Қ А У Л Ы
2025 жылғы 26 қараша №6003-25-00-2к/2710 Астана қаласы Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот, құрамында төрағалық етуші судья Ғ.Б.Бастаубаев, судьялар А.А.Бақытжанова, Ч.И. Майшибаев, талап қоюшының өкілі А.Н.Утешбаев, жауапкердің өкілі А.Г.Абдуллаева,
бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серектестігінің жауапкер «Шымкентцемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – ЖШС) берген жергілікті тазарту құрылғысын орнатуға мәжбүрлеу туралы талап қоюы және «Шымкентцемент» ЖШС-нің «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің техникалық шартын жарамсыз деп тану туралы қарсы талап қоюы бойынша электрондық азаматтық істі Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы қаулысына жауапкердің өкілінің келтірген кассациялық шағымымен қарап,
АПК-тің 451-бабының 2-бөлігінің 1) тармақшасын басшылыққа алып, сот
Қ А У Л Ы Е Т Т І:
Жауапкердің кассациялық шағым беру мерзімі қалпына келтірілсін.
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы шешімі және Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 26 ақпандағы қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын, жауапкердің өкілінің кассациялық шағымы қанағаттандырудан бас тартылсын.
Төрағалық етуші судья
Ғ.Бастаубаев
Судьялар
А.Бақытжанова
Ч.Майшибаев
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.