КСАД РК - Постановление от 13.10.2025 по делу 6003-25-00-4к/345 (Административное)

ҚАУЛЫ

2025 жылғы 13 қазан № 6003-25-00-4к/345 Астана қаласы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты құрамында:

төрағалық етуші– судья М.А.Тұганбаев,

судьялар – Л.Е.Каирбаева, Н.Е.Нуралыева болып,

талап қоюшы Р.Т. Балтабаевтың қатысуымен ашық сот отырысында

талап қоюшы Рустамбек Тураханович Балтабаевтың жауапкер Астана қаласының әкімдігіне бейбіт пикет өткізуден бас тарту туралы қаулыларын заңсыз деп танып бұзу туралы,

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешіміне, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 26 наурыздағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен келіп түскен әкімшілік істі қарап,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

Талап қоюшы Р.Т. Балтабаев сотқа Астана қаласының әкімдігіне бейбіт пикет өткізуден бас тарту туралы қаулыларын заңсыз деп танып бұзу туралы талап қоюымен жүгінген.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған.

Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Талап қоюшы кассациялық шағымында сот актілерімен келіспейтінін көрсетіп, олардың күшін жойып, талап қоюды толығымен қанағаттандыру туралы жаңа шешімді қабылдауды сұрады.

Кассациялық сот іс бойынша талап қоюшыны тыңдап, кассациялық шағымның уәждерін тексеріп, іс құжаттарын зерделеп, төмендегідей тұжырымға келеді.

ӘРПК-ның 169-бабына сай кассациялық шағым жасау және кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) қағидаларында айқындалады.

АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігіне сәйкес заңсыз сот актiсiн шығаруға әкеп соққан, осы Кодекстің 427-бабында көзделген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулi түрде бұзылуы сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негiз болып табылады.

Іс бойынша мұндай кемшіліктерге соттармен жол берілмеген.

Істің мән-жайы дауланған сот актілерінде толық көрсетілген.

Бірінші сатыдағы сот анықтаған істің мән-жайларына сәйкес, талап қоюшы Р.Т. Балтабаев «Қоғамдық қабылдау» порталы арқылы (eotinish.gov.kz) 2024 жылғы 14, 16, 23 және 31 қазанында Астана қаласының әкімдігіне 2024 жылғы 31 қазан – 1 қараша аралығында сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін, 2024 жылғы 6 және 7 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін, 2024 жылғы 14 және 15 қарашада сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, №4-үй мекенжайында орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимараттың алдында жеке пикет өткізу туралы хабарламалармен жүгінген.

Хабарламалар функционал бойынша «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) жіберілген.

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қазандағы №506-3177, 2024 жылғы 21 қазандағы №506-3218, 2024 жылғы 28 қазандағы №506-3271 және 2024 жылғы 4 қарашадағы №506-3377 қаулылардың негізінде талап қоюшыға «Қазмедиа орталығы» ғимараттың алдында жеке пикеттерді өткізуге рұқсат беруден бас тартылған.

Бас тартуға негіз ретінде 2024 жылғы 14 және 16 қазандағы хабарламаларында талап қоюшымен көрсетілген ақпарат толық берілмегендігі, ал қалған екі хабарлама бойынша жоспарланған мерзімде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда басқа мәдени-көпшілік, оның ішінде балалардың қатысуымен басқа шаралар өткізілуі жоспарланғанын екендігі көрсетілген.

Дауды шеше отырып және талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, бірінші және екінші сатыдағы соттар Қазақстан Республикасы Конституциясының 32-бабын, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 1, 4, 11, 14-баптарын басшылыққа ала отырып, өтініш беру нысанын сақтамауына, сондай-ақ сұралған күндерге басқа да іс-шаралар жоспарланғанына байланысты шығарылған әкімшілік актілердің заңдылығы туралы дұрыс тұжырымға келген. Кассациялық сатыдағы сот алдыңғы сатыдағы соттардың қорытындылары мен олардың құқықтық ұстанымдарының істің мән-жайларына және осы жағдайда қолданылатын салалық және іс жүргізу заңының нормаларына сәйкестігін тексере отырып, талап қоюшы Р.Т. Балтабаев шағымданған сот актілері заңды түрде шығарылды деп санайды, өйткені талап қоюшыға жеке ереуілден өткізуден бас тарта отырып, жауапкер өзіне берілген әкімшілік қалаудан асырмай заңмен белгіленген шектерінен асырмай және оның шегінде әрекет етті.

Осыған байланысты, жергілікті соттардың мәлімделген талаптарды толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы тұжырымдарымен кассациялық сот толығымен келісе отырып, ол іс материалдары мен құқық нормаларына сәйкес заңды және негізделген деп есептейді.

ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, кассациялық сот

ҚАУЛЫ ЕТТІ: Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы шешімі, Астана қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 наурыздағы қаулысы күшінде қалдырылсын.

Талап қоюшы Рустамбек Тураханович Балтабаевтың кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

М.Туғанбаев

Төрағалық етуші

Судьялар

Н.Нуралыева

Л. Каирбаева

⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.