6001-24-00-6ап/3546
Қ А У Л Ы
2025 жылғы 14 мамыр Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы құрамында:
төрағалық етуші судья Г.Б.Дуйсенбаев,
судьялар Ш.Т.Даниярова, Г.К.Нұрбаев,
прокурор С[...] қатысуымен,
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында талап қоюшы «Қайнар Астық» өндірістік кооперативінің жауапкер «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шымкент қаласының әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөліміне атқарушылық құжатты орындау бойынша әрекеттерін заңсыз деп танып, 2024 жылғы 18 наурыздағы қаулының күшін жою туралы әкімшілік ісі бойынша,
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі шешіміне, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысына талап қоюшының кассациялық шағымымен түскен әкімшілік істі қарап,
АНЫҚТАҒАНЫ:
Талап қоюшы «Қайнар Астық» өндірістік кооперативі (бұдан әрі - ӨК) сотқа жоғарыда аталған талап қоюмен жүгініп, «ҚРӘМШҚӘДАҚОЖБАҚОБӘЗДТ2Ж1НҚДШҚМАӘС2Ж2ҚШТҚҚБТШҚСӘІЖСА2Ж3ҚҚБССШКҚТҚКШІБҚБЖАСССАККОКЖТҚҚТЖШШСТҚРЖСӘІЖСАӘСАОКҚРӘРПКӘӘ1БББСӘІҚАКОТХЖСОӨКБТІҚЗҚРЖССАТТКӘН1БСКШЖЖКССІЖТЕОБӨБҚРАПКӘАҚААН4БББСЗСАШӘСОК4БКМЖПҚНЕТБСАКТҚҚНБТІБМКОАІҚА2Ж2МОҚОМАЭСҰҚРКЖКМАЖКОҚОБД2Ж2ТСТҚС623ТА[...]» ӨКне және 2012 жылғы 28 тамыздағы № 2150034/12 санды төлем құжатына сәйкес «ҚЭП[...]» ЖШС-не 66 302 995 теңгені аудару туралы сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару жолымен мемлекет пайдасына өндірілсін деп шешім қабылданған.
Сот ұйғарымы 2013 жылғы 28 маусымда заңды күшіне еніп, атқару құжаты берілген.
Аталған сот ұйғарымы және атқару құжаты негізінде №10534-15-51/11 санды атқарушылық іс жүргізу өндірісі қозғалған.
Мемлекеттік сот орындаушы Б[...] 2017 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен атқару құжаты «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасының талабына сай орындаусыз сотқа кері қайтарылған.
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шымкент қаласының әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінің басшысы - аға мемлекеттік сот орындаушы М[...] 2024 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен аталған қаулының күші жойылған.
Заңның 10-бабының 4-тармағаына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою аумақтық бөлім басшысының - аға сот орындаушысының тиісті қаулысымен жүргізіледі. Мұндай жағдайда, жергілікті соттардың бөлім басшысы - аға мемлекеттік сот орындаушы М[...] мемлекеттік сот орындаушы Б[...] қаулысының күшін жою туралы даулы қаулыны өз өкілеттігі шегінде және заң шеңберінде қабылдаған деген тұжырымымен сот алқасы келіседі.
АПК-нің 452-бабының 1-бөлігіне сәйкес кассациялық сатыдағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық сатыдағы сот қаулысы үшiн белгiленген талаптарға сәйкес келуге тиiс.
Осы Кодекстің 426-бабының екінші бөлігіне сай жаңа дәлелдердің болмауына байланысты апелляциялық шағым, прокурордың өтінішхаты қанағаттандырусыз қалдырылған кезде қаулының уәждеу бөлігінде бірінші сатыдағы соттың шешіміне өзгерістер енгізу не оның күшін жою үшін осы Кодексте көзделген негіздердің жоқ екендігі ғана көрсетіледі.
Кассациялық шағым иесінің келтірген уәждеріне дауланған сот актілерінде тиісті құқықтық баға берілген, шағымда жаңа дәлелдер мен негіздемелер келтірілмеген.
Тараптың сот тұжырымымен келіспеуі заңды және істің мәнжайларына сәйкес келетін сот актілерін өзгертуге немесе олардың күшін жоюға негіз бола алмайды.
Мұндай жағдайда талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылуға жатады.
ӘРПК-нің 169-бабын және АПК-нің 451-бабы 2-бөлігінің 1)тармақшасын басшылыққа алып, сот алқасы
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 24 қыркүйектегі шешімі, Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 31 қазандағы қаулысы өзгеріссіз, талап қоюшының кассациялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.
Төрағалық етуші Г.Б.Дуйсенбаев Судьялар Ш.Т.Даниярова Г.К.Нұрбаев Көшірмесі дұрыс Судья Г.К.Нұрбаев
Көшірмесі дұрыс Судья
⚠️ Текст документа получен из открытой публикации на интернет-ресурсе Верховного Суда Республики Казахстан и приводится в ознакомительных целях.