2020 жылғы 16 шілде №ESF110340010337-20200717-52615590 ЭШФ-ның 27.2 тармағында шарт нөмірі, күні жазылмай келісім шартсыз деп көрсетілген.
«Торговая компания-Asset» ЖШС мен «Торговый Дом Эколос» ЖШС арасында 2020 жылғы 4 шілдегі №81 тауарларды жеткізу жалпы сомасы 1 102 000 теңге шарты жасалған. Алайда айналым сомасы ККС-сыз 1 102 000 теңгеге жазылған күні 2020 жылғы 5 тамыз, мәміле жасалған күні 2020 жылғы 4 тамыз №ESF-110340010337-20200805-51643180 ЭШФ-ның 27.2 тармағында шарт нөмірі, күні жазылмай келісім шартсыз деп көрсетілген.
Яғни, ЭШФ ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту талаптары бұзылған.
Арыз берушінің жоғарыда аталған және өтінішхатта көрсеткен басқа уәждері кассациялық сот алқасының отырысында тексерілуге жатады. АПК-нің 444-бабының 1-бөлігінің 1)-тармақшасын басшылыққа алып, судья
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 31 қаңтардағы шешімін, Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 10 сәуірдегі қаулысын қайта қарау туралы өтінішхаты іспен бірге Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына қарау үшін берілсін. Қаулының көшірмесі іске қатысатын тұлғаларға жолдансын.
Судья Ғ.Ж.Мырзаке
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.