6003-25-00-2к/4796
Қ А У Л Ы
2026 жылғы 29 сәуір
Астана қаласы
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот құрамында: төрағалық етуші Ж.К. Рустембеков,
судьялар А.О.Тогумбетова, Л.Б.Мамырбаева, прокурор К[...],
аудармашы Т[...], талап қоюшының өкілі А[...], жауапкер «Қ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әріЖШС) өкілі Т[...] қатысуларымен, ашық сот отырысында талап қоюшы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің жауапкер «Қ[...]» ЖШС-не мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін меншік иесінен мәжбүрлеп алып қою туралы азаматтық істі жауапкердің Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 ақпандағы шешіміне және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы қаулысына берген кассациялық шағымы бойынша қарап, АНЫҚТАДЫ : Талап қоюшы жоғарыда көрсетілген талап қоюмен сотқа жүгінген. Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 ақпандағы шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылған.
Жауапкер «Қ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі Маңғыстау облысы, [...] орналасқан, нысаналы мақсаты тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, жалпы ауданы 132631,295 гектар жер учаскесі 2059 жылдың 21 сәуіріне дейін мерзімге жалға беру шартымен берілген, кадастрлық нөмірлері [...] (91591,5662 га), 13199-006-667 (28811,9068 га), [...] (10,0218 га), [...] (10,0218 га), [...] (4139,1942 га), [...] (19,9961 га), 13199-006-673 (8048,4216 га) оның ішінде игерілмеген көлемі 83635,295 га жер учаскескелері мәжбүрлеп алынған.
Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы қаулысымен қаулысымен аталған шешім өзгеріссіз қалдырылған.
Жауапкер кассациялық шағымында бірінші сатыдағы сот іс үшін маңызы бар мəн-жайлардың шеңберін дұрыс анықтамағанын, материалдық құқықтық нормалары бұзылғанын көрсетіп, сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім шығаруды сұраған
Кассациялық сатыда тараптар аталған дауды бітімгершілік тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, татуласу келісімін ұсынды. Келісімнің шарттары:
«Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММнің «Қ[...]» ЖШС-не жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбауына байланысты мәжбүрлеп алып қою туралы талап қоюдан бас тартады.
Тараптар істі қарау сәтінде «Қ[...]» ЖШС-де мынадай мал басы болғанымен келіседі:
– 1056 қой (әрқайсысына 3,6 га) — 3 801,6 га;
– 210 түйе (әрқайсысына 25,2 га) — 5929 га;
– 791 жылқы (әрқайсысына 21,6 га) — 17085,6 га; Жайылымдарға жалпы ең төменгі қажеттілік: 130 896 га.
Тараптар жауапкер келтірген мал шаруашылығы үшін қажетті алаңдар бойынша есеп-қисаптың рұқсат етілген нормативтерге сәйкес келетінін мойындайды.
Қосымша ретінде Тараптар 2025 жылғы 5 маусымдағы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ж[...] төрағалығымен өткен облыстық арнайы комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, «Қ[...]» ЖШС қызметіне ресми түрде оң баға берілгенін назарға алады. Комиссия тарапынан мыналар расталды: жерлердің нақты пайдаланылуы; мал басының болуы; аграрлық секторға салынған инвестициялар — 1,8 млрд теңге; жер пайдалану заңнамасын бұзу фактілерінің болмауы.
Жауапкер «Қ[...]» ЖШС талап қою талаптарын ішінара мойындайды және жалға алынған жерлер құрамынан жалпы ауданы 16 500 (он алты мың бес жүз) га болатын жер учаскелерін, шекаралары мен кадастрлық нөмірлері 1-Тараппен келісілген түрде, мемлекеттік меншікке ерікті түрде беруге міндеттенеді.
Көрсетілген жер учаскелерін беру жауапкердің өтініші және талап қоюшымен келісу негізінде, осы келісім сотпен бекітілген күннен бастап 60 күнтізбелік күннен және 28.06.2026 жылға дейін кешіктірілмей ерікті тәртіппен жүзеге асырылады.
Талап қоюшы өз кезегінде «Қ[...]» ЖШС-не тиесілі қалған жер учаскелеріне қатысты талап қою талаптарының қалған бөлігінен бас тартады.
Тараптар аталған бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады.
Тараптарға Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 175-178-баптарына, 277-бабының 5) тармақщасына, 278бабына сәйкес бітімгершілік тәртібімен реттеу туралы келісімге келудің, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді.
Бітімгершілік келісімнің шарттары заңға қайшы келмейді және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайды.
Мұндай жағдайда кассациялық сот тараптар арасында жасалған бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылуға жатады деп санайды.
АПК-нің 451-бабының 2-бөлігінің 6) тармақшасын, 452-бабын басшылыққа алып, сот
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2025 жылғы 5 ақпандағы шешімінің және Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 мамырдағы қаулысының күші жойылсын.
Талап қоюшы, «Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Б[...] (бұдан әрі «1-Тарап») және жауапкер, «Қ[...]» ЖШС-нің директоры К[...] арасында жасалған дауды бітімгершілік келісім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілсін.
«Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММнің «Қ[...]» ЖШС-не жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбауына байланысты мәжбүрлеп алып қою туралы талап қоюдан бас тартады.
Тараптар істі қарау сәтінде «Қ[...]» ЖШС-де мынадай мал басы болғанымен келіседі:
– 1056 қой (әрқайсысына 3,6 га) — 3 801,6 га;
– 210 түйе (әрқайсысына 25,2 га) — 5929 га;
– 791 жылқы (әрқайсысына 21,6 га) — 17085,6 га; Жайылымдарға жалпы ең төменгі қажеттілік: 130 896 га.
Тараптар жауапкер келтірген мал шаруашылығы үшін қажетті алаңдар бойынша есеп-қисаптың рұқсат етілген нормативтерге сәйкес келетінін мойындайды.
Қосымша ретінде Тараптар 2025 жылғы 5 маусымдағы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ж[...] төрағалығымен өткен облыстық арнайы комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, «Қ[...]» ЖШС қызметіне ресми түрде оң баға берілгенін назарға алады. Комиссия тарапынан мыналар расталды: жерлердің нақты пайдаланылуы; мал басының болуы; аграрлық секторға салынған инвестициялар — 1,8 млрд теңге; жер пайдалану заңнамасын бұзу фактілерінің болмауы.
Жауапкер «Қ[...]» ЖШС талап қою талаптарын ішінара мойындайды және жалға алынған жерлер құрамынан жалпы ауданы 16 500 (он алты мың бес жүз) га болатын жер учаскелерін, шекаралары мен кадастрлық нөмірлері 1-Тараппен келісілген түрде, мемлекеттік меншікке ерікті түрде беруге міндеттенеді.
Көрсетілген жер учаскелерін беру жауапкердің өтініші және талап қоюшымен келісу негізінде, осы келісім сотпен бекітілген күннен бастап 60
күнтізбелік күннен және 28.06.2026 жылға дейін кешіктірілмей ерікті тәртіппен жүзеге асырылады.
Талап қоюшы өз кезегінде «Қ[...]» ЖШС-не тиесілі қалған жер учаскелеріне қатысты талап қою талаптарының қалған бөлігінен бас тартады.
Осы бітімгершілік келісім бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, оның ішінде жер учаскелерін беру мерзімі бұзылған жағдайда, 1-Тарап міндеттемелерді мәжбүрлеп орындату туралы атқарушылық парақ беруге құқылы.
Осы келісімге қол қою арқылы Тараптар «Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ тарапынан «Қ[...]» ЖШСне нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбауына байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы өзара талаптардың жоқ екенін растайды, сондайақ осы мәселе бойынша болашақта қандай да бір талаптар қоймауға міндеттенеді.
Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтатудың салдары тараптарға түсіндірілді.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің» Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан 2025 жылы 18 қарашада «Қ[...]» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төлеген мемлекеттік баж 3440 (үш мың төрт жүз қырық) теңге қайтарылсын.
Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылсын.
Қаулы жарияланған күннен бастап заңды күшiне енедi.
Төрағалық етуші: Ж.К.Рустембеков
Судьялар: А.О.Тогумбетова Л.Б.Мамырбаева
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.